Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИСЛАМ РЕВОЛЮЦИЯСЫ.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
310.78 Кб
Скачать

Соғыстың жүру барысы

Соғыс Ирактың ирандық Хузестан провинциясына басып кіруінен басталды. Иранның Ирак территориясындағы шейіттік қозғалыстарды қолдап, «ислам революциясын басқа елдерге тарату» саясатын ұстануына жауап ретінде Ирак осындай әрекетке барды. Ирак басып кіре отырып, ірі ирандық қалаларды, соның ішінде Тегеранды да бомбалай бастады. Саддам Хусейн басып кіргеннен кейін бір апта өткен соң, шабуылдауды тоқтатып, бейбітшілік туралы келіссөздер жүргізуге әзірлігін білдірді. Алайда, Тегеран оқ жаудыруды тоқтатуға келіспеді. Иран басшылығының бас тартуы 1983ж. Иранға қарсы коалицияның құрылуына әкелді. Иранды тек Сирия мен Ливия қолдады. Кувейт пен Сауд Арабиясы Иракқа өте үлкен мөлшерде қарыз берсе, ал, Египет пен Иордания қару-жарақпен және әскери кеңесшілермен қамтамасыз етті. АҚШ тарапынан Иракқа жанама көмек көрсетілді. Бір уақытта АҚШ Иранға құпия түрде қару-жарақ сатып отырды. 1984ж. АҚШ Иракпен дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтірді. 43

Ирак әскерінің әуелдегі табысты алға жылжуы табанды қарсыласуға жолығып, тоқтап қалды. 1981ж. көктемі мен жазында оқ-дәрінің аздығы мен әскерлердің соғысқа дайындық деңгейлерінің төмендігіне қарамастан, Иран шабуыл операцияларына көшті. 1979ж. ақпан айында Иранда Ислам революциясы болды. Содан кейінгі революциялық тазарту нәтижесінде Иран әскері 240 мыңнан 180 мыңға дейін қысқарып, 250 генерал тәжірибесіз төменгі бөлім командирлерімен немесе әскери іске бейімі жоқ дін қызметкерлерімен алмастырылды. Нәтижесінде, Иран әскерінің соғысқа жарамдылығы айтарлықтай төмендеді. Иран әскері революциядан кейін орын алған жазалау шараларынан қатты әлсіреді. АҚШ-пен қатынастарының үзілуі бронетехника мен авиацияға қажетті қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігіне әкеліп, Иранның әскери мүмкіндіктерін қатты шектеді. Дегенмен, ирактықтардың баяулығы Иран үкіметіне мобилизация жүргізіп, майданға қосымша күш жіберуге мүмкіндік берді. Бұл жағдай екі жақтың күшін теңестірді. 33 Иранның әскери қимылдары авиацияны шектеулі түрде пайдалануымен, іс жүзінде теңізде әскери қимылдар жүргізбеуімен және бронетанкілік техника мен ірі калибрлі артиллерияның шектеулі қолданысы жағдайында әскерлердің жақыннан ұрысу қаруларын кеңінен пайдалануымен сипатталады. 1982ж. жазына қарай Иран Ирак арқылы басып алынған аймақтарды қайтарып алды. Бұдан кейін екі тарап та бір-бірінің күштерін тауысуға бағытталған соғысты жүргізе бастады.

1985ж. екі елдің әскери қимылдары «қалалар соғысы» ретінде сипатталынады. Екі тарап та жүйелі түрде авиацияның көмегімен қарсыласының ірі қалаларындағы тұрғын үйлер мен мұнай терминалдарын қирата бастады. 1986-1987жж. Иран Ирактың маңызды аймақтарын басып ала отырып, бірқатар табысты операциялар жүргізді. Иран 1986ж. ақпан айында ең үлкен табысқа жетті, яғни, Иран Фао түбегін толығымен басып алды. Бұл Ирактың Парсы шығанағына шығатын жолын жауып тастады. Ирактықтар Фао түбегін тек 1988ж. сәуір айында қайтара алды. Иран армиясының әскери жетістіктерге жетуі АҚШ пен Қытайдан қару-жарақтардың (негізінен, «жер–жер», «жер–ауа» және «ауа–жер» класстарына жататын ракеталар) әкелінуімен түсіндірілді. Кеңес кешендері (қытайлық өндіріс) Багдадқа қарсы оқ жаудыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Иранның қарсыласының күшін тауысуға бағытталған соғыс стратегиясы да өз нәтижесін берді. 50 млн. халқы мен $ 188 млн. ЖҰӨ-і бар Иран 654-мыңдық әскерді, 1000 танкті, 750 зеңбірек пен 60 әскери ұшақты қамтамасыз етті. 16,5 млн. халқы мен $ 34 млн. ЖҰӨ-і бар Ирак миллиондық әскерді, 4500 танкті, 3000 зеңбіректі және 500 әскери ұшақты қамтамасыз етті. Соғыс нәтижесінде Иран ЖҰӨ-нің тек 12%-ын, ал Ирак ЖҰӨ-нің 50%-ын жоғалтты. Нәтижесінде, Иран әскерінің шабуыл операциялары 1987ж. басына қарай Ирак экономикасының күйреу қаупіне әкелді.44 1988ж. сәуір мен маусым айларының аралығында бұрын ирандықтар басып алған аймақтардың барлығы ирактықтардан, ал 1988ж. маусым айында Мажнун, Басра және Саламче аралдары ирандықтардан тазартылды.