Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамены.docx
Скачиваний:
140
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
144.71 Кб
Скачать

27. Инновациялық оқыту әдістерің сипаттаңыз.

«Білім берудегі инновациялық үдерістер» деген тақырып дидактика бөлімінде жақында пайда болды. Соңғы жылдары орта білім беру жүйесі оқытудың ұйымдастырушылық формалары мен әдістерін, мазмұнын, инновациялық бағдарламалар мен жобаларын жаңашаландыру үрдісімен ерекшеленуде. Сондықтан бүгінгі таңдағы педагог енгізіліп отырған инновация мәні, принциптері, енгізілу жүйесі туралы білуі, олардың түрлерін (әдістемелік, ұйымдастырушылық, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік, заңды) ажырата білуі қажет. Осы аспектілердің барлығын дәріс сабақтарында шолу түрінде оқып шығу керек.

Мақсаты – білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістер мәнімен танысу. Студенттер білім беру жүйесіндегі инновация мәселесі күрделі екендігін, оның негізінде философиялық, әлеуметтік, экономика-құқықтық, мәдени-тарихи аспектілер жатқандығы білуі тиіс. Білім беру жүйесінде «инновация» ұғымы кең және тар мағыналарында қолданылады. Кең мағынасындағы инновация дегеніміз іс-әрекеттің жаңа түрлері мен жаңа білім негізінде пәнде болатын өзгерістерді білдіретін үдеріс. Тар мағынасында инновация жүйенің жекелеген қырлары мен қасиеттерін арттыратын қайта құру немесе жаңашаландыру деп түсіндіріледі.

Студенттердің инновацияның тамыры тереңге жайылған дәстүрлер аясында пайда болатынын және де шығармашылық іс-әрекет нәтижесі болатынын білулері өте маңызды. Біз ғалымдардың мынандай пікіріне қосыламыз: «Білім беру инертті (салғырт, селсоқ), педагогикалық инновациялар қоғамда олардың білім беру саясаты мен тәжірибесінің аренасына шығуға шақ қалған уақытта пісіп жетіледі. Олар қоғамның және білім берудің дамуындағы бұған дейін өткен амалдармен дайындалады. Өзгерістердің жаңашылдығы тек қатысты түрде ғана, өйткені бұрынғы болғандармен жаңа позиция тұрғысынан қайта қаралған олардың арасындағы сабақтастық байқалады. Білім берудегі инновациялар өзгірске түсіп отырады, мысалы, дәстүрлі қалыптасқан амалдар бар, оған баламалар табылып, өзгеріс пайда болады: «бұл болған және бар» және «жаңа», арасында тербеліс туындап, «ескірген естеліктер» болады, бірақ жаңа контекстік мағынаға ие болады»

Студенттер инновациялық жүйе мен инновациялық үдеріс арасындағы айырмашылықты білулері тиіс. Инновациялық жүйе – бұл қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын, ертеде осы жүйені құрайтын бөліктерге тән емес болып келетін және өнімді (материалды және рухани) өзгерістерге түсіретін кешенді басқарушылық үдерістер.

Инновациялық үдеріс дегеніміз педагогикалық қауымдастықтың педагогикалық жаңашылдықты құру, қабылдау, бағалау, игеру және қолдануды басқаратын үдеріс.

Тақырыпты студенттерге иллюстративті материалды пайдаланумен өткізілетін ақпарат-дәрісі түрінде ұсынуға болады.

Семинар сабақтарын инновациялық үлгідегі мектептерде (авторлық мектептерде) немесе өздерінің авторлық бағдарламаларымен жұмыс істейтін мұғалімдерді шақыру арқылы «шығармашылық қонақ бөлме» түрінде ұйымдастыруға болады. СӨЖ үшін ұсынылатын топтық тапсырмалар:

1) Оқушылардың лицейлердегі, гимназиялардағы (авторлық мектептердегі) ғылыми ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесімен танысу.

2) Жаңа типтегі мектептердің, атап айтсақ, бірінші Президент Н.Ә. Назарбаев атындағы интеллектуалды мектеп, «Нұрорда» халықаралық қазақ-түрік лицейі, Вальдорф мектебі және т.б. мектептеріндегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыру тәжірибесімен танысу.