
- •Мазмұны
- •Көптеген компьютерлердің құрылу негізі Джон фон Нейман (1949 ж.) қағидасына негізделіп құрылған.
- •Дербес компьютердің құрылымдық схемасы
- •№4 Зертханалық жұмыс
- •№5 Зертханалық жұмыс
- •Операциялық жүйе дегеніміз не? Оның қызметтері.
- •№6 Зертханалық жұмыс
- •№7 Зертханалық жұмыс
- •1. Paint графиктік редакторы
- •2. Векторлық графикті әзірлеуші Corel Draw бағдарламасы
- •3. Растрлі графикті әзірлеуші Adobe Photoshop бағдарламасы
- •Шрифт типін анықтайтын форматтау параметрлерін атап шығыңыз?
Операциялық жүйе дегеніміз не? Оның қызметтері.
Операциялық жүйе қандай бағдарламалық қамтамасыздандыруға жатады?
Файл, файлдың құрылысы, файлдық құрылым.
Файлдық жүйе дегеніміз не?
Файлдық жүйені көруге болатын бағдарламаларды атаңыз.
Total Commander-да бір панелден екінші панелге көшу қалай атқарылады?
Total Commander-да жаңа каталог және жаңа файл қалай құрылады?
Total Commander-да файлдарды/каталогтарды бір дискіден екінші дискіге көшіру немесе бір дискі ішінде басқа орынға көшіру қалай орындалады?
Total Commander -да файлды немесе файлдар тобын іздеуді қалай жүзеге асырады?
Total Commander-да файлдың/каталогтың атын өзгерту (ауыстыру) қалай орындалады?
Total Commander-да каталогтар ағашын қалай көруге болады?
Total Commander-да файлдар тобын белгілеу түрлерін атаңыз.
Әдебиеттер:
Таненбаум Э. Современные операционные системы. – СПб.: Питер, 2006.
Могилев А.В. Информатика: Учеб. пособие для студ. пед. вузов. - М.: Издательский центр «Академия», 2003.
Попов В.Б. Основы компьютерных технологий. – М.: Финансы и статистика, 2002.
Симонович С.В. Информатика. –СПб, 2004.
Столингс У. Операционные системы. Внутреннее устройство и принципы проектирования. - М.: Вильямс, 2002.
№6 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Интернет. Негізгі түсініктер (сайт, IP-адрес, порт, сокет, сервер, клиент)
Жұмыстың мақсаты: Интернетте жұмыс істеу дағдыларын үйрену, Интернеттегі адрестер және негізгі қызметтер туралы ұғымдармен танысу.
Теориядан қысқаша мағлұматтар
Интернет (internet) - бұл ТСР/ІР бірыңғай хаттамалар жиынтығы, байланыс үшін қолданылатын бүкіләлемдік желілердің, шлюздердің, серверлердің және клиент компьютерлерінің бірігуі.
Хаттама – бұл әртүрлі бағдарламалар арасындағы деректермен алмасуды анықтайтын келісімдер жиынтығы.
Желіге жалғанған компьютерлердің жұмыс істеу ережесін желілік хаттамалар белгілейді. Олар көп деңгейлі принцип бойынша құралады. Қазіргі уақытта желілік хаттамалар үшін OSI моделі қолданылады.
OSI моделі – бұл желі жұмысының жеті деңгейлік логикалық моделі.
Физикалық деңгейде бұл моделмен байланыс желісінің физикалық (механикалық, электрлік, оптикалық) сипаттамасы анықталады.
Каналдық деңгейде желі торабының деңгейін физикалық қолдану ережесі анықталады.
Желілік деңгей адреске және хабарламаларды жеткізуге жауап береді.
Транспорттық деңгей хабарлама компонентінің кезекпен өтуін бақылайды.
Сеанс деңгейінің қызметі - әртүрлі жұмыс станцияларында жұмыс істейтін екі қолданбалы бағдарламалардың арасындағы байланысты басқару.
Ұсыну деңгейі берілгендерді компьютердің ішкі форматынан беру форматына түрлендіру үшін қызмет етеді. Қолданбалы бағдарлама мен басқа деңгейлердің арасында қолданбалы деңгей шекаралық болып табылады.
Қолданбалы деңгей қолданушының желілік бағдарламалармен байланысының қолайлы интерфейсін қамтамасыз етеді.
TCP/IP хаттамасы – бұл Интернетте байланыстың негізі болып табылатын төменгі деңгейдегі екі хаттама. TCP хаттамасы (Transmission Control Protocol) жіберілетін ақпаратты бөліктерге бөледі және барлық бөлікті нөмірлейді. IP (Internet Protocol) хаттамасы көмегімен барлық бөліктер алушыға беріледі. Барлық бөліктер алынғандығын TCP хаттамасы арқылы тексереді. Барлық бөлік алған соң, TCP оларды өз орындарына қойып, біртұтас етіп жинайды.
TCP/IP желісінің әрбір компьютері үш деңгейлі адреске ие:
физикалық (MAC-адрес);
желілік (IP-адрес);
символдық (DNS-атауы).
Локальды МАС-адрес жүйесіне енетін компьютерлер үшін – бұл желілік адаптердің адресі немесе маршрутизатор порты, мысалы, 11-А0-17-3D-BC-01. Бұл адрестер жабдықтарды өндірушілермен бекітіледі және орталықтан басқарылатындықтан бірегей адрес болып табылады.
IP-адрес - бұл мысалы, 109.26.17.100 түріндегі тетрадамен жазылатын бірегей идентификатор. Бұл нөмір компьютерге тұрақты түрде немесе динамикалық түрде бекітілуі мүмкін, яғни қолданушы провайдермен қосылғанда, кез келген уақытта Интернетте IP-адрестері бірдей екі компьютер болмайды. Бұл адрес желілік деңгейде қолданылады.
Символдық адрес немесе DNS-атауы администратормен бекітіледі және бірнеше бөліктен тұрады, мысалы, машинаның атынан, мекеменің атынан, домен атынан SERV1.IBM.COM. Мұндай адрес қолданбалы деңгейде қолданылады. Мысалы, Тelnet немесе FTP хаттамаларында.
IР-адрес компьютерді нақты сәйкестендіреді, бірақ бұл жеткілікті емес. Электронды поштаны, файлдарды, гипермәтіндік ақпаратты т.б. беруді қамтамасыз ететін Internet-тің әрбір байланысында әртүрлі қызметтері жүктелуі мүмкін. Әр қызмет өзінің жұмысында сол немесе басқа қолданбалы деңгей хаттамасын қолданады. Файлдарды жіберу қызметін FTP - (File Transfer Protocol) хаттамасы, web-парақтарды жіберу қызметін - HTTP (HyperText Transfer Protocol) гипермәтін ақпаратын жіберу хаттамасы, электронды поштамен жұмыс жасау үшін - SMTP, POP3, IMAP және т.б. хаттамалар атқарады.
0-ден 65534-ке дейінгі сандардан тұратын әрбір қызметке жеке порт жүргізілген. Көп қолданылатын қызметтерге порттардың стандартты нөмірлері резервтелген. Сондықтан FTP үшін бұл 21, HTTP үшін 80, SMTP - 25, POP3 - 110.
Сондықтан, желіге қосқанда TCP-дағы кез келген байланыс арнасы екі мәнмен анықталады: ЭЕМ-ның IP-адресімен және порт нөмірімен. Бұл комбинация сокет деп аталады (абоненттік нүктенің соңы).
Интернетте ақпаратқа қол жеткізу (қажет Web-парақты іздеу үшін) үшін домендік атаулар ғана емес, URL (Universal Resource Locator) ресурстардың көрсеткіштері қолданылады.
WWW (World Wide Web – бүкіләлемдік тор) – бұл HTML тілі және http хаттамасы қолданылатын, Интернеттің әртүрлі ресурстарына - құжаттарына, графикаға, аудио және видео жазбаларға рұқсат беруді жүзеге асыратын қызмет.
Іздеу жүйесі – бұл Интернет ресурстарын автоматты түрде қарайтын, олар таба алатын және олардың мазмұнын индекстейтін күшті компьютерлердің және бағдарламалардың комплексі.
Интернет желісіндегі сервер – бұл желідегі қолданушыларды қамтамасыз ететін компьютер: дисктерге, файлдарға, принтерге, электронды поштаға еркін енуді бөліседі. Негізінде сервер – аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырудың жиынтығы.
Сервердің қызметіне қол жеткізе алатын кез келген компьютерді желінің клиенті немесе жұмыс парағы деп атайды.
Сайт – Интернеттегі бір-бірімен сілтемелер арқылы байланысқан құжаттар жиынтығы.
Шлюз (gateway) - бұл компьютер немесе арнайы бағдарламалық қамтамазыздандыруларымен компьютерлер жүйесі. Ол әртүрлі хаттамалармен екі желімен байланысуға мүмкіндік береді.
Провайдер (ISP -Internet Service Provider) – бұл Интернет желісіне қосылуға мүмкіндік беретін, Интернет қызметімен қамтамасыз етуші мекеме. Провайдер жергілікті немесе ұлттық болуы мүмкін. Ол қажетті бағдарламалық қамтамасыздандырулармен қамтамасыз етеді. Электронды поштаның адресін және Интернеттің басқа мүмкіндіктеріне қол жеткізуді жүзеге асырады. Интернет қызметі ақылы болады.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма: Теориялық мәліметтермен, әр тегтің атқаратын қызметімен танысу.
HTML құжаты негізгі мәтіннен және белгілеу тегтерінен тұрады. HTML құжаты – ол кеңейтілу аты .htm болатын әдеттегі мәтіндік файл. Оны құру үшін кез келген мәтіндік редакторды қолдануға болады. Ал құрылған Web – парақтың нәтижесін көру үшін Microsoft Internet Explorer браузері қолданылады.
HTML файлының анықтамасы. Кез келген HTML-құжатында орналасатын ең бірінші тэг – бұл <HTML>... </HTML>. Бұл тэг арқылы біз құжатта HTML-мәтіні бар екендігін білеміз. Барлық жазылып отырған құжаттағы мәліметтер осы тэгтардың ішінде орналасуы қажет.
< HTML >
...
Құжат мәтіні
...
</HTML >
Сіздің құжатта шынымен HTML-командалары бар екендігін білдірдіңіз. Құжат негізі екі бөліктен: "тақырыбынан" және "құжат денесінен" тұрады.
Тақырып анықтамасы. Құжаттың тақырыбы <HEAD> … </HEAD> тэгтарының ішінде орналасады.
< HTML >
<HEAD>
…
Құжаттың тақырыбы
...
</HEAD>
Құжат мәтіні
</ HTML >
Тақырып жолындағы құжаттың “атын” көрсетіп кетуге болады. Ол үшін <TITLE> … </TITLE> тэгтарын қолданамыз. Браузер бұл тэгті құжаттың “аты” ретінде бейнелейді. Бұл тэгты қолдану мысалы:
< HTML >
<HEAD>
<TITLE> Құжаттың атауы </TITLE>
</HEAD>
Құжат мәтіні
</ HTML >
Құжат денесінің анықтамасы. Қалған HTML-құжат, яғни қалған барлық мәтін <BODY>…</BODY> тэгінің ішінде орналасады. Сонда біздің құжат жалпы алғанда мына түрде болады:
< HTML >
<HEAD>
<TITLE> Құжаттың атауы </TITLE>
</HEAD>
<BODY>
Құжат мәтіні
</BODY>
</ HTML >
Жолдың тасымалдауын орындайтын және жаңа абзацтың басталуын беретін арнайы командалар бар.
<BR> - тегі мәтінді келесі жолға көшіреді. <P> жаңа абзацты береді. Бұл 2 тэг бірэлементті болып табылады.
Мәтін үзінділерін ерекшелеу. Мәтін үзінділерін ерекшелеу тэгтері жеке символдар мен сөздердің бейнелеуін басқаруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта үш түрлі тэгтар қолданылады:
<B>…</B> - жартылай қалың қарамен ерекшелеу (полужирный)
<I>…</I> - курсивпен ерекшелеу
<U>…</U>-астын сызу арқылы ерекшелеу
Құрама ерекшелеу қолданылуы мүмкін. Мысалы, <I> <B> Сейсенбіге арналған </B> </I> <I> сабақ </I> <U> кестесі </U> деп өзгерту енгізіңіз.
Бірақ бұл жағдайда құрама тэгтардың жазылу ережесін есте сақтау керек.
<1-тэг> <2-тэг>...</ 2-тэг> </ 1-тэг> - дұрыс жазу
<1-тэг> <2-тэг>...</1-тэг> </2-тэг> - қате жазу.
Символ өлшемдерінің берілуі. Браузер арқылы бейнеленген мәтінді басқарудың 2 тәсілі бар.
Тақырып стилін қолдану;
Негізгі құжат шрифтінің өлшемін беру немесе ағымдағы шрифтінің өлшемін беру;
Тақырып стилін қолдану. Мұнда 6-тақырып тэгі қолданылады (<H1>-ден <H6>-ға дейінгі). Әрбір тэгке браузер параметрлерінің берілген нақты стильі сәйкес келеді.
Ағымдағы шрифтінің өлшемін беру. <FONT> шрифтік тэгі 1-ден 7-ге дейінгі диапазонда мәтіннің кез келген жерінде ағымдағы шрифтінің өлшемін беруге мүмкіндік береді.
Гарнитура мен шрифт түсі. <FONT> тэгі гарнитура пішіні мен мәтін түсін өзгерту мүмкіндіктерін береді. Шрифт гарнитурасын өзгерту қарапайым <FONT> тэгіне FACE атрибутын қосу арқылы жүзеге асады. Мысалы, мәтінді Arial шрифтімен жазу үшін <FONT FACE = “ARIAL”> деп жазу керек.
Шрифт түсін өзгерту үшін <FONT> тэгінде COLOR = “X” атрибутын қолдануға болады. Х-тің орнына түстің атын (тырнақшада) қоямыз немесе 16-лық мәндегі сандар жиынтығын жазамыз. Түсті 16-лық сандармен беру үшін, бұл түсті әрқайсысы 0-ден FF-қа дейінгі мәнге ие болатын жіктелген үш құрамға бөліп көрсетуге болады: қызыл (R-Red), жасыл (G-Green), көк (B-Blue). Бұл жағдайда біз RGB деп аталатын форматпен жұмыс істейтін боламыз.
Мәтінді теңестіру. HTML-тэгтарының көмегімен абзацтың орналасуын басқаруға болады.
Қазіргі браузерлер ALIGN=: мәтінді теңестіру атрибутын қолданады.
ALIGN = CENTER – центрі бойынша теңестіру.
ALIGN = RIGHT- оң шеті бойынша теңестіру.
ALIGN = LEFT – сол шеті бойынша теңестіру.
Мәтін мен фон түсін беру. Фон мен мәтін түсін бейнелегенде браузерлер үнсіз келісім бойынша қалыптасқан түстерді пайдаланады. Олар браузер күйінің параметрлерімен беріледі. Егер сіз басқа түс бергіңіз келсе, онда оны HTML-файлының басында <BODY> тэгінде беріп кету керек.
BGCOLOR атрибуты= парақ фонының түсін анықтайды, TEXT= барлық парақтағы мәтін түсін береді, LINK = және VLINK = сәйкесінше қарастырылған және қарастырылмаған сілтемелердің түсін анықтайды.
Web-парақта графиканы орналастыру. <IMG> тэгі құжатқа бейне енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бейне құжаттың тэг орналасқан жерінде пайда болады. Берілген тэг бір элементті.
Web-те графиканы 3 форматта беруге болады: GIF, JPG, PNG. Мысалы, WAGON.gif атымен берілген суретті орналастыру үшін былай жазамыз:
<IMG SRC =“ WAGON.gif”>
<IMG> тэгінде көптеген атрибуттар бар, оларға төменде көрсетілгендей қосымша жұмыстар жүктеуге болады. Олар IMG кодынан кейін тэгтің кез келген жерінде орын алады.
SRC – ең міндетті параметр. Суреті бар файлдың мекен-жайын (URL) көрсетеді.
HEIDHT және WIDHT – сәйкесінше суреттің биіктігі мен ұзындығын анықтайды. Егер берілген өлшемдер нақты өлшемнен өзгеше болса, онда сурет масштабталады (кейде көрнекті сапасын жоғалтады).
HSPACE және VSPACE – бұлар суреттің құжат объектілерінен көлденең және тігінен қанша шегіністе орналасқанын анықтайды.
ALIGN – міндетті параметр. Құжаттағы суреттің туралануын береді. Келесідегідей мәндерге ие болады:
left – суретті құжаттың сол шетінен туралайды. Оған қатысты мәтін оң жағынан көрінеді.
right – суреттегі құжаттың оң шетінен туралайды. Оған қатысы мәтін сол жағынан көрінеді.
top және textop – суреттің жоғарғы жиегіндегі мәтін жолының ағымдағы жоғарғы сызығын туралайды.
middle – қазіргі ағымдағы мәтін жолының базалық сызығы сурет центрмен тураланады.
аbsmiddle –ағымдағы мәтін жолының центрін сурет центрмен туралайды.
botton және baseline –ағымдағы мәтін жолының базалық сызығы мен суреттің төменгі жиегін туралайды.
absbottom – суреттің төменгі жиегін ағымдағы мәтін жолының төменгі жиегімен туралайды.
NAME – Осы құжатқа арналған суреттің атын анықтайды. Сіз кез келген атты бос жол қалдырмай латын символдары мен цифрлары арқылы бере аласыз. Егер сіз суретке жету жолын, мысалы, Iava-Script-сценарийлері жолдарынан жүзеге асырсаңыз атау керек болады.
ALT – егер браузер керекті суреті бар файлды таба алмаса немесе мәтіндік ережеге қосылмаса, суретті сол жерде браузер бейнеленген мәтінді анықтайды.
BORDER – суреттің айналасындағы рамканың ұзындығын пикселдерде анықтайды. Егер сурет гипермәнді сілтеу болса ғана рамка шыға келеді. Бұндай жағдайда BORDER мәні нольге тең.
LOW SCR – бұл SRC параметріндегі берілген суреттен сапасы да, көлемі де төмен суреті бар файлдың мекен-жайын (URL) береді. Бұл параметрді қолдаушы браузерлер бірінші LOW SRC-ден сурет жүктейді, сосын оны SRC-тегі суретпен алмастырады.
USEMAP – МАР элементімен берілген навигациялық картаны (image map) суретке қолданады. Мағына ретінде картаның алдында торшасы бар атымен беріледі. Мысалы, карта аты – “map1” болса, онда оған қатысты сілтеме мынадай болады: “#map1”. Бұл жерде назар аударатын мәселе - кіші және бас әріптерді браузерлер әртүрлі әріп ретінде қабылдайды.
ISMAP – Сервер өңдейтін навигациялық карта (image map) ретінде суретті анықтайды. Сурет гиперсілтеме болған кезде қолданылады. Тышқанмен шақыру кезінде серверге басылған x, y – координаталары жіберіледі. Алынған координаталарға байланысты сервер (егер сәйкес программалық қамтамасыз етілсе) сізге кез келген құжатты көрсете алады.
1-мысал: Құжатқа суретті қою.
<IMG src="img/picture.gif" WIDTH="45" HEIGHT="53" ALT="Рысь" HSPACE="10" ALIGN="left">
Бұл мысалда мәтін суреттің оң жағынан көрінеді және суреттен 10 пиксель қашықтықта орналасады.
2-мысал: Суретті гиперсілтеме түрінде қолдану.
<A HREF="carlson.html">
<IMG src="img/button.jpg" WIDTH="70" HEIGHT="30" ALIGN="right" BORDER="0" ALT="Досье Карлсона"> </A>
Досьені қарап шығу үшін оң жақ батырмасын басыңыз.
3-мысал: ISMAP-ты қолдану.
<A HREF="http://www.igf.ru/bin/imagemaps/map1">
<IMG SRC="map.gif" ISMAP></A>
4-мысал: USEMAP-ты қолдану.
<IMG src="img/buttons.jpg" WIDTH="170" HEIGHT="120" ALIGN="middle" BORDER="0" USEMAP="#ButtonsMap">
Ескерту. Әрқашан графикалық файлдың пішініне (көлемі байтпен) назар аударыңыз, себебі ол Web-парақтың жүктелу уақытына әсер етеді.
Фондық графика. Фондық бейне – браузерді қарау барысында бірнеше рет қайталанып отыратын, терезені толтыратын графикалық файл және ол терезенің пішінінен тәуелсіз болады.
Фондық графика <BODY> тэгінде беріледі. Мысалы, терезе фонына WAGON.GIF атымен берілген графикалық файлды қою үшін былай жазамыз:
<BODY BACKGROUND=”WAGON.GIF” TEXT=”#330066”>
Кестелер дайындау. Кестелер HTML құжатының маңызды бөлігі болып табылады. Ол ұяшықтардан тұрады. Ұяшықта мәтін, графика немесе басқа кесте орналасуы мүмкін. Кесте негізгі үш бөліктен тұрады: кесте атауынан, бағандар тақырыбынан, ұяшықтардан.
6.1- кесте – Кестені дайындау үшін қолданылатын тэгтер
Тэг |
Форматы |
Сипаттамасы |
TABLE |
<TABLE> мәтін </TABLE> |
Кестені жариялау |
TR |
<TR> мәтін </TR> |
Жолды көрсететін тэг |
TD |
<TD> мәтін </TD> |
Бағанды көрсететін тэг |
6.2-кесте - <TABLE> тэгінің атрибуттары
Атрибут |
Форматы |
Сипаттамасы |
BORDER |
<TABLE BORDER =1> |
Кесте айналасына қоршау орнатады |
WIDHT |
<TABLE WIDHT=60%> |
Кесте енін парақ еніне байланысты процентпен немесе пикселмен береді |
BGCOLOR |
<TABLE BGCOLOR =”#RRGGBB”> |
Кесте фонының түсін береді |
6.3-кесте - <TD> және <TR> тэгтарының атрибуттары
Атрибут |
Форматы |
Сипаттамасы |
ALIGN |
<TR ALIGN=RIGHT> |
Көлденеңінен туралауды тағайындайды (RIGHT, LEFT, CENTER) |
VALIGN |
<TR VALIGN=TOP> |
Тігінен туралауды тағайындайды (TOP, MIDDLE, BOTTOM, BASELINE) |
BGCOLOR |
<TR BGCOLOR =”#CCCCFF”> |
Фон түсін береді |
3-бағаннан және 2-жолдан тұратын кесте құру үшін келесі тегтерді жазу керек:
<TABLE BORDER="I" WIDTH=100% BGCOLOR="99CCCC">
<TR BGCOLOR="CCCCFF" ALIGN=CENTER>
<TD>1-жолдың 1-бағаны</TD> <TD>1-жолдың 2-бағаны</TD>
<TD>1-жолдың 3-бағаны</TD>
</TR>
<TR> <TD>2-жолдың 1-бағаны </TD><TD>2-жолдың 2-бағаны </TD>
<TD>2-жолдың 3-бағаны </TD>
</TR>
Бір құжат аймағындағы сілтеме. Бұл сілтемелер үшін 2 бөліктің бар болуы шарт: таңба және сілтеменің өзі. Сілтеме таңба атын қолданады. Сілтемелер ерекше түспен немесе астын сызу арқылы ерекшеленеді. Бұл браузердің орналасуына байланысты болады. Сілтеме түсін өзгерту үшін <BODY> тэгінің LINK және VLINK атрибуттары қолданылады. Сілтеме сипаттамасы: <A HREF = “файл.кеңейтілу аты”> Сілтеменің аты </A>
“>” және “<” символдары арасында мәтін жазылады. Браузер терезесінде бұл мәтіннің асты сызылып, оны басқанда қажетті файлға көшу орындалады.
2-тапсырма: HTML тегтерін қолданып қарапайым Web-парақтар құрастыру.
1-жаттығу. Қарапайым HTML файлдарын құрастыру.
< HTML >
<HEAD>
<TITLE> Топтың атауын енгізіңіз </TITLE>
</HEAD> <BODY>
Студенттің аты-жөні
</BODY></ HTML >
Құжатты .htm форматымен сақтап, Internet Explorer терезесінде ашыңыз. Вид- Просмотр HTML –кода командасымен Блокноттағы кодын ашамыз.
Фонға түс беру үшін: <BODY BGCOLOR=түс>
2-жаттығу. Шрифтпен жұмыс істеу.
<FONT> шрифтік тегі 1-ден 7-ге дейінгі диапазонда мәтіннің кез келген жерінде ағымдағы шрифтінің өлшемін беріңіз. COLOR = “X” атрибутын қолданыңыз. Мәтіндерге <B>…</B> - жартылай қалың қарамен ерекшелеуді, <I>…</I> - курсивпен ерекшелеуді, <U>…</U>-астын сызу арқылы ерекшелеуді қолданыңыз. HTML-тегтерінің көмегімен мәтінді теңестіруді орындаңыз:
<U><I><B><FONT COLOR = #FF0000 SIZE =7> <P ALIGN = CENTER>
Студенттің аты-жөні </p></B></I></U>
3-жаттығу. Тізімді құру үшін:
Берілетін текст |
HTML форматында |
|
<UL> <LI>Строка 1 списка <LI>Строка 2 списка <LI>Строка 3 списка </UL> |
Құжатқа жолақтарды орналастыру үшін келесі тегтерді қолданыңыз:
<HR width="50%" color=green SIZE=30> Жасыл түсті сызық </HR>
<HR width="70%" color=blue SIZE=50>Көк түсті сызық</HR>
4-жаттығу.
Сурет орналастыру үшін: <IMG SRC=1.jpg>
1. Өз фотаңызды орналастырып, Avtor.htm файлын құрыңыз.
2. Зертханалық жұмысқа титулдық парақ дайындап, tit.htm атымен сақтаңыз.
3. Зертханалық жұмыстың тақырыбын орналастырып, lab.htm файлын құрыңыз.
5-жаттығу: HTML тегтерін қолданып Web-парақты бөлу. Жүгіру жолын құру
Фреймнің барлық мүмкін болатын түрлерінің төрт нұсқасы көрсетілген.
tit
avtor
lab |
tit
avtor
lab |
tit
avtor
lab |
tit
lab
Avtor
|
Фреймнің келесі нұсқасын қарастырайық:
tit |
avtor |
lab |
<
html>
<head>
<title>Фреймге
бөлу</title>
<frameset
rows="100,*,150">
<frame
src="tit.htm">
<frame
src="avtor.htm">
<frame
src="lab.htm">
</frameset>
</head>
</html>
rows-параметрі бұл мысалда мына түрде берілген: rows="100,*,150". Біздің құжатымыз бірнеше жолға бөлінеді. Бірінші жолдың биіктігі - 100 пиксель, үшінші -150, ал екінші қалған барлық бөлікке ие болады. Бірінші жолда – tit.htm, екінші жолда – avtor.htm, үшінші жолда – lab.htm. frame тегі броузерге әр жолда қандай құжат болатынын айтады.
Келесі мына нұсқаны әзірлейік:
tit |
|
avtor |
lab |
Бұл жағдайда жолды бірнеше бағанға бөлуді қарастырамыз. Бірінші жолда tit.htm, екінші жолды екі бағанға бөлеміз. Бұл жағдайда Frameset-ті қолданамыз.
<html> <head> <title>Хождение по фреймам</title> <frameset rows="100,*"> <frame src=" tit.htm"> <frameset cols="150,*"> <frame src="avtor.htm"> <frame src="lab.htm"> </frameset> </frameset> </head> </html>
Жүгіру жолын құру. Жүгіру жолын мына команда арқылы орындайды: <MARQUEE> </MARQUEE>.
Команда: <MARQUEE> Бұл мәтін оңнан солға қарай жылжиды </MARQUEE>
Команда: <MARQUEE BEHAVIOR="ALTERNATE" SCROLLAMOUNT="50" SCROLLDELAY="10"> Бұл мәтін оңнан солға қарай және кері жылжиды </MARQUEE>
3. Команда: <MARQUEE BEHAVIOR="SLIDE"> Бұл мәтін жылжып және тоқтап отырады </MARQUEE>
4. Команда: <MARQUEE> SCROLLDELAY="0" SCROLLAMOUNT="50"> Бұл мәтін өте тез жылжиды </MARQUEE>
5. Команда: <marquee behavior="slide" scrollamount=8 direction=down> Бұл мәтін жоғарыдан төменге қарай жылжиды </MARQUEE>
6. Команда: <marquee behavior="slide" scrollamount=9 direction=up> Бұл мәтін төменнен жоғарыға қарай жылжиды </MARQUEE>
Тапсырма: Нұсқа тапсырмасына сілтеу жасау және өткен тегтерді пайдаланып web-парақты безендіру. Берілген нұсқадағы тақырып бойынша Web-парақты құру.
6.4-кесте – Тапсырма нұсқалары
Нұсқа № |
Тақырыбы |
1. |
Менің болашақ мамандығым |
2. |
Жол қозғалысы ережелері |
3. |
Менің халқымның салт-дәстүрі |
4. |
ҚарМТУ-дың әскери кафедрасы |
5. |
Футбол клубтары және футболшылар |
6. |
Спорт түрлері |
7. |
Қазіргі замандағы музыка |
8. |
Әлемнің атақты боксерлары |
9. |
Қазақ киносының актерлері |
10. |
Біздің қаланың жоғарғы оқу орындары |
11. |
Біздің ескі және сүйікті кинофильмдеріміз |
12. |
Суреттелген әліппе |
13. |
Қазақстанның курорттық аймақтары |
14. |
Қазақстандағы демалыс орындары |
15. |
Менің сүйікті қалам |
16. |
Автомобиль маркалары |
17. |
Қарағанды қаласының КВН командалары |
18. |
Ұлттық тағамдар |
19. |
ҚарМТУ факультеттері |
20. |
Қазақ эстрадасының жұлдыздары |
Есеп беру мазмұны:
1. Жұмыстарға қысқаша сипаттама беру.
2. Жұмыстың орындалу ретін көрсету.
3. Құрылған web-парақтарды шығару.
4. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Бақылау сұрақтары
Internet-тің басқа компьютерлік желіден айырмашылығы.
TCP/IP түсінігі және тағайындалуы.
Қосымша деңгейінің негізгі хаттамалары.
Internet – ке басқа адресация не үшін қажет?
Internet- гі адрестердің түрлері.
IP-адрестің құрылымы не?
Сокет түсінігі?
Web-парақтың орналасуы немен анықталады?
WWW торабының ресурстар көрсеткіші неден басталады?
FTP торабының ресурстар көрсеткіші неден басталады?
URL адресінің домендік бөлігі неден тұрады?
Ішкі домендер (поддомен) неден тұрады?
Гипермәтін деген не?
World Wide Web форматында құжатты көруге және қабылдауға арналған бағдарламалар тобы қалай аталады?
Интернетте World Wide Web қызметіндегі форматта шыққан құжат не деп аталады?
Қай объектілердің көмегімен URL адресін білмей, бір Web-парақтан басқасына қалай ауысуға болады?
Әдебиеттер:
Могилев А.В. Информатика: Учеб. пособие для студ. пед. вузов. - М.: Издательский центр «Академия», 2003.
Олифер В.Г. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. - СПб: Питер, 2008.
Симонович С.В. Информатика. – СПб, 2004.