Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 12-13.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
47.07 Mб
Скачать

2.1.2. Мақал-мәтелдерді есіңізде сақтаңыз және олардың мағынасын ұғып алыңыз..

  • Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.

  • Ағаға қарап, іні өсер

Інісі бардың тынысы бар

  • Қыз өссе, елдің көркі.

  • Жеті атасын білмеген жетесіз.

  • Жеті атасын білген ұл –

Жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл –

Құлағы мен жағын жер.

Қазақ тілінде жеті септік бар және олардың сөйлем құруда маңызы жоғары.

Ілік септігі кімнің? (чей? чья?), ненің? (чего? от чего?) деген сұрақтарға жауап береді, жалғаулароы –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.

Дауысты жәіне үнді дауыссыздардан соң -ның/нің: бала+ның, адам+ның;

Ұяң дауыссыздардан соң -дың/дің: қыз+дың;

Қатаң дауыссыздардан және б,в,г,д дыбыстарынан соң -тың/тің: қазақ+тың, клуб+тың, мектеп+тің.

Ілік септігі үнемі 3-жақтағы тәуелдік жалғаулы сөздермен тіркесіп, иелікті білдіреді: баланың кітабы, үйдің есігі, Ораздың пальтосы.

2.1.3. Оқып, мағынасын анықтаңыз. Осы сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Әженің немересі Атаның ұрпағы

Әкенің намысы Үлкен үйдің шаңырағы

Ананың үміті Баланың мақсаты

2.1.4. Сұхбатты толықтырыңыз.

А:- Қайырлы күн, достым!

С:-_______________

А:- Сіздің атыңыз кім?

С:-________________.Ал, сенің атың ше?

А:- Қасым. Сен қайда оқисың?

С:-______________________. Өзің ше?

А:- Мен университетте оқимын.

С. Сіз пәтер жалдап тұрасыз ба?

С. _______________________________________________ .

А. Отбасыңыз да осында тұра ма?

С. __________________________________ .

А:-Маған __________________ аялдамасын айтып жіберіңізші.

С:-Ол әлі алда, бір үйден кейін.

А:-Рахмет. Танысқаныма қуаныштымын.

С:-Мен де қуаныштымын. Сау болыңыз.

2.1.5. Өлеңнің мазмұнын біліп, жаттап алыңыз.

А нам маған: - Үлкенді сыйла, - деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Атамнан қалған мұра – ізеттілік,

Арымды соған қойған күзеттіріп.

Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,

Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.

Мұқағали Мақатаев

2.1.6. Сұраққа жауап жазыңыз. «Сый, құрмет, ізеттілік» дегенді қалай түсінесіз?

2.1.7. Берілген фразеологиялық тіркестерді ұғып алыңыз.

Сөзін жерге тастамау – айтқанды тыңдау, талапты орындау.

Сөзінің жаны бар – айтқан сөзі шындық.

Сөзі түйеден түскендей – дөрекі сөйлейтін адам.

2.1.8. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Отбасын әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қорғау дегеніміз – адамдарға қолайсыз жағдай туғанда (қартаю, денсаулығының кемуі, асыраушысынан айырылу, жұмыссыздық т.б.), олардың өмір сүруіне қажетті жағдай жасайтын жүйе.

Халықаралық тәжірибені талдай келе, әлеуметтік қорғаудың басты элементтері болып саналатын:

1) мемлекеттік жәрдемақы;

2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;

3) жинақтаушы зейнетақы қоры;

4) әлеуметтік жәрдем.

Қазақстанда нарықтық экономика кезеңі аяқталып келеді. Экономикалық қатынастардағы өзгерістер әлеуметтік қорғаудың неғұрлым қолайлы жүйесін талап

етеді.

2.1.9. Төменде берілген сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Қорғау, асыраушысыз, жұмыссыздық, өмір сүру, жәрдемақы, сақтандыру, зейнетақы, нарықтық экономика.

2.1.10. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Менің анам 58 жасынан бері зейнетақы алады, ал сіздің анаңыз ше?

2. Біздің қаламызда жұмыссыздық көбейіп келеді, ал сіздерде ше?

3. Қалада өмір сүру қымбат, ал ауылда қалай?

4. Асыраушысынан айырылған отбасына мемлекет жағдай жасай ма?

2.1.11. Газеттерден қала немесе ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жайлы материал тауып, талқылаңыз.

2.1.12. «Әлеуметтік» деген сөзбен жасалған тіркестерге назар аударыңыз, олармен сөйлемдер құраңыз.

Әлеуметтік жағдай Әлеуметтік теңсіздік

Әлеуметтік қорғау Әлеуметтік мәселе

Әлеуметтік сақтандыру Әлеуметтік жәрдем

Әлеуметтік топ Әлеуметтік орта

2.1.13.Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.

Жаңа дәстүр, жаңа салт

Неке-отбасылық қатынастар «Неке және отбасы туралы» Заңмен реттеледі. Оның ұстанымдары мыналар:

  • әйел мен еркектің неке одағының еркін болуы;

  • жұбайлардың отбасындағы құқығының тең болуы;

  • отбасының әрекетіне басқа адамның араласпауы;

  • отбасыішілік мәселелерді өзара келісім нәтижесінде шешу;

  • отбасындағы бала тәрбиесінің басымдығы, оларды дамыту және оларға жағдай жасау.

Некелесу – жастардың өздері шешетін аса жауапты мәселе. Олар бірін-бірі жете білісіп, түсінісудің нәтижесінде бас қосуға шешім қабылдайды. Ата-аналарымен ақылдасады. Бұл дұрыс та. Өйткені өмір тәжірибесі аз жастардың некелесу мәселесінің бүге-шігесін объективті түрде анықтау әрқашан дұрыс нәтиже береді.

Сол сияқты құда түсу, қыз ұзату және үйлену тойларының жаңа түрлері бар. Жаңа мазмұнды жар-жар болсын, беташар болсын, негізінен, жастардың еңбектегі табыстарын, олардың жағымды қасиеттерін мадақтауға арналады.

Х. Арғынбаев.

2.1.14. Жаңа сөздерге назар аударыңыз.

Тұлғаны қалыптастыру – формировать личность

Мемлекеттің қорғауы – защита государством

Кәмелетке толған – совершеннолетний

Еңбекке жарамды – трудоспособный

Қамқорлық жасау – опекать

Еркін неке одағы – свободный брачный союз

Отбасыішілік мәселелер – внутрисемейные проблемы

Дәстүрді жандандыру – возобновить традицию

2.1.15. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

а) Отбасын әлеуметтік қолрғау дегенді қалай түсінесіз?

ә) Қартайған адамдарға мемлекет қандай қамқорлық жасайды?

б) Жинақтаушы зейнетақы қорының рөлі қандай?

в) Некелесу кезінде ата-анамен ақылдасудың керегі неде?

2.1.16. Бөлтірік шешеннің төмендегі өлеңінің мағынасын ұғып алыңыз.

Бала болсаң, болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол.

Досыңа майыспа,

Дұшпаныңа қайыспа...

Жақсы адамға мал бітсе,

Ағайынның жоғына қарасады.

Жаман адамға мал юітсе,

Көрінгенмен итше таласады.

2.1.17. Берілген тіркестердің мағыналарын ұғып алыңыз және олармен сөйлем құраңыз.

1. Болғандай болу – нағыз адам болу

2. Қорған болу – түрлі жамандықтардан сақтау

3. Дұшпанға қайыспау - берілмеу, жеңілмеу

4. Мал біту – баю

5. Жоғына қарасу – қамқорлық жасау, материалдық жәрдем беру

6. Итше таласу –. араздасу

Қазақ тілінде күрделі сөздердің үш түрі бар: қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер.

Қос сөздер (парные слова): ата–ана, бала–шаға, ұл–қыз, қарым–қатынас, әке–шеше, оқта–текте.

Біріккен сөздер (сложные слова): тасбақа, Ақтөбе, Талдықорған, Сарыағаш, күнбағыс, асқабақ, күнтізбе.

Қысқарған сөздер (сокращенные слова): БҰҰ, АҚШ,ҚР, ҚазМҰУ, ЕҰУ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]