
- •1. Бухгалтерлік есеп
- •1.1«Тараз Құрылыс Проект» жшс бухгалтерия мен есебін ұйымдастыру құрылымы
- •1.2. Қаражаттары есебі мен қысқа мерзімді дебиторлық берешек
- •Кассадағы ақша қаражаттарының есебі
- •1.3. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер есебі
- •Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі мен түгендеу
- •Материалдық емес активтер есебі
- •Материалдық емес активтердің амортизациясы
- •1.4. Тауарлы-материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен
- •1.5 . Еңбек төлемі мен есебі.
- •1.6 Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциялау.
- •1.7 Дайын өнім және оны өткізу есебі
- •1.8.Қаржылық нәтижелер және меншікті капитал есебі.
- •1.9. Қаржылық есеп
- •1.10. Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
- •2. Аудит
- •2.1.Аудиторлық фирма жұмысының құрылымы және ұйымдастырылуы. Аудитордың қызмет міндеттері.
- •Ұзақ мерзімді активтер
- •Ағымдағы активтер аудиті
- •2.4. Қаражаттар аудиті.
- •2.5.Міндеттемелер аудиті
- •2.6. Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу аудиті.
- •3. Қаржылық талдау
- •3.1 Ұйымның экономикалық талдауы
- •Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау
- •« Темир Строй Сервис и Ко» жшс-ң өнімнің өзіндік құны динамикасын және шығындарды төмендету бойынша жоспарды орындауды талдау
- •Өнімді өндіру көлемі мен динамикасын талдау
- •3.2Қаржылық есептілікті талдай Қаржылық есептілік және оны талдау
- •«Темир Строй Сервис и Ко» жшс-ң табыстылығын талдау
- •Жалпы капиталдың табыстылық деңгейіндегі ауытқулар
- •II.Оқулықтар және оқу әдістемелік нұсқасы:
1.3. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер есебі
Кәсіпорының қалыпты өндірістік- шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалары мен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды. Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады. Негізгі құралдар- материалдық активтер олар: 1. компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын; 2. әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды. Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар: - негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы; - негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы; - қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі; - негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі. Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер. Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі: -салалар бойынша; -бағыты бойынша: 1. Өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. 2. Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. - пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына: 1. Жер- субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы. 2. Үйлер- еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады. 3. Ғимараттар- іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер. 4. Машиналар мен жабдықтар- әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады. 5. Табыстау қондырғылары- электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары. 6. Көлік құралдары- адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары. 7. Басқа да негізгі құралдар: аспап, өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары, шаруашылық мүлкі, жұмыс малы және өсімтал мал, көпжылдық көшет егістері, жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар. 8. Бітпеген құрылыс. -иелігі бойынша: меншікті, жалға алынған, уақытша пайдалануда. -пайдалану мерзімі бойынша: әрекетті, әрекетсіз, қордағы. - мүліктік құрамы бойынша: инвентарлық, инвентарсыз. - салықтық нысандар бойынша: топталған, әр топқа өзі шектелген норма белгіленеді. Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2400 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі. Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалданған болып бөлінеді: Меншікті негізгі құралдар –сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте ескерілетін негізгі құралдар. Жалданған негізгі құралдар- бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын ие болып, басқа бір ұйымда жалға алу шарты бойынша уақытша пайдаланған негізгі құралдар. Бұл құралдар жалға алушыда баланстан тыс шоттарда есептеледі. Сонымен негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады, қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Қабылданып алынған объект актив ретінде мойындалады , егер - одан кәсіпорын келешекте экономикалық пайда ала алса; - егер активтің өзіндік құнының бағалануы кәсіпорынға сенімді болса. Негізгі құралдар активтердің ең көп көлем мөлшерін құрайды, сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді.