Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 12-13.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
47.07 Mб
Скачать

7.1.4. Сөйлесіңіз, қажетті жалғауды қойыңыз.

- Сәлеметсіз бе?

- Сәлемет болыңыз. Отырыңыз.

- Мен сізге қарасты аумақта тұрамын, Кенесары көшесінде. Мынау – менің медициналық кітапша... .

- Жақсы. Айта беріңіз. Қай жеріңіз ауырады?

- Менің бас... ауырады. Тұмауратып қалдым. Аздап жөтелемін.

- Сіздің ыстығ... көтерілді ме?

- Менің ыстығ... көтерілді.

- Жарайды. Қазір қараймын.

- Рақмет, сізге.

7.1.5. Мақалдарды, ғұламалардың сөздерін еске сақтаңыз

Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

(Халық мақалы)

Емнің алды – еңбек.

(Халық мақалы)

«Ауруын жасырған өледі»

(Ә.Науаий)

«Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды»

(Баласағұни)

Бірінші байлық – денсаулық

Екінші байлық – ақ жаулық

Үшінші байлық – он саулық

(Халық мақалы)

7.1.6. «Иә» және «жоқ» сөздерін пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Мынау Сіз емделетін емхана ма?

  • Иә, _____________________________ .

  • Емханада жаңа құрылғылар бар ма?

  • Жоқ, ____________________________ .

  • Мынау тіс дәрігерінің бөлмесі ме?

  • Иә, ___________________________ .

  • Бұл – тіс дәрігері тәжірибелі ме?

  • Бұл – __________________________ .

  • Менің тістерімді емдей ала ма?

  • Иә, ______________________________ .

  • Ал, мына бөлмедегі тіс дәрігері ше?

  • Бұл - __________________________.

  • Сіздердің жұмыс кестелеріңіз бірдей ме?

  • Иә, ___________________________ .

  • Онда мен кезекті күте тұрайын...

  • Иә, __________________________ .

7.1.7. Қазақ тілінде апта күндерін еске түсіріңіз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Апта күндері

Дни недели

Кеше қай күн?

Вчера какой день?

Бүгін қай күн?

Сегодня какой день?

Ертең қай күн?

Завтра какой день?

Дүйсенбі

Кеше дүйсенбі

Бүгін сейсенбі

Ертең сәрсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Жексенбі

7.1.8. Сұхбатты оқыңыз және еске сақтаңыз.

  • Науқас қабылдау бөлімшесіне өзі түсті ме?

  • Науқас қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдем машинасымен жеткізілді.

  • Ауруханадан шығарғанда науқастың жағдайы қандай еді?

  • Науқас операциядан 7 күн өткеннен кейін жағдайы сәл дұрысталған соң шығарылды.

  • Науқас ауруханаға қандай диагнозбен жатқызылды?

  • Науқас ауруханаға жіті аппендицит диагнозымен жатқызылды.

  • Егер жағдайы нашарласа, оны ауруханаға қайтадан жатқызу керек.

  • Алаңдамаңыз, науқас менің бақылауымда жүр.

  • Олай болса, сіздің кәсіби біліктілігіңізге сендік.