Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аграрка2233.docx
Скачиваний:
80
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.99 Кб
Скачать

19. Қазақстан Республикасындағы сектордың дамуы және оған кездесетін кедергілерді шешу жолдары.

Қазіргі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға қалыптастыру және нарықтық қатынастарды орнықтыру мәселелері оның барысындағы қиыншылықтар өзекті проблемалардың бірі болып саналады. Әйтсе де зерттеулердің басым көпшілігі экономика – ғылыми мәселелері бойынша жарық көрді өйткені, ауыл дағдарысының себептері мен мәнін экономикалық негізінде түсіндірілетіні белгілі. Осыған байланысты, 90 жылдардың басында және қазіргі кезде, “Ауыл шаруашылығының әлеуметтік экономикалық мәселелері жөнінде, экономист зерттеушілер, әлеумет-танушылар көп еңбектер жазып, өздерінің пікірлерін, ұсыныстарын, сынды қөзқарастарын жазды. Зерттеу жұмысындағы “Қазақстандағы ауылдың дамуы” мәселелер мен келешек мүмкіндіктері деп аталатын есеп – республиканың ауыл аймақтарының 1991 жылғы дамуын тек ауыл шаруашылығының дамуы тұрғысынан емес, ауылдағы адам қатынастарының бүкіл кешені тұрғысынан қарастырған. Мемлекеттік статистика мәліметтері бойынша, ел халқының жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұрып жатыр. Ауыл дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің талдауы экономикалық даму қарқындары мен адам дамуы деңгейі арасындағы тығыз өзара байланыс есеп қортындылары тезисті статистикалық көрсеткіштер көрнекі дәлелдейді. Сонымен қатар зерттеу жұмысында Елбасы Н.А. Назарбаев, академик М. Қозыбаев, ғалым-экономистер М. Расулов, Ғ. Калиев, мемлекет қайраткері: Д.А. Қонаевтың ой толғау еңбектері, естеліктері, талдаулары, ғылыми еңбектері ерекше назар аудартады. Олар өз еңбектерінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында болған саяси әлеуметтік экономикалық өзгерістер, кездескен қиындықтар мен қателіктер, қазіргі таңдағы қиындықтардың басты себептері, проблемалары жан-жақты талданған. Қазақстан ауыл шаруашылығында нарықты экономиканы қалыптастыру және орнықтыру мәселелері әр уақыттарда Премьер-Министр, ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарған А. Есімов, Б.Тұрсынбаев, Ж. Кәрібжанов, С. Терещенко тәрізді азаматтардың сөйлеген сөздерінде, олармен журналистер қауымының арнайы сұхбаттары кезінде айтылды. Нарыққа өтпелі кезеңдегі ауыл проблемасын шешу үшін жергілікті табиғи-географиялық, әлеуметтік, демографиялық, экономикалық ерекшеліктерді басты назарға ала отырып, аграрлық саладағы дағдарыс себептерін аталған азаматтар әрине толық ашпаса да, олар негізінен дағдарыстан шығу жолдарын көрсетуге баса назар аудартады.

20. Қазақстандағы 2020 жылға дейінгі агробизнесті дамыту мәселелері.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы төрт бағытта жүзеге асырылады: қаржылық сауықтыру, АӨК субъектілері үшін тауардың, жұмыс пен көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттыру, АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамыту, АӨК мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру. Қаржылық сауықтыру жобалар мен несиелерді қаржыландыру, қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушелердің алған несиесінің қарызын жабу үшін қаржыландыру жолымен жүргізіледі. Осылайша, мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелік жүктемелерін азайтып, банкрот болудан сақтаудың мүмкіндіктерін жасайды. «АӨК субъектілері үшін тауардың, жұмыс пен көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттыру» бағыты бойынша, агроөнеркәсіп субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетудің бұрынғы және жаңа тетіктері арқылы тауарлардың, жұмыстың, қаржылық, білім беру және консультациядық қызмет көрсетудің экономикалық қолжетімділігін арттыру міндеті қойылған. АӨК субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа тетіктеріне: АӨК басым инвестициялық жобаларын инвестициялық субсидиялау; АӨК субъектілерін сақтандыру және қаржы институттары алдында заемдарына кепіл болу; берілген кредит мөлшерлемелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (қаржылық қызмет) жатады. Сондай-ақ, өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қамтамасыз ету салаларын субсидиялау жұмыстары жалғасуда. Өз кезегінде, «АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамыту» бағыты шеңберінде фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздікті дамыту жоспарлануда . Бұдан басқа, АӨК мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету, АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын мемлекеттік сынақтан өткізудің тиімділігін арттыру жүзеге асырылады. Сондай-ақ, міндеттер қатарында - АӨК субъектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамыту, ауыл шаруашылығын техникалық реттеу жүйесін дамыту, АӨК мемлкеттік бақылау мен қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығының органикалық өнімдерін өндіруді және оның айналымын дамытуға жағдай жасауды атауға болады.