- •Мемлекеттік тіл мәртебесі
- •Тіл туралы заң
- •1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Үлгі: Мен үшін ең маңыздысы - Неге? Себебі?
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •1. «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбы бойынша газет материалдарымен жұмыс.
- •1.Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
- •2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, ауызша жауап беріңіздер.
- •1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Соөж: «Мәдени мұра – алтын адам ескерткіші» туралы әңгімелеу.
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері
- •Тоқтар оңғарбайұлы әубәкіров
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Біздің факультет
- •1.Мәтінді оқып, аударыңыз.
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •А) Студенттің қоғамдағы рөлі (Жастар – еліміздің болашағы)
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
Біздің факультет
ТАУ-КЕН ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТАРИХЫ
1953 жылы тау-кен факультеті тау-кен институты болып құрылды. 1958 жылы политехникалық институт болып құрылып, 1996 жылы мемлекеттік техникалық университет болып жарияланды.
Жалпы бұл жоғарғы оқу орнының негізін қалаушы Сағынов Әбілқас Сағынұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымының докторы Социалистік Еңбек Ері, Қарағанды тау-кен институтының (1953-1958ж.) ректоры, Қарағанды политехникалық институтының ректоры (1958-1987 ж.) болды.
Тау-кен факультетінің декандары: Крюхин П.И. (1953-1957), Лебедев А.И. (1957-1962 ж.), Кенжин З.М. (1963-1964 ж.), Сомсонов М.Т. (1964-1968 ж.), Вальштейн Г. И. (1968-1988ж.), Смагулов З.М. (1988-2000 ж.), Самарцев Г.И., Исабек Т.К. декан қызметін атқарған.
Бүгінде факультетте 4 кафедра жұмыс істейді. (Пайдалы кен орындарын ашық әдіспен қазып өндіру), (Маркшейдерлік іс), (Шахта және жерасты құрылысы), теориялық механика кафедрасы).
Тау-кен факультеті құрылғаннан бері 12 мыңдай инженер мамандары дайындалып, Республикамыздың жер-жерінде, онымен қоса алыс және жақын шет елдерде де жемісті қызмет атқаруда.
Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқып, аударыңыз.
3. Мәтіннен септік жалғауларын тауып, мысал келтіріңіздер.
4. Мәтіннен жалқы есімдерді табыңыз.
5. Мәтіннен сан есімнің түрлерін тауып ажыратыңыз.
6. Тау-кен факультеті құрылғаннан бері 12 мыңдай инженер мамандары дайындалып, Республикамыздың жер-жерінде, онымен қоса алыс және жақын шет елдерде де жемісті қызмет атқаруда. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасап, шылауларды табыңыз.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Факультеттің тарихын әңгімелеңіз.
Факультет қандай мамандықтар шығарады?
Тау-кен мамандығынан шыққан қандай ғалымдарды білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.
2. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.
3. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.
4. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
СОӨЖ. Университет тарихы. Әңгімелеу.
1. Сұхбат. Мысалы, Университет кітапханасында, т.б.
2.Жағдаятты дамыту:
а) Сіздің арманыңыз орындалды. Сіз ЖОО-ның студентісіз …
СӨЖ «Біздің университет» тақырыбына буклет. «Сағынов – академик,
ғалым» слайд жасау. «Біздің факультет» тақырыбына әңгіме.
13-тақырып. Кәсіби бәсекелестік
а) Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы.
ә) Қазақстан – 2030 стратегиясы
Грамматика: Етіс категориясы.
Кәсіби бәсекелестік
ХХІ ғасырда тәуелсіз Қазақстанның болашағы білім мен ғылымда. Елбасы өзінің Жолдауында білім беру мәселесіне айрықша мән берген. Мемлекетіміздің инновациялық стратегиясын жүзеге асыруды – болашақтың бағдарламасы деп атаған. Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мақсатты міндеттері бұл әлемдік сапа стандарттарына сай бәсекеге қабілетті білімді қамтамасыз ету талаптары болып табылады.Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында да, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашуда. Жоғары білімді дамытудың негізгі мақсаты мамандар даярлау сапасын арттыру, инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады.
Ұлы Абайдың адамның үш қасиеті “нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек” деген пайымы осы замандағы басымдықтарды – ғылым және білімді /ақыл-парасаттылық аспект/, инновациялық жүйені /қызметтік аспект/, ұлттың рухани әлеуеті мен мәдениетін /құндылықты аспект/ дамытудың қажетті шарттары болып табылады.
Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – бұл әрбір қазақстандықтың, барша қоғамның және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі. Әрқайсымыз да бәсекелестікті үйренуіміз және бәсеке жағдайында жеңімпаз бола білуіміз керек. Бәсекеге қабілетті интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
2.Мына сөз тіркестерін есте сақтаңыз: халықаралық бәсекеге, ұлттық бәсекелестік, еліміз егемендік алып, нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек.
3. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.
4. Ұлы Абайдың «Адамның үш қасиеті» туралы сөздерін әңгімелеп беріңіз.
5. Берілген сөз тіркестерін аударыңыз: қоғамдық мәртебе, тұлғаны
қалыптастыру, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап ету.
6. Төмендегі етістіктерден бұйрық рай жасап, жіктеңіз:
үйрену, білу, анықтау, талап ету, мүмкіндік беру.