
- •Мазмұны
- •Оқытушылар туралы мәліметтер
- •Пән туралы мәліметтер
- •Пререквезиттері
- •Постреквезиттері
- •Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- •Пәннің мазмұны
- •6.1. Дәріс сабақтарының жоспары
- •6.2. Семинарлық сабақтардың жоспары:
- •7. Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі
- •8. Студенттің өзіндік жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулары
- •8.1. Негізгі әдебиеттер:
- •8.2 Қосымша әдебиеттер:
- •9. Курстың саясаты
- •Бағаларды қою саясаты
- •Пән бойынша білімді бағалау кестесі
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы
- •3. Курстың түсіндірме сөздігі (глоссарий)
- •Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам
- •4. Дәріс жинағы
- •1 Бөлім. Экономикалық теория ғылым ретінде
- •1 Тақырып. Экономикалық теория пәні мен әдістері
- •Экономикалық теория.
- •Экономиканың зерттеу әдістері.
- •Экономикалық теорияның функциялары.
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2. Қоғамдық өндірістің құрылымы.
- •3.Өндіріс және ұдайы өндіріс.
- •1. Меншік қатынасына байланыстылар:
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Орташа ауыспалы шығындар жалпы ауыспалы шығындарды өндірілген өнімдердің санына бөлу арқылы құрылады:
- •Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •2 Бөлім. Экономикалық теорияның фундаменталдық негіздері.
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •5 Тақырып Қоғамдық шаруашылықтың түрлері.Тауарлы шаруашылық.
- •Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық.
- •Тауарлы шаруашылықтың мәні.
- •Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері.
- •6 Тақырып. Нарық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
- •Нарықтың мәні және түрлері.
- •Нарық механизімінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі.
- •Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Артықшылығы
- •Кемшіліктері
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы
- •Қаржы нарығы
- •7 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тақырып. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •11 Тақырып. Өндіріс факторлар нарығы жӘне факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •Еңбек нарығы және жалақы.
- •Капитал және процент.
- •Жер нарығы және жер рентасы.
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Жер нарығы
- •Мерзімдік
- •Жұмыс х Бір сағаттың
- •Мерзімді
- •Аккордты
- •Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұлттық экономика жүйе ретінде.
- •Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •Макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •Мұнда а – амортизациялық жарнаның сомасы.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •13 Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция макроэкономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.
- •Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері.
- •Жұмыссыздықтың зардаптары.
- •Инфляция түсінігі және қазіргі кездегі инфляцияның салдары.
- •Инфляция түрлері. Инфляция қарсы саясат.
- •Фрикциондық жұмыссыздық
- •Бақылау сұрақтары
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •Дағдарысқа қарсы саясат
- •Бақылау сұрақтары
- •15 Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие жүйесі.
- •Ақша жүйесі түсінігі мен типтері.
- •Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
- •Несиенің мәні мен формалары.
- •Қазақстан Республикасының банктік жүйесі.
- •Несиенің түрлері
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •Акция Ақша массасы Банк
- •5. Семинар сабағының тапсырмалары
- •6. Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалу тапсырмалары (сөж)
- •Фрикциондық жұмыссыздық
- •Дағдарысқа қарсы саясат
- •Акция Ақша массасы Банк
- •7. Аралық бақылау сұрақтары
- •8. Емтиханға арналған тестлік сұрақтар
- •9. Есеп-жаттығулары
- •10. Қолданылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажетіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.
Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».
Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мүнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.
Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.
Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама берсек: Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қатынас болып қаралып қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әр түрлі өркениетті өкілдер меншіктің табиғаты туралы және қоғам дамуындағы рөлі туралы өз пікірлерін ортаға салып өткен.
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр- салты, рухани қал- жағдайы, оның құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады.
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек.
Бір жатқан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат және қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірбие айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңартып отырады, т.б.
Екінші жатқан, нақты өркениеттің мәдени құдылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіруге мақсатталады. Сондықтан ол қатал, тұйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін- өзі ұдайы ұндіру қабылетін сақтауға атсалысатын, экономикалық жүйенің әдет- ғұрыптары атқарады.
Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі - адамзат қоғамы дамуындағы қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сипатталады.
Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты міндеттері мыналар:
Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.
Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.
Қазақстан республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері:
Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда Қазақстан нарықтық экономикаға өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырды.
Екіншіден, нарықтық экономикаға өтуде Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада әкімшілік - әміршілікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түрінде негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілік-әміршілік экономикадан нарыққа өтудің халықаралық тәжірибеде Жапония мен Оңтүстік Кореядағы басқарудың әкімшілік-әміршілік элементін қолданғандығы қажет болды. Бірақ та әлемдік өркениеттің біздің ұлттық құндылығымыз бен дәстүрімізге сай болатындай тенденциясына бағыт ұсталды.
Үшіншіден, Қазақстанның территориялық географиялық жағдайы - өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орны болып табылып, өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.
Төртіншіден, Қазақстан республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде болды.
Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту, металлургиялық, химиялық және химия – мұнай кәсіпорнынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар – кеңшарлар көп болды. Республикада 2059-ға жетіп, барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорынның 75% құрады. Осындай ерекшеліктер жекешелендіру сипатына әсер етпей қоймады.
Нарықтық экономика кезінде макроэкономикалық процестерді мемлекеттің реттеуі тікелей және жанама тәсіл арқылы жүргізіледі.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей тәсіл-мемлекеттік экономикалық бағдарламаны жасау мен өткеру арқылы жүргізіліп қысқа орта, ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге атсалысады. Бұдан басқа да қалыпты және төтенше бағдарламалар жасалуы.
Мысалы, соғыстан соң Оңтүстік Кореядағы экономиканы орнынан тұрғызуға қабылданған төтенше бағдарламаны, ал Жапонияда «Автомобиль жолын салудағы төтенше шаралар» заңы ескерілді. Жапонияда мемлекеттің 10-нан астам институттары нарық дамуының жоспары мен бағдарламасын жасайды.
Өтпелі экономикада ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы керек. Бұл жағдай Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань – тәжірибесімен расталады. Қазақстан республикасындағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған модельге ұқсастықпен жүзеге асырылды.
Қазақстан реформаны өз бетінше 1993 жылы қараша айында ұлттық валютаны кіргізуімен бірге жүргізе бастады.
Қазақстан республикасының дағдарысқа қарсы шаралар мен әлеуметтік – экономикалық реформаны тереңдету бағдарламасында басым бағыттары мына салаларға арналған: энергетика, металлургия, халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік және коммуникация (байланыс, темір жол транспорты) салалары. Осындай бастамалардың нәтижесі: 1996 жылдың аяғында өндірістің құлдырауы тоқтатылды. Энергетика, металлургия кәсіпорындарды көтеру үшін шетелдік инвесторлардың тікелей инвестициясын тартты.
Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкерлік ерекше сипатқа ие болады. Мемлекеттің заңды тұлға ретінде жаңа функциясы – кәсіпкерлік қабілетті игеру қажеттілігі.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық негізі мемлекеттік меншік болып табылады. Қазақстан республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санында 23,5% құрады.
Мемлекеттің осындай үлесі ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік берді.
Осының ең күрделі мысалдары:
Қазақстанның кең өндіру, отын – энергетика мен металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіптік өндірістерін төлем төлей алмаушылықтан қорғап, дәл уақытында шетел капиталын тарта біледі;
1996 жылдың басында Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуразия темір жолы бойынша транзистік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Европа пен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша мемлекеттің қызметі көрінді. Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтинентальды темір жол магистральдары өтеді:
Трансазия (Қытай-Қазақстан-Түркия),
Еуразия (Қытай-Қазақстан-Ресей-Еуропа),
Ортазия мен Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы,
Еуропа – Скандинавия- Иран – Парсы шығанағы арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуын қамтамасыз ететін «Солтүстік – Оңтүстік» жоба қаралуда.
Осы келісімнің маңыздылығы: барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады.
Қазақстан республикасында экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мәселелері.
Қазақстанның өтпелі экономикасы үшін Жапония мен Оңтүстік Кореяның өнеркәсіптерінің құрылымдық қайта құру тәжірибелері өте маңызды.
Өндірісті құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың оңтүстік Кореялық моделіне сүйене отырып, салалардың басыңқы бағыттарының алты критериі қолданылады:
Саланың экономикалық әлеуеті бағаланады, яғни ұлттық экономиканың салыстырмалы артықшылығына сүйеніп, тезірек экспортты қарқындату мүмкіндігі.
Ішкі нарықта сала өніміне сұраныстың өсуі.
Осы саланың дамуы елдің ең жоғары индустриальды стадиясына жетуге сәйкес келуі тиіс.
Салалар дамуы олардың шикізат пен энергия импортына аз көлемде тәуелді болуы керек.
Елдің сауда балансында тапшылықты аз мөлшерге дейін қысқарту мүмкіндіктерене баға беру.
Басым бағыттағы сала дамуы қаншалықты жағымды эффект беруге қабілетті болып, сонымен қатар экономиканың басқа сектор мен саласындағы өндіріс тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.
Аталған критерийлерді талдаудан кейін таңдап алынған саланы жеделдете дамыту жоспарын құруға кіріседі.
Осы мақсаттарға әлемдік тәжірибе көрсеткендей инвестиция көздеріне мыналар жатады:
халық жинақтарын банктермен, мемлекетпен бүтіндей, жартылай емес, қорғау кепілдіктері негізінде тарту;
шикізат экспортынан табыс пен ұлттық қорды құру;
тікелей және портфельді шетел инвестицияларын тарту;
кәсіпорынның шетел капиталымен бірлескен кәсіпорындар құру.
«Қазақстан –2030» стратегиясы»
Бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстан республикасының жоғары индустриальды дамуға қол жеткізуді және дамушы елдер қатарынан, қазіргі «азиялық жолбарыстары» деп аталатын Оңтүстік Корея, Малайзия, Бруней, Сингапур, Тайвань сияқты Азияның гүлденген индустриальды елдер қатарына өтуін жүзеге асыру. Осы мақсатқа жетудегі жолдар:
Бизнестің барлық төрт деңгейінде: өтпелі экономиканың барлық сфераларында ғылыми-техникалық жетістіктердің ашу мен енгізу жолдарында ішкі және сыртқы мемлекетаралық кәсіпкерлік қызметтің (шағын, орта, ірі және мемлекеттік) қалыптастыру мен ынталандыру саясатын жалғастыру.
Экономикада салалық, құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру.
Қазақстан ғалымдары атап көрсеткендей, Қазақстанда өз уақытында жүргізілген индустриализация – ірі экономикалық іс-әрекет қалыптастыруға жол ашты. Бірақ та, республикадағы индустриализация процесінің өзі, егер оны экономикалық техникалық құрылымының өзгерістерімен байланыстырғанда - ол аяқталады, оның себептері:
технологиялық базистің үштен екісі төменгі ескішеге негізделген алғашқы машиналы технологияларды құрайды;
автоматтандырылған және кешенді механикаландырылған өндіріс техникалық базистің үштен бірін құрайды;
кибернетикалық техника мен ақпараттық технология технологиялық базисте жекеленген ошақтармен берілген.
1997 жылдың қараша айындағы ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық қорытындының шығарылуы, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделген жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.
Ұзақ мерзімді жеті басымдық:
Ұлттық қауіпсіздік.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген – экономикалық өсу.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
Энергетика ресурстары.
Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс.
Кәсіби мемлекет.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мына үш кезеңде болуы қажет:
1998-2000 жылдар,
2001-2010 жылдар,
2011-2030 жылдар,
2000 жылдың 21 ақпанында Республика Үкіметімен кездесуінде Қазақстан республикасы Президенті ұзақ мерзімді стратегияда анықталған реформалардың І кезеңі аяқталғанын атап көрсетті:
әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;
басқарудың тиімділігін арттыру;
өндіріс секторына несие беру;
экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;
аймақтық диспропорцияларды жою
Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді. Осы мәселелер туралы дайындалатын бағдарламаларда шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өндеуді кеңейтуге негізделген өндірістерді құрауға және дамытуға атсалысу қажеттілігі көзделеді.
Экономикада шикізат бағдарын өзгерту мәселесі шешумен байланысты кешенді құрылымдық саясат жүргізу, яғни отандық шикізаттың жаңа, бірінші, екінші, үшінші және төртінші сатыларын құруда, ауыл шаруашылығын өңдеу өнеркәсібін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегия, импортты алмастыру бағдарламасын құру.
Мұнай өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу мен мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды.
Осы жұмыстың негізгісі – бәсекеге қабілетті баға мен технология сапасын қамтамасыз ету, яғни бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру.
Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтар дамуындағы диспропорциялар әсіресе, оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялар, оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын төмен табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорция салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған әлеуетінде жаңа жұмыс орындарын құруды, шағын және орта бизнесті дамытуда қарастырылатын көші - қон саясатын жасау міндеті қойылды.
Экономиканы реформалауда меншіктің орны
Реформалау дегеніміз экономикалық жүйе үлгісінің бір түрінен басқасына өту болып табылады. Бұл процесс үстемдік ететін меншік формасының өзгеруі қалайда қажет деп тілемейді. XX ғ. Басына қарай нарық механизмдеріне негізделетін және еркін нарықпен реттелетін экономикалық үлгі өзін өзі жоюға мәжбүр болды. Еркін нарық механизмінің орнына реттелген нарық механизмі келді.
Меншік формасы экономикалық бағыттың өзгеруінің қатал жүргізілуіне кедергі етпейді. Белгілі жағдай, монополияда, бюрократияда экономикалық өкіметтің тоталитарлық синатына икемділігін білдіреді. Осылай, XX ғ. 30-шы жылдарының ортасында КСРО-да қоғамдық меншік жағдайында әкімшілік экономика орнады, ал Германияда, жеке меншік негіздерінің мықтылығына қарамастан, бұйрық экономикасы орнады. Кейін осы жағдай Франко тұсындағы Испанияда, Пиночет тұсындағы Чилиде қайталанды. Бұлардың барлығында тоталитаризмнің келуіне улес қосқан, сол мерзімде осы елдерде орын алған, экономикалық және саяси шешімдердің үстемдігі болды.
Өндірістің шоғырлануы мен бәсеке меншіктің орталықтануына ат салысады. Бұл процесс шаруашылық субъектілері болып табылатын меншік иелерінің санын біршама төмендетеді. Мысалы, меншік иелерінің (акциялар иелері) санына қарамастан, акционерлік қоғам нарықта келісім жасасатын бір ғана заңды тұлға болып танылады.
Ал экономикалық жүйелердің өздеріне тән айырмашылықтары сақталады: тауар өндірісі мен тауар айналымының даму дәрежесі; экономикалық өкіметтің типі және оны жүзеге асыратын формалар; осы қоғам жүйесіндегі байлық деп түсінетін экономикалық әрекеттердің орны, рөлі. Реформа жүргізу сырттан қарағанда субъективтік акт болып көрінеді. Оны жүргізудің дүниежүзілік тәжірибесі осы процестерді анықтайтын бірсыпыра құбылыстарды ашты.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Аралас экономика
Ашық экономика
Ғылыми-техникалық прогресс
Дәстүрлі жүйе
Жабық экономика
Индустриалдық жүйе
Әкімшілік-әміршілік экономика
Нарықтық экономика
Экономикалық жүйе
Экономикалық реформа
Экономикалық үлгілер
Бақылау сұрақтары
Экономикалық жүйе және оның түрлері.
Экономикалық жүйедегі аралас жүйенің негізгі үлгілері.
Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері
Нарықтық экономикаға өту кезіндегі Қазақстан Республикасындағы басты міндеттер.
“Қазақстан – 2030 стратегиясының” басым бағыттары.
Экономиканы реформалаудағы меншіктің орны.