Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-6 Жулдыз Микро-макро арым .docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
47.18 Кб
Скачать
  1. Адам организмінің микроэкологиясына және жалпы микрбиота құрамына сипаттама беріңіз.

Адам денесіндегі микроэколо-гиясының тепетеңдігі туралы адамдардың танымы жет-кіліксіз, кленикалық ем қа- былдауда мөлшерден тыс, кең көлемде бактерияға қарсы дәрі- дәрмектерді пайда-лану микроэкологияның ауытқуына әкелуі жаңалық ем-ес.Мысалы: ішек жарғақшасының қабынуы, септицемия( шірік қан ауруы), ауруханалық өкпе қабынуы т.б. аурулар, олар ауру адамға, емханаларға, қоғамға әртүрлі дәрежеде зиян және ауырытпашылықтар әкеледі. Адамзаттың денсаулығын қорғау үшін тек сыртқы экология ортасының тепе-теңдңгі ғана емес, адам ішкі микроэколо- гиясыныңда тепе-теңді-гін сақтау қажет!

Қалыпты микробиотаның анықтамасы:

Адам денеснің дене сырты және сыртқы ортамен үздіксіз өзара байланыста болатын адам дене- сі қуыстарында(ауыз, мұрын қуысы, кеңрдекше, ішек, дәрет жолдары болатын микроорганизмдер қалыпты жағдайда қалыпты микробиота(normal microbiotia)немесе қалыпты флора (normal flora) деп атайды.Қалыпты микробиота қожайын организм дүнйеге келгеннен кейін денеге орнығып тіршілік ете бастайды, қожайын организмнің кем болса болмайтын бөлігіне айналады.

Қалыпты сауденелі ересек адамдарда мөлшерімен 1013 клеткадан тұрады, ал тұрақтанған микроорганизмдер саны 1014, көп мөлшерде ауыз қуысында, асқорту жолдарында, тыныс алу жолдарында, дәрет жолдарында кездеседі.

80%микробиота ішек жолдарында мекендейді, мөлшерімен 400-500 микроорганизмдердің түр бар. 1ɡ үлкен дәреттің құрамында 1011-1012 бактериялар бар

Қалыпты микробиотада ұқсамаған түрлер арасында, микроорганизмдер мен қожайын арасында, қалыпты микробиота мен қожайын және орта арасында өзара тепетеңдік қатынаста болады.

Қалыпты микробиотаның физиологиялық қызметі

  • Антагонистик қабілеті

  • Имундық қызметі

  • Қоректік қызметі( ішектегі кейбір микроорганизмдер адам дамуына қажетті витаминдер бөледі)

  • Уытсыздандыру қызметі

  • Ісік ауруына қарсы қызметі

  • Қартаюға қарсы қызметі

Адам организмінің бактериялар қоныстанған негізгі бөлімдері: тері жабыны; тыныс алу жолдары; асқазан-ішек жолдары; зәр шығару жүйесі. МО-дер болмайды:қанда; лимфада; синовиальды сұйықтық; жұлын сұйықтығы; ішкі мүшелер; плевральды қуыс.

Қалыпты микрофлора деп – дені сау индивидтердің белгілі бір денесінің аймақтарында қалыпты мөлшерде жиі кездесетін микроорганизмдердің жиынтығы.

Белгілі бір түрге тән микрофлора индигенді деп аталады. Оның біршама тұрақты бөлімін «облигатты», «факультативті» деп ажыратады.

Адам ағзасы мен жануарлардың микрофлорасы эволюциялық процесс кезінде микрофлора мен макроорганизмнің өзара байланысы нәтижесінде түзіледі. Ағзаның әр облысы үшін белгілі бір микрофлора тән. Жаңадан туылған нәресте стерильді, ал 6-10 сағаттан кейін оның ағзасынан бір қатар микробтар табуға болады.

Ауыз қуысының микрофлорасы

Ауыз қуысы көптеген микроорганизмдердің негізгі кіретін жолы негіздік реакция, тамақ қалдықтары және термостатта температура, осының бәрі олардың дамуына ықпал жасайды. Көптеп кездесетіндері: стрептококктар, стафилококктар, нейссериялар, вейлонеллалар, фузобактериялар, бактероидтар, лактобацилдер, спириллалар, вибриондар және дрожждар. Ауыз қуысында бактерияларға, оларды шайып шығаратын және құрамында антимикробтық заттардың жиынтығы болатын сілекей әсер етеді. Бактериялар ішінде жұтқыншақтың барлық микрофлорасының 60% құрайтын a-гемолитикалық стрептококкалар басым болып табылады. Сонымен қатар, төмендегілер кездеседі: бактероидтар, фузобактериялар, вейлонеллалар, актиномицеттер және т.б.; нейссериялар, патогенді емес кори-небактериялар, сүтқышқылды бактериялар, стафилококктар, спирохеталар; қарапайымдар (Entamoeba buccalis, Entamoeba dentalis, Trichomonas buccalis). Тұрақты тіршілік иелері тістің беті мен шырышты қабықшаның адгезиясына қабілетті. Микрофлора құрамы организмнің жай-күйіне, тағам құрамына және ауыз қуысының гигиенасына тікелей байланысты. Ауыз қуысы, оның шырышты қабаты және жақ-бет аймағының лимфатикалық аппараты адам ағзасының қоршаған ортамен қарым-қатынасында негізгі роль атқарады. Микробтар ас қорытуы мен витаминдер синтезіне қатысады және де кариесті түзетін органикалық қышқылдарды өндіреді, олар ағзаның иммундық жүйесіне күшті позитивті модульдеуші әсер етеді және сонымен бірге тіс бляшкасында адьюванттардың жиналуын қамтамасыз етеді. Олар патогенді флораның күшті антогонистері болып табылады және де инвазияға қабілетті ауыр ауруларды дамытады. Ауыз қуысында басым көпшілігі бактериялар болып табылады. Зерттеу нәтижелерінде адам ағзасында бактериялар саны 120-200-ге жетеді. Ауыз қуысындағы бактериялар саны асқазан-ішек жолдарындағындай. Сілекейдегі микроорганизмдер мл-де 4 млн-нан 8 млрд-қа дейін құрайды. Тіс налетында 10-нан 1000 млрд. Ауыз қуысы: Стрептококктар– Streptococcus salivarius.

Стафилококктар – S. aureus, S. epidermidis, сілекейдегі анаэробты коккалар. Haemophilus inffluenzae – көбінесе сау адамдарда. Облигатты анаэробты, споратүзбейтін анаэробтар (превотеллалар, порфиромонастар) Лактобактериялар, лептотрихиялар. Candida туысы саңырауқұлақтары.

Тыныс алатын ауадағы микророрганизмдердің көп бөлігі мұрын қуысында жинақталады. Тұрақты өкілдері: патогенді емес нейссериялар; стафилококктар; коринеформалы бактериялар; микрококкалар;лактобактериялар;бактероидтар;пептококкалар,пептострептококктар;стрептококктар.

Мұрын жолдары флорасына стафилококктар, микрококктар мен аэробты коринебактериялар, сонымен қатар мұрын жолдары арқылы өте көп мөлшерде ауа өтетін болғандықтан мұнда патогенді стафилококктар, дифтерия коринебактериялары, пневмококктар, нейссериялар және т.б. микроорганизмдер кездеседі.

Асқазан-ішек трактысының микрофлорасы

Көптеген зерттеушілердің айтуынша сау адамдардың асқазан микрофлорасы болмайды немесе өте аз мөлшерде кездеседі. Асқазанның микробсыз жағдайда болуының себебі, асқазан сөлі мен бактерицидті заттардың әсері деп түсіндіреді.

Ащы ішек пен тоқ ішектің «стерильді» немесе микроб жайлағаны жөнінде толық жауап жоқ.

Қолдағы анықтамалар бойынша, 12-елі ішекте микрофлора болмайды немесе онда кейбір сапрофиттер болуы мүмкін: энтерококктар мен лактобацилдер, біршама саңырауқұлақтар мен сарциналар.

Ащы ішектің дистальді бөлігінде микрофлора саны көбейе береді және оның спектрі де әртүрлі болады. Көптеген анаэробтар, ішекті және сүт қышқылы таяқшалары мен фекальді стрептококктар мен энтерококктар.

Әсіресе тоқ ішек пен үлкен дәрет микрофлораға өте бай және алуан түрлі. Адамның тоқ ішегінде орта есеппен 1,5 кг микроорганизмдер, ал 1г үлкен дәретте 250 млрд микроорганизмдер бар екендігіесептелінеді.

Ішек микрофлорасының микроорганизмдері 8-10 түрлі туыстар мен 60 шақты түрлер мен туыстарға жатады.

Облигатты ішек флорасына жататындарға: бифидобактериилер, бактероидтар, лактобактериилер, ішек таяқшалары мен энтерококктар жатады.

Бифидобактериилер жас нәрестенің тоқ ішегіндегі ана сутімен қоректенетін негізгі флорасы болып есептелінеді. Отандық ғалымдардың жұмысы, олардың адамдардың ағзасында доминатты мөлшерде кездесетінін анықтап көрсетті.

Факультативті ішек флорасының тобына патогенді және шартты-патогенді бактерия түрлері мен сапрофиттер жатады.

Мектеп жасындағы балалардың флорасы үлкен адамдардың флорасынан ешқандай ерекшеленбейді.

Емшектегі балалардың тоқ ішегінде бифидобактериилердің көбеюінен: аэробты ассоциацияның интенсивті көбеюі азаяды.

Жасанды тамақтануға ауысқандар аэробты флора мөлшері көбейіп, спектірі кеңейеді және белгілі мөлшерде биохимиялық активтілігі өзгереді. Бұл рН-тың өлшемі мен фекалиидің тотығу-тотықсыдану потенциалында айқындалады. Нәтижесінде фекальді флора, үлкен адамның флорасына ұқсас болып келеді. Ағзаның қартаюы, сүт қышқылы микробтарының азаюы мен ішек флорасының ферментативті жіберуімен гемолитикалық штамдардың пайда болуымен және кейбір микроорганизмдердің агрессия факторларымен қатар жүреді.

Теріге тән негізгі мекендеуші микроаэрофильдер Cor acnes, стафилококктар, дифтероидтар, және Candida туысына жататын саңырауқұлақтар. Тері жабынындағы микроорганизмдерге рН-ты қышқылдандыратын май бездері секреті мен тердің бактерицидтік факторлары әсер етеді. Мұндай жағдайларда едәуір тіршілік ететіндер:

  • Staphylococcus epidermidis;

  • пропионибактериялар;

  • бактероидтар;

  • микрококкалар;

  • пептострептококкалар;

  • ашытқытәрізді саңырауқұлақтар;

  • сарциналар;

  • коринеформалы микроорганизмдер;

  • Staphylococcus saprophyticus.

Терінің аса жарық түспейтін және кебуге ұшырамайтын бөліктерінде микроорганизмдер көптеп кездеседі. Көбінесе Staphylococcus epidermidis пен S.saprophyticus, саңырауқұлақтардан Candida, аздап дифтероидтар мен микрококктар болады. Тері жабынындағы колонизация аймақтары: эпидермис, терінің мүйізді қабаты, тері бездері, түкті фолликулалардың жоғарғы бөлімдері. Аэробты коринеформалы бактериялар Corynebacterium – қолтық асты, төс клеткасы, екі аяқтың арасы, мұрын терісі. Brevibacterium – қолда, аяқ табанында. Анаэробты коринеформалы Propionibacterium acnes – мұрынның екі жағында, үстінде (тері бездері). Гормондық өзгерістерде Аcne vulgaris пайда болады.

Коньюктив үшін біршама тән стафилококктар және аэробты коринебактериялар. Көз конъюктивінің микрофлорасы өте жұтаң. Жас сұйықтығындағы бактерицидтік қасиетке ие лизоцим көздің шырышты қабатындағы МО-дің біраз бөлігін жояды: коринебактериялар; стафилококктар. Олардың саны көп болмағанмен, олардың табиғи қорғанышы бәсеңдегенде түрлі қабыну үрдістері мен эндогенді инфекциялар туындайды.

Еркектер мен әйелдердің сыртқы жыныс органдарына тән: спирохеталар мен фузиформды бактериялар жатады. Зәр шығару жолдарының дистальді бөлігі аэробтармен, аз мөлшерде анаэробтармен байытылған. Катетермен алынған сау адамның зәрі қалыпты жағдайда стерильді. Несеп жыныс жолдары микрофлорасы сирек. Бүйрек, қуық пен ондағы несеп стерильді, ал уретраның төменгі бөлігінде кездеседі: пептококктар, пептострептококктар;бактероидтар, дифтероидтар;микобактериялар;стрептококктар, стафилококктар, фузобактериялар. Зәр шығару жолдарының дистальді бөлігі аэробтармен, аз мөлшерде анаэробтармен байытылған. Катетермен алынған сау адамның зәрі қалыпты жағдайда стерильді.

Жатырдың негізгі бактериялары болып лактобацилдер, Дарерляйна және дифтероидтар жатады.

Дені сау әйелдің жатыр қуысы көп процетте стерильді. Дені сау әйел адамның қынабында қышқыл рН ортасын түзетін, грамтеріс бактериялар мен стафилококктар, дифтероидтардың өсуін тежейтін сүт қышқыл Додерлеин таяқшалары (лактобактериялар) өседі. Бір жағынан микробтардың және екінші жағынан гарднеллалар мен анаэробтармен баланс құрайды. Қыз балаларда туылғаннан 12-24 сағаттан кейін қынап микрофлорасы қалыптаса бастайды және ол анасынан берілген сүтқышқылды бактериялардан тұрады. Кейін микробиоценозға қосылады: бифидобактерия; бактероид; энтерококктар; стрептококктар; стафилококктар; коринебактериялар және т.б.

Гнотобиология – медицина мен биологияның қосылған жері. Бұл жер қалыпты микрофлораның жануарлар мен адам ағзасында физиологиялық және патологиялық жағдайдағы маңызын зерттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]