
- •2Тас дәуірі. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері.
- •5 Үйсіндер мен қаңлылар (б.З.Б.II-б.З.Vғ.Ғ).
- •9. Қарлұқ мемлекеті.
- •10.Қимақ қағанаты (9-11ғғ басы).
- •11. Оғыз мемл-ті.
- •23. Әбілқайыр мемлекеті
- •26 Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның “Қосқа жолы ” заңдары.
- •31 Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі. Буланты, Аңырақай шайқастары.
- •36 Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Россия бодандығын қабылдау.
- •38 Абылай және оның билігінің нығаюы.
- •41 Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (XIX ғ. 2-ші жартысы).
- •42 Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
- •43 Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1867-1868 жж. Реформалар.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •58 Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.
- •59 Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •65 Хх ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •67 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
- •79.Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.).
- •96 «Қазақстан-2030» стротегиясы .
- •98 Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
38 Абылай және оның билігінің нығаюы.
Орта жүз бен Ұлы жүздегі жағдай аз уақыт турақталғаннан кейін XVIII ғасырдың 40-жылдарының аяғына қарай тағыда шиелініске бастады. Қойтайшы Калдан –Церен қайтыс болған соң Жоңғарғарияда орын алған өзара қырқыс осы құдіретті державаның әлсіресеуіне және бүкіл аумақтағы саяси жағдайдың шиеленісуіне әкеп соқты. Қалыптасқан жағдайды пайдаланған қазақ даласының билеушіері де Жоңғария мен көрші мемлекеттердің істеріні белсене араласа бастады. Орта жүз бен Ұлы жүздің ресми ханы Әбілмәмбет болып қалғанына қарамастан, нақты билік бірте-бірте ықпалды султан Абылайдың қолына жинақтала берді, ол қазақ – жоңғар соғыстарының барысында қалыптасқан батырлар мен билердің үлкен қолдауын сүйенетін.
Абылай хан 1711 жылы қанішер Абылай ханның баласы Уәли султанның шаңырағында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты Әбілмансұр болатын. Жоңғарлар Түркестанды алып, Уәли султанды өлтірген кезде, 13 жасар бала мүлде панасыз қалады да, Әбілмансұр Ораз дейтін құлының арқасында жан сақтап, бұғанасы бекиді. Ұйпа – тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атап кеткен. Болашақ хан Әбілмансұр 1730 жылы ауыл адамдарымен бірге жоңғарларға қарсы шайқасқа қатынасып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі. Сөйтіп, Абылай 30-жылдардың аяғынан бастап, елдің саяси өмірінде тағдырлы соғыс және бейбітшілік проблемаларын шешкен көрнекті тұлғаға айналды. Сол арқылы Абылай бүкіл күш- қарайтын жоғарғы билікті нығайтуға және қазақ хандығын ұзаққа созылған саяси дағдырыстан шығаруға бағыттады. Қазақ руларының Абылай төңірегіне топтасуы оның Жоңғарияға қарсы белсенді де нысаналы қимылдауына көп жағынан көмектесті.Орта жүзде Абылай билігінің нығайюына елдің оңтүстік шекараларын нығайту жөніндегі белсенді қызметі себепші болды. 50-60 жылдардың басында қазақтардың қырғыздармен қатынастары ерекше шиеленісіп кетті. Алатаудың солтүстік жағындағы, Жоңғария құлағыннан кейін қазақтар да, қырғыздар да көз тіккен Ұлы жүздің қазақтары әділетті түрде оны өз мүдделерін қорғаушы деп біле бастады. Сонымен, 60-жылдардың аяғына қарай Абылай султан Қазақстанның көпшілігі бөлігінде жоғарғы билікті нығайтып алды. Орта жүз бен Ұлы жүз оған толық бағынды, Кіші жүздің көптеген билеушілерімен ол әулеттік қыз алысып, қыз берісу арқылы туыстық жағынан байланысты болды. Батыр хан мен Ералы султан оның одақтастары еді, тіпті Нуралы хан онымен санасуға мәжбүр болды. Әбден қартайған Әбілмәмбет ресми түрде жоғарғы билеуші болып қалғанымен, сол кезеңнің өзінде-ақ Абылай ресми хат алысқанда хан деп атала бастайды. Әбілмамбет қайтыс болғаннан кейін ғана Абылай 1771 жылы жалпы қазақ ханы болып жарияланды. Бұл бір тутас тәуелсіз қазақ хандығын сақтауға жасалған соңғы әрекет еді
39. Сырым Датұлы басқарған 1784-1797жж Кіші жүздегі көтеріліс
Себебі: Жер мәселесінің шиеленісуі: патша үкіметінің қазақтарға мал жайылымы ретінде Жайық пен Еділ өзендерінің арасына өтуге шектеу жасағандығы. Феодалдық және колониалдық қанаудың күшеюі. Ханның, сұлтандардың, орал әскерінің казактары мен патша әкімшілігінің халықты ашықтан-ашық талан-таражға ұшыратуы
Салдары: Орал казактарының 1782-1783 жылдардың қысында Кіші жүздің «ішкі жаққа» (Жайық өзенінің сыртына) өткен малшыларынан 4 мыңнан астам жылқыны қуып кеткендігі
Әдейі ұйымдастырылмаған толқулардың басталуы; олардың кең таралуы; көтеріліс отрядтарының құрылуы. Басқарушы – батыр Сырым Датов (ірі феодал). Оның негізгі мақсаты – хан билігін жою. Нұралы ханның көтерілісті басу жөніндегі патша әкімшілігіне жасаған өтініші. Көтерілісшілердің казак бекіністерін шабуылдауы.
1785 жыл – Жазалаушы отрядтардың бейбіт ауылдарды талқандауы. Халық наразылығының ұлғаюы. Көтерілісішілер қатынасқан старейшиналар съезі: қойылған талаптарды талқылау.
1786 жыл – көтерілісшілердің хан ауылдарына шабуылы. Нұралы ханның қашуы. Патша үкіметінің Нұралыны биліктен тайдыру жөніндегі шешімі. Кіші жүзді үш бөлікке бөлу.
1790 жыл – Есім ханды сайлау.
1791 жыл – патша үкіметінің Ералыны хан етіп тағайындауы. Халық наразылығы. Феодалдарға қарсы қозғалыстың кең өріс алуы
1797 жыл – Хан кеңесінің құрылуы. Сырым отрядының Илецк бекінісіне шабуылының сәтсіздікке ұшырауы. Феодалдардың халық көтерілісіне қарсы күресу үшін күш біріктіруі. Сырым Датов Хан басқармасының құрамына ендірілді. Көтерілістің тоқтатылуы.
40 1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» 1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді.
1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды.
«Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.
Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.
1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады