Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МиИОУ( курсовой kz).docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
165.66 Кб
Скачать

5 Объектті басқару

5.1 Simulink пакетінің Statefiow ішкі жүйесі

Жүріс-тұрыстары сыртқы оқиғалардан (ситуациялардан) тәуелді болатын жүйелерді модельдеу оқиғалық немесе ситуациялық модельдеу деп аталады. MatLab жүйесінің Simulink пакетінде осындай модельдеу арнайы Stateflow кеңейту пакеті көмегімен жасалады. Statefiow пакетінде басқару жүйенің моделін жасау процесі әдетте келесі кезеңдерден тұрады:

  - басқарылатын объекттің жаңа моделін Simulink-те жасау немесе бар болатын моделді қолдану;

- Statefiow-да диаграмманы жасау;

- Statefiow блогына оқиғалар мен мәліметтер интерфейстерін қосу;

- моделді жөндеу;

- кодты генерациялау.

Statefiow пакетінің пайдаланушыға арналған SF-диаграмма деп аталатын графикалық диаграммаларды жасауға негізделген өзінің графикалық интерфейсі бар. Бұл диаграммалар мделденетін жүйенің жұмысын визуалды көріп отыруға мүмкіндік береді. Оған қол жеткзу үшін ағынды уақыттағы активті немесе пассивті болатын блоктар мен олар арасындағы кей-бір шарттар себептерінен пайда болатын көшулерді орнатып, жүйе жұмысының барлық кезеңдерін талқылау қажет. Stateflow құралдарына қол жеткізу Simulink пакетінің библиотекасының бөліктеріне қол жеткізуге ұқсас. Stateflow пакетінің библиотека терезесінде жалғыз Chart блогы бар, оны модель терезесінде мышка көмегімен орнатамыз. Осы блокта меню және құралдар панелін қолданып күйлерді, олар арасындағы байланыстарды бейнелеуге, айнымалыларды, қайта қосу шарттарын, және тағыда басқаруға қажетті элементтерді анықтауға болады.

Statefiow негізінде жүйені көрсетудің арнайы түрі – жүйе жағдайларының диаграммасы қолданылады. Күйлер диаграммасының негізгі элементтері – күй (state)  және көшу (transition).

  Әрбір күй оқиғалы-басқарылатын жүйенің жұмысының бір режимін бейнелейді. Егер де күйге келтіретін көшу шарты “ақиқат ” мәнін қабылдаса (яғни көшу жұмысқа қосылса) немесе бұл күй бастапқы болса, күй активті болады. Statefiow диаграммасында әр күйдің «анасы» бар, келісім бойыншаStatefiow диаграммасының өзі «ана» болып табылады. Графикалық бейнені жасау үшін, құралдар панелінен сәйкес батырманы таңдап, орнатылатын орынға мышка батырмасын басамыз. Күй активті болған кезде олар орындалатын әрекеттерді анықтайтын күйдің мәтіндік белгілері болады. Күйдің атауы бірінші еңгізіледі.

Екі күйді өзара байланыстыратын объект көшу деп аталады. Stateflow диаграммасында ол стрелкамен көрсетіледі, оның басы көз болатын күйде, ал соңы – адресат болатын күйде орнатылады. Көшуді сызу үшін мышканы көз болатын күйде орнатып, мышка батырмасын басып, пайда болған стрелканы адресат күйге дейін созамыз. Көшудің көшу шарттарын бейнелейтін және көшу кезде орындалатын белгілері бар. Белгі мәтінінің форматы:

                          Event [condition] {condition_action}/transition_action

мұнда

Event – көшуді бастайтын оқиғаны анықтайды; егер де оқиға аталмаған болса, көшу логикалық өрнегі орындалған кезде басталады; егер де көшуді бастайтын оқиғалар бірнеше болса, бір бірінен OR операторымен бөлініп, олардың барлығы аталады;

         - condition – ақиқат болып, көшуді бастайтын логикалық өрнек;

         - condition_action – көшу шарты ақиқат болғаннан кейін, бірақ көшудің өзі әлі ақиқат болып анықталмаған кезде (адресат-күй анықталмаған) орындалатын әрекет;

  - transition_action – алдында бейнеленген шарттардың барлығы ақиқат болғанда және адресат-күй анықталған болған кезде, орындалатын әрекетті анықтайды.

Сандық мәліметтерді сақтауға Stateflow диаграммасының графикалық емес объекттері - айнымалылар негізделген. Айнымалыларды иерархияның кез-келген денгейінде қолдануға болады. Айнымалылардың келесі түрлері бар: кірудегі; шығудағы: жергілікті; тұрақтылар; белгілі уақыт аралығында пайда болатын; Matlab жұмыс ортасында анықталған; Stateflow мен Simulink диаграммаларға сыртқы көздерінен еңгізілетін; Stateflow және Simulink диаграммаларлардан сыртқа берілетін.

  Stateflow блогында кірудегі немесе шығудағы айнымалыларды жасау үшін Stateflow диаграммасының терезесінде келесі меню таңдалынады:Add/Data/Input from Simulink (кірудегі айнымалыны жасау), Add/Data/Output to Simulink (шығудағы айнымалыны жасау) және Add/Data/Local (жергілікті айнымалыны жасау) және пайда болған Data диалогты терезесінде айнымалы аты мен басқада сипаттамаларын еңгізу керек.

 Диаграмманы басқаратын графикалық емес объекттер оқиғалар болып табылады. Stateflow диаграммасына қатысты оқиғалардың барлығы анықталған болуы керек. Оқиғалардың келесі түрлері бар: кірудегі; шығудағы: жергілікті; Stateflow мен Simulink диаграммаға сыртқы көздерінен еңгізілетін; Stateflow және Simulink диаграммалардан сыртқа берілетін.

   Stateflow блогында кірудегі немесе шығудағы оқиғаларды жасау үшін Stateflow диаграммасының терезесінде келесі меню таңдалынады: Add/ Event /Input from Simulink (кірудегі айнымалыны жасау), Add/Event /Output to Simulink (шығудағы айнымалыны жасау) және Add/Data/Local (жергілікті айнымалыны жасау) және пайда болған Event диалогты терезесінде айнымалы аты мен басқада сипаттамаларын еңгізу керек.