- •Мемлекеттік тіл мәртебесі
- •Тіл туралы заң
- •1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Үлгі: Мен үшін ең маңыздысы - Неге? Себебі?
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •1. «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбы бойынша газет материалдарымен жұмыс.
- •1.Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
- •2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, ауызша жауап беріңіздер.
- •1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Соөж: «Мәдени мұра – алтын адам ескерткіші» туралы әңгімелеу.
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері
- •Тоқтар оңғарбайұлы әубәкіров
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Біздің факультет
- •1.Мәтінді оқып, аударыңыз.
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •А) Студенттің қоғамдағы рөлі (Жастар – еліміздің болашағы)
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
Мемлекет және біз
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деді: «Біз – қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз».
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы елімізді Президенттік басқару формасындағы мемлекет деп, Президентті мемлекет басшысы деп жариялады. Дүниежүзі елдерінің көпшілігінде билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну ұстанымына негізделіп құрылды. Президенттік осы тармақтардың ешқайсысына жатпайды, солай болса да, Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен тығыз байланыста болады.
Президент мемлекет басшысы болғандықтан, елдің ішінде де, халықаралық қатынастарда да, халық пен мемлекет атынан сөйлеуге құқықты. Халықтың қалаулысы ретінде Президент халық мүддесіне қызмет етеді.
ҚР Парламенті – Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. Ол екі палатадан тұрады: Сенат пен Мәжіліс.
Сенат – ҚР Параламентінің жоғарғы палатасы. ҚР Парламентінің Сенаты екі жолмен жасақталады. Оның біріншісі - әр облыстан, қалалардан сайланатын депутаттардан, екіншісі – ҚР Президенті тағайындаған жеті депутаттан тұрады.
Мәжілістің қазіргі құрамы аймақтық, партиялық тізімі бойынша сайланатын депутаттардан тұрады.
Сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Сот билігі азаматтардың, мемлекеттік ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғайды. Халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Тапсырмалар:
Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз.
Мемлекет, билік сөздерін септеңіз.
Мәтіннен тәуелдік жалғауларды табыңыз.
Мәтіннен сын есімнің түрлерін табыңыз. Мағыналық түрлерін
ажыратыңыз.
Мәтіннен кез-келген бір сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.
Мемлекет, ұрпақ сөздерін жекеше, көпше түрде тәуелдеңіз.Халықтың қалаулысы, Президент, қазақстандықтар сөздерімен құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
Қатынас, бостандық сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.
Мәтіндегі он етістіктен тұйық етістік жасаңыз.
Қазақстан республикасының әнұраны
Мемлекеттік Әнұран – тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық рәмізі. Мемлекеттік Әнұран әр елде бар, ол мемлекеттің рәмізі болып табылады. Әнұран – мемлекеттің бірлік белгісі ретінде қабылданған салтанатты ұран өлең.
Әнұран қоғамдасуға үндейтін, бірлескен іс-қимылға шақыратын, сана-сезімге психологиялық әсер ету жолымен жігерлендіруге, рухтандыруға бағытталады. Елдің намысын оятып, елдікке, бірлікке, еркіндікке шақыратын үндеу, ортақ қимыл-әрекетке шақыратын дабыл.
Қазақстан республикасының әнұраны
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
1. Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы.
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
2. Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!