Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет по практике.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
215.57 Кб
Скачать

Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі мен түгендеу

Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу- бұл физикалық және моральдық мінездемелерінен айырылу. Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер ету нәтижесі болып саналады.  Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті білдіреді.  Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:  1.Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру);  2.Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);  3. Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);  4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға субъектіден талап ететін, кейбір тауалар сұраныстың азаюы;  5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін;  6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.  Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады. Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады. Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы. Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.  Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.

Амортизацияның әдістері. Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.  Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.  № 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:  -құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;  -өндірістік әдіс;  -кумулятивтік әдіс;  -кемімелі-қалдық әдісі.  1. Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.  Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі. әдіс бойынша амортизациялық аударым:

2.Өндірістік әдіс.  Бұл әдіс объектінің пайдаланылатын уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген.

3.Кумулятивті әдіс.  Кумулятивті әдіс- латынтілінен аударғанда өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді. Кумулятивті әдіс деп айтылуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байанысты. Бұл формула мына түрде жазылады:  АА = Қалған жылдар саны * (бастапқы құн – қалдық құн)  4. Кемімелі – қалдық әдісі.  Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны онығ жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.

Негізгі құралдарды жөңдеу. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөңдеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай (немесе оны ағымдағы деп те атайды) және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.

Күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Егер негізгі құралдарды кәсіпрорын өз күшімен жөндейтін болса, бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады. Ал, кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса, бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгі түрі НҚ-2-ші "Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі" толтырылады.

Бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі (ережесі) бойынша барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ұйымдағы негізгі құралдардың нақтылы бар-жоқтығын анықтап және де олардың іске жарамдылығын бақылау мақсатында жылына бір рет өзінің мүліктеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет. Ұйымдарда негізгі құралдарды түгендеу жылдық қорытынды есеп беретін уақыт алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуікерек. Үйлерді, ғимараттарды тағы да басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана қорларын бес жылда бір рет түгендеуге болады.Негізгі құралдарды жоғарыда көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

- негізгі құралдарға жауапты адам қызметінен ауысқанда;

- негізгі құралдар ұрланған, жоғалған жағдайда;

-өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайларына байланысты;

- ұйым бір бағынышты органнан екінші орган қарамағына ауыстырылғанда және тағы да басқа жағдайларда.Кәсіпорындарда негізгі құралдарға түгендеу жұмысын жүргізу үшін тағайындалған комиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп алулары қажет:

- түгендеу (инвентарлық) карточкалардың, түгендеу кітапшалардың, түгендеу тізімнің түгелдігін және олардың жағдайын немесе жоқтығын;

- негізгі құралдардың төлқұжаттарының немесе техникалық құжаттарының түгелдігін және олардың жағдайын немесе жоқтығын;

- жалға алынған немесе жалға берілген, уақытша пайдалануға және сақтауға берілген, сондай-ақ уақытша сақтауға алынған негізгі құралдардың тиісті құжаттарының түгелдігін немесе жоқтығын.

Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде объектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық нөмірі мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын, тағы да басқа керекті мәліметтерді енгізіп жазулары керек. Түгендеу барысында кәсіпорынның балансына бұрын есепке алынбаған, сондай-ақ есеп тіркелімдерінде сипаттайтын мәліметтері дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті көрсетілмеген негізгі құралдар табылған жағдайда түгендеу тізіміне олар жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып жазылуы керек. Бұрын есепке алынбаған объектілер ағымдағы (түгендеу жүргізілген уақыттағы) баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол күнгі техникалық жағдайына қарап анықталып, субъектінің балансына кіріске алынады. Ұйымның меншігіндегі негізгі құралдармен қатар жалға алынған негізгі құралдарына да түгендеу жүргізіледі. Бұл объектілерге түгендеу жүргізу жалға алғандағы тізімі бойынша жүргізіліп, тізімге негізгі құралдарды жалға берген субъектінің аты, жалдық мерзімі көрсетіліп жазылады. Түгендеу тізімінің бір данасы негізгі құралдарды жалға берген заңды тұлғаға, яғни негізгі құралдың иесіне жіберіледі. Кәсіпорынның бухгалтериясы негізгі құралдарға түгендеу жүргізудің нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесін (ведомосын) жасайды. Бұндай тізімдеме түгендеу барысында анықталған кәсіпорынның бухгалтерлік есеп мәліметтері мен ақпараттарына сәйкес келмейтін бұрын есепке алынбаған, яғни артық шыққан немесе кем шыққан негізгі құралдарға жасалады. Түгендеу жүргізу комиссиясы өз жұмысының соңында қорытынды жасап, өз шешімін шығарады. Бұл шешімді кәсіпорынның басшысы бекітуі керек.

Құрылыс компаниясының қоғамына келіп түскен негізгі құралдар – негізгі құралдарды қабылдау, тапсыру актісімен рәсімделеді. Негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімін және жойылу құнын қоғам өз бетінше белгілейді.

Негізгі құралдардын корреспонденциясы 2400 «Негізгі құралдар»

Дт Кт

2410 3310 Жабдықтаушылардан негізгі құралдар келіп түсті

2420 2410 Негізгі құралдың амортизациясы есептелінді

2410 2420 Негізгі құралдың тозуы есептелінд

ҚОСЫМША. 

Қоғамның негізгі құралдарының қызмет ету мерзімі: 

Негізгі құралдардың аталуы

Қызмет ету мерзімі (жыл)

1

Ғимараттар

30

2

Жабдықтар

20

3

Компьютерлер

5

4

Перифериалық қондырғылар мен деректі өңдеу жөніндегі жабдықтар

5

5

Көшірме-көбейту техникасы

5

6

Көлік құралдары

10

7

Жиһаз

10

8

Шарушылық құрал-жабдықтар

7

9

Байланыс жүйесі және т.б

7

10

Коммутаторлар, концентраторлар, маршрутизаторлар, мультиплексорлар және т.б

7

11

Байланыс турлері бойынша жабдықтар

10

12

Модемдер, телефондар, факстер

5

Негізгі құралдар бойынша шаруашылық операциялар: 

Шаруашылық операциялар мазмұны

Дт

Кт

1

Ұйымға келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарының тозу сомасына

2410

2420

2

Ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға сатқан немесе басқадай жолмен есептен шығарған негізгі құралдарына бұрын есептелген тозу сомасының есептен шығарылуына

2420

2410

3

Негізі құралдарға есептелген тозу сомасына:  - негізгі өндірісте;  - қосалқы өндірісте;  - жалпы шаруашылыққа арналған;  - сатуға қызмет көрсететін салада;  - күрделі құрылысқа пайдалануда;  - алдағы есепті кезеңге жатқызылғандары:  - қысқа мерзімге жалға берілгендеріне. 

8046 8045 7210 7110 2930 1620 7420

2420 2420 2420 2420 2420 2420 2420

4

Негізгі құраладарға тозу сома есептелді:  - негізгі өндірістегі жабдықтарға - көмекші өндірістегі жабдықтарға

- әкімшілік ғимаратына

8010

8030

7210

2420

2420

2420

5

Көмекші өндірістің жабдықтары есептен шығарылды баланстық құнына

7410

2410

6

Жабдықтардың тозу сомасы есептен шығарылды

2420

2410

7

Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың бағасының өсуі

2410

5320

8

Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың бағасының кемуі

5320

2410

9

Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың тозу сомасына енгізілетін түзетулер

5320

2421

10

Артық шыққан, яғни бұрын есепке алынбаған негізгі құралдардың кіріске алынуына:

2410

6280

11

Түгендеу барысында жоғалған, бүлінген негізгі құралдарға жауапты (кінәлі) адам табылып және ол адам төлейтін болған жағдайда төленетін сома

1250

2410

12

Қысқа мерзімге жалға алынған негізгі құралдарга есептелген жал төлемі

8418

3540

13

Қысқа мерзімге жалға алыпған негізгі құралдар үшін есептелген жал төлемі төленеді

3540

1010