Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих гос билеты.doc asek.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
604.16 Кб
Скачать

9. Қарлұқ мемлекеті.

Қарлұқтар жайлы алғашқы деректер(Болат деген атпен белгілі) 5ғ-ға жатады. Олар Алтайдан Балқаштың шығ.жағалауына дейін жайлаған көшпелі тайпа болған. 7ғ-дың ортасында қарлұқ бірлестігінде үш ірі тайпа: болат, шігіл, ташлық енді. 742ж осы үш тайпа одағы – қарлұқ, ұйғыр және басмылдардың біріккен күші Шығ.Түріктерге қарсы шықты. Түріктер жеңілді. Олардың қағанатының орнына жаңа мемл-т Ұйғыр қағанаты п.б.(744-840)

756ж қарлұқтар ұйғырлардан жеңіліп Жетісуға келді де, ерте феод. мемл-т қарлұқ қағанатын құрды. Астанасы – Суяб. 766-775жж қарлұқтар қашғарияны, ал 8ғ-дың аяғына қарай Ферғананы да жаулап алды.

Қарлұқ көсемі жабғу деп аталды. 840ж-дан кейін ғана қаған атағын алды. Араб географы әл-Маруази(12ғ) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болған дейді. Қарлұқтар үстемдік еткен халық этникалық жағынан біртектес болған жоқ. Оның ішінде таяу шығыс пен орта азиядан көшіп келген иран тілдес соғдылықтар да болды. Араб географы ибн Хаукаль(10ғ): «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек болды»,- деп жазған. 840ж Ұйғыр қағанатының құлауы Азия даласы үшін маңызды оқиға болды. Енисей қырғыздары ұйғырларды Тұрпан жазирасы мен Ганьчжоу аймағына қоныс аударуға мәжбүр етті.

9ғ-да арабтар қарлұқ жеріне жорық жасап Исфиджабты жаулап алды, Таразды қоршады. Ұзақ қорғаныстан кейін қала халқы исламды қабылдады. Қарлұқ қағанатының ордасы Тараздан Қашғар маңына көшірілді.

Қоғамдық құрылысы. Қарлұқ мемл-нде басқарудың әскери әкімшілік жүйесі болды. Дерекке қарағанда қарлұқ елінде 25 қала мен елді мекен болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Барысхан және т.б.

10.Қимақ қағанаты (9-11ғғ басы).

Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректеріндегі яньмо тайпасыиен тығыз байланысты. Яньмо н-е қимақтар 8ғ басында монғолияның солт.бат-да өмір сүрген. 656ж бұл тайпа көзге түсе бастады. 11ғ парсы тарихшысы Гардези еңбегінде қимақтар татарлардан тарайды делінген. 840ж Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның тайпаларының біразы қимақ бірлестігіне қосылды.

Қимақ тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді. 9ғ. 2-жарт. Қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді.

Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі қуаттысы қыпшақтар болды. 8ғ-11ғ-басына дейін олар Алтайдан Ерт іске дейінгі, бат. Оңт. Орал таулары Еділ өзеніне дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты, 11ғ.басында қимақ мемл.-ң шекарасы тұрақтана бастады. Оларға Булгариядан, Орта Азиядан ж-е қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды.

ҰЖЖ-нан Ертістегі қимақ қағанының ордасы Имақияға керуен жолының бір тармағы п.б. Қимақ қағанаты құрылып күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілерде ең жоғарғы атақ – қаған деген атақ иемденді

Шаруашылығы. Араб географы ибн-Хаукальдың айтуынша Түрккістанда әсем елтірі беретін қой өсіретін. Қарлұқтар мен қимақтарда да түйе болды, бірақ оғыздардан аз өсірді.

11. Оғыз мемл-ті.

Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғаридің(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».

9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ).

10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді.

10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты.

Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді.

12 Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Қарахан мемлекетінің құрылуы. X ғасырдың орта кезінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталыға – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекеті тарихының бастапқы кезеңі жөнінде сенімді мағлұматтар деректемелерде сақталмаған, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді.Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезенің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мәселен: Қараханид мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955 жж.), Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды. Жаңа билік иелерінің басшысы өзін «қара қаған » немесе «қара хан» деп атады. Осыдан келіп тарихта бұл әулет қарахандықтар әулеті деп аталды. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана қаласы-Қашқар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен–ілек Баласағұнды иеленді. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Оның екінші жерінің орталығы Қашқар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді.Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен екі әулеттің Әли Арслан-хан мен Хасан Боғра-ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Мемлекеттің этникалық құрамы: шігіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б түрік тілдес тайпалардан тұрған. Шігіл және Яғма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер алма-кезек осылардан тұрған.

Өкімет ұймы-мемлекеттік қурылым.Жоғарғы өкімет билігі хақанның (ханның) қолында болды. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Үстем тап өкілдеріне ханның ұрпақтары тегіндер, ілек (ел) хандар, бектер, нөкерлер жатқан. Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілген. Ұлестік жерлер ірі жене кіші болып бөлінген. Хақанның сарай маңындағы қызметкерлерінен құралған тұрақты ұйымы болды. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болды, ол әрі көмекші , әрі кеңесші болып саналады. Қараханидтер кезіндегі уәзірлер, қарлұқ қағанының «көл-еркіндеріне» ұқсас . Махмұд Қашқаридің жазуына қарағанда, «көл-еркіннің» мәні көл-кесір, ұшаң-теңіз, ақыл-ой деген мағынаны білдірген. Шындығында, қазақша уәзір сөзі ақыл-ойдың кені..Хақанның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін жері-орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. Олар: хақанның уәзірлері, нөкерлері, орынбасарлары, қазынашылары, елшілері, хат жүргізушілері, аспапшылары және т.б жеңіл-желпі жұмыс істейтіндер.

Қараған мемлекетіндегі қоғамдық құрылыс басқару тәртібі, жер иеленудің түрлері, алым-салық алудың жүйесі, әлеуметтік теңсіздік, қанаудың түрлері туралы сөз еткенде, орта Азиядағы мемлекеттердегі қоғамдық құрылыстың әсері болғандығын ескерген жөн. Мәселен, отырықшы-егіншілік округтерде негізінен саманилер тұсында қолданылған құрылымда сақталды. Мұнда бұрынғысынша қоныс және қала басшылары (мехталар, әкімдер, раистер) болды. Сонымен бірге ілік-хандар тұсында, сахиб-барида (мәліметшілік қызметтерде қоса атқаратын почта бастықтары), мұстауфалар (финанс –салық ведомствосының чиновнигі мен бастығы) және т.б да лауазымдар сақталды.

Тұтас алғанда Қарахан мемлекетінің мемлекеттік-әкімшілік жүйесі феодалдық негізде орнықты. Ол отырықшы және көшпелі халық бұқарасын қанап, бағынышта ұстау мақсаттарына қызмет етті.

13. Қыпшақ хандығы (XI ғ басы-1219 ж.). Қыпшақ және олардың қоныстануы.«Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады.656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі.XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді:  1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;  2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар;  3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.

Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Қоныстануы.

XI ғ. орта кезінде қыпшақтар қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, Оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі Оңтүстік Батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанды.Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, Оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады.Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізгінен тұрақты болған, тек Оңтүстік-батыс шекарада XII ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезм шахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді.

Қыпшактардың қогамдық қурылымы.Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі- малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған. Ибн Батутаның (араб тарихишсы) хабарына қарағанда, жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған, кәдуілгі хұқтың (төрелік айту) нормасы олар айыпталуға тиіс деп есептелген. Мәселен: егер біреудің атын ұрласа, атты қайтарумен бірге 9 ат айып беруге тиісті болған.Төменгі топқа малы аз шаруалар жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретіңде пайдаланылды, ешқандай құқы болмаған. Ондайлар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа сатылып отырған. Шежіреде қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп атаған. Олар заң жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне тәуелді болған. «Ерлерден» хан есебінде жасақтар құрылды. Махмұд Қашғаридің жазуы бойынша малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, көп жағдайда олар ханның немесе үстем тап өкілдерінің тәуелдігіне түскен.

Сөйтіп, қыпшақ хандығы қалыптасқан ерте феодалдық мемлекет болды, ол көнетүрік мемелекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.

3. Орта ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті .

  1. Ежелгі түріктердің материалдық және рухани мәдениеті. Негізгі шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Жайылым ақсүйектер қолында болды. Негізінен жылқы мен қой өсірді. Қыпшақ қоғамында байлық жылқының санымен есептеген.Батыс Түрік қағанатында қарақұйрықтар мен бұғылардың ұрық безінен хош иісті зат мускус алынды. Мускус парфюмерияда, дәрі жасауда пайдаланылды.

Түрік тайпалары егіншілікпен де айналысты. Көшпелілердің отырықшылыққа көшуінің себептері: мал санының азаюы, малдың және жайылымдардың, су көздерінің ақсүйектер қолдарында топтасуы. Егішілік негізінен Сырдария, Шу , Талас, Іле өзендерінің аңғарларыда айналысты. Жетісу өңірінде бидай, тары, жүзім өсірілді. Түрік тайпаларында қолөнер дамыған: қыш өндірісі, ұсталық, зергерлік, тоқымашылық. Шыны жасау, сүйек өңдеу. Металлургияның дамуы түрік қағандарына әскерін қарумен жабдықтауына мүмкіндік берді. Әуелгі ортағасырлық қағанаттар Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Шығыс Түркістан, Сібірмен сауда байланыстарын жасады. Тараз, Отырар, Сығанақ маңызы зор болды. Сауда қала дамуындағы факторлардың бірі. Сауда түрлері: мемлекетаралық, қала мен оның төңірегі арасындағы, қала мен дала арасындағы сауда. 6-8 ғ. Теңгелерді белді тайпалардың атақты адамдары шығартып, оған өз таңбаларын бастырған. Ағылшын түркологы Клоусонның болжамы бойынша алғашқы түркеш теңгелері Ақбешімде соғылды. Кейін Исфиджаб, Отырар, Будукент, Таразда теңге сарайлары салынған. 9-10 ғ. Қазақстан жерінде Саманилер әулетінің күміс дирхемдерді, алтын динарлары, мыс теңгелері айналымда болды. Алтын динарлар халықаралық валюта ретінде қолданылды. 12-13 ғ. Күміс дағдарысында дирхемдерді мыстан құйып, сыртына күміс жалатты. Тараз қаласы саудагерлер қаласы, Суяб әр елдің саудагерлері кездесетін, ал халқының жартысы саудамен айналысатын қала атанды. 20) Қытай деректерінде Монғолия халқы татарлар деп аталған. Шыңғыс хан мен халқы өздерін монғолдар деп, ал мемелекетін Монғол мемлекеті деп атаған. 12 ғ. Монғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеген. 12 -13ғғ. Басында әскери феодалдық монғол мемлекеті құрылды. Астанасы Қарақорым. Оның негізін қалаушы бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баласы Темучин. Ол 20 жылға созылған күресте барлық монғол тайпаларын біріктірді. 1206 жылы хан болып сайланып Шыңғыс хан атанды. Монғол тайпалары Ш.х. ұлысы саналып үш қанатқа бөлінді: оң қанат баруңғар, сот қанат жоңғар, орталық гол. Әр қанатта ондыққа негізделген әскер болды: түмен, мыңдық, жүздік, ондық. Шыңғыс хан әскері 95 мыңдықтан құрылды. Ханның таңдаулы он мыңнан тұратын әскері болды. Монғол шапқ.: Шыңғыс хан: билігін күшейту, ішкі талас тартысты болдырмау, ақсүйектердің талабын орындау, халқын жаңа жайылымдармен қамьамасыз ету маөсатында жаулаушылық жорықтар бастады. Ш.х. соғысу тәсілдері: жорыққа шықпастан бұрын сауда керуенін жіберіп, ол ел туралы мәліметтер жинады, дінге қысым көрсетпеген, жаулап алған елдердің соғыс техникасын, халқын шапқыншылық соғыстарды пайдаланды. 1207-1211 жылдары Сібір халықтарын, Енисей қырғыздарын, Шығыс Түркістанды бағындырды. Ұйғыр мен Тұрпан князьдықтары монғол билігін қабылдады. Солт. Қытайды жаулап, олардың әскери техникасын пайдаланды. Ендігі мақсаты Орта Азия мен Иранды, Таяу шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еурпаны бағындыру. Әлі жаулап алмаған Ертіс , Арал теңізі ме Әмудария ның батысын Жошы ұлысы етіп белгіледі. Ш.х. Жетісудың гүлденген қалалары мен жайылымдары қызықтырды. Монғолдар Жетісуды қарсылықсыз басып алды: 1210-1211 ж. Қарлұқтар билеушісі Арсылан хан Шыңғыс хан билігін мойындады. 1218 ж. Баласағұн соғыссыз берілді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды алған соң монғолдар Оңт. Қаз. арқылы Орта Азияға жол ашты. 1219 ж. 150 әскерімен Ш.х. Отырарды қоршады. Қайыр хан 80 мың әскерімен қаланы бес ай қорғады. Алтыншы айда Қараджа сатқындығынан кейін қаланы жаулады. Жошы әскері Оңт. Қаз. қалаларын басып алды: Сығанақ, Ашнас, Жент, Баршынкет, Үзгент. 1219-1221 ж. Орта Азия түгелдей жаулап алынды. 1219-1224ж. Қазақстан Мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды.

16.VIII-XII ғасырлардағы ғылым және мәдениет. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашғари, Ахмед Яссауи.6-8 ғ. Түркі тілдес тайпалары арасында ерте дәуірден басталған ауысша шығармашылық дәстүрі дамыды. 8-10 ғ Сырдария алқабында қыпшақ оғыз арасында Қорқыт ата эпосы тарады. Қорқыт ата қазіргі Қызылорда Қармақшы ауд. Туған атақты жырау. Қорқыт ата кітабы алғаш зерттеуші неміс Диц Қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққан және оның көп халықтардың әулие түтатынын айтады. Оғыз нама эпосы ел арасында кең таралып 13 ғ. Рашид ад дин , 18 ғ. Әбілқазы көшірген. Онда Оғыз өмірі баяндалады. 7 ғ жазба әдебиеті шыққан. 9-12 ғ ислам дінінң таралуына байланысты әдеби және ғылыми шы,армалар араб тілінде жазылды.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы. 1 Әбунасыр Әл-Фараби Қазақ жерінде түып өскен ұлы ойшыл, әмбебап-ғалым. Мұсылмандық Шығыста «Екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі) ретінде белгілі болған оның қызметі X ғ. Қатысты. Ол 870 жылы түрік отбасында Фараб (Отырар) қаласында туған. Ол өзінің ана тілі-түрік тілінде оқиды, кейін Халифаттың мәдени орталығы болған-Бағдатқа барады. Сонда араб тілін біліп үйреніп, ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен тілдерді оқып үйренеді. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін ынта қойып оқиды, одан кейін әлемдік озық дәстүрлермен жан-дүниесін байытады да орта ғасырдағы араб шығысының негізгі идеялық ғалымдарының біріне айналады.Әл-Фараби өзінің көзқарасымен ибн Синаға, ибн Буттутаға, ибн Туфайльға, ибн Рушдқа, еуропалық философия мен ғылымға айтарлықтай ықпал жасады. Ол түрлі елдерде тұрса да отанын ұмытқан емес, өзінің түріктерге жататынын әрқашан айрықша атап көрсеткен. Әл-Фараби 950 жылы Дамаскіде қайтыс болды.Біздерге жеткен деректерге қарағанда, Әл-Фараби 100-ден астам трактат жазған. Әзірге олардың 32-ғана табылған. Логиканы ол эмпириялық мәліметтер мен оның шындығын дәлелдеуге нағыз әмбебап құрал ретінде барлық ғылымдардың негізі деп білді.Әл-Фарабидің әлеуметтік-этникалық ілімі «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап» утопиялық идеяға негізделген. Рухани және дүниелік билікті қоса алып жүретін зиялы әкім игілік пен әділеттіліктің барша шындығын танып, оған азаматтарын сендіре алса, онда олардың күштерін бірлестіре отырып бақытты өмір құратынына үміт артты.Махмұд Қашқари ХІ ғасырдағы әйгілі автролардың бірі Махмұд Қашқаридың есіміне байланысты түрік тіліндегі әдебиет тез дамыды М.Қашқари өміріндегі жинақтаған байқауларын өзінің басты еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түрік тілінің сөздігі (1072-1083)») деген кітабында қорытындылады. Оны ежелгі ортағасырдағы түріктердің халақтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.Сөздік қазіргі кезде ХІ ғасырдағы түріктер өмірі, олардың материалдық мәдениетіндегі өзгерістер, нақты тұрмыс-тіршілік салты,фольклоры, этникасы мен топонимикасы, этнографиясы, рулар мен тайпаларға бөлінуі, терминдер мен олардың қасиеттері, титулдар мен лауазым адамдары, тағамдар мен ішімдік аттары, өсімдіктер мен дақылдар, халықтық күнтізбе және т.б. жайында мағлұматтар беретін бірден-бір ақпарат көзі.Жүсіп БаласағұнЖүсіп Баласағұн өзі «Құзорда» деп атаған Баласағұн қаласында 1015 немесе 1016 жылы түрік шонжарының отбасында дүниеге келді.Сол замандағы оқыған, ірі ғұламалардың бірі және бірегейі. Ол «Құт негізі – білік» («Құтадғу білік») дастанын жазды, ол 6520 бәйіттен (85 тараудан) тұрады және оның 124 бәйіттен құралған қосымшасы бар. Бұл дастан - жай этикалық-моралдық трактат емес, автордың пікірінше, ол идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі сословиелік адамдардың мінез-құлқының ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактикалық шығарма. Дастан кіріспесінде атап көрсетілгендей, ол «түрік сөздерімен бограхандық тілде» жазылған. «Егер осы тілде жазылған (осындай) кітаптар көп болса, бұл біздің тілде даналықтың басын қосқан тұңғыш жинақ», -дейді автор.Аталмыш дастан мазмұнының байлығы, тілінің көркемдігі жағынан дүниежүзілік әдебиеттегі тамаша ескерткіштердің бірі, ол қарахандар заманындағы гүлденген мәдениеттің куәгері.Қожа Ахмет Яссауи Қожа Ахмет ибн Ибрагим әл Иассауи (басқа нұсқаларда Қожа Ахмет Иассауи Хазірет Сұлтан, Иассауи, Иассеви) дәуіріш, әулие сопы ілімін насихаттаушы, ақын - мұсылман әлеміне танымал тұлға..Ахмет Иассауи XI ғасырдың аяғында Испиджаб (қазіргі Сайрам) қаласында Ифтихад ұлы Иахмед, Махмедтің ұлы Ибраһим пірдің семьясында туған. Бала өте қабілетті боп өскен, сондықтан ата - анасы оны жергілікті түрік хазіреті сопылардың ұстазы Арыслан - Бабаға шәкірттікке берген (басқа нұсқалар бойынша, Арыслан-Баба, Арыстан-Баба). Арыстан-Бабаның кеңесімен Иассауи Халифаттың діни-рухани Орталығы - Бұхараға барған. Мұнда ол шейх Қожа Жүсіп әл Хамадинидің басшылығымен діни-адамгершіліктің, жетілудің, сопылықтың толық діни ұстазынан ақиқатты танудың сопылық жолы - тариқатты оқыту үшін рұқсат алады. Жүсіп Хамадинамен бірге жас Иассауи Меккеге алғаш рет қажылыққа барады, мұнда өз уақытының танымал сопыларымен кездесіп, өзінің рухани өмірін байытады. Қысқа мерзім ішінде ол сопылық діни ағымның дінбасына айналады. Түріктік тайпалар мәдениетін дамытуда да Ахмет Иассауи ролі айрықша, оның "Диуани Хикмет" өлеңдер кітабы сол кездегі араб және парсы тіліндегі жазу дәстүріне қарамастан түрік тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ диалектісі). "Диуани Хикмет" араб тілінен "өсиеттер жинағы" деп аударылады. Бізге XII ғасырдан жеткен ортағасырлық осы әдебиет ескерткіші бүкіл түркітілдес халықтардың ортақ мұрасы болып табылады. Осы кезге дейін иассауи еңбектері өлең түрінде болды, 1990 жылы ҰК қолжазбалар қорынан прозамен жазылған философиялық еңбегі табылды. Бұл – "Рисала" (трактат) "Миратул кулуб". "Ақыл айнасы" – "Диуани Хикмет" – поэтикалық шығарма, ескі түркі тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ). "Рисала" ислам қағидаларын түсіндіретін прозалық шығарма. Қағаздың көнелілігі мен жазылу мәнеріне қарағанда "Рисала" "Диуаниден" ерте жазылған деп ойлауға болады. Онда Мағрипат, Шариғат, Тарихат, Хакиқат ретіндегі ислам ілімінің негіздері жеке қаралады және Құран аяттарына түсініктеме беріледі.

17 Қазақстандағы  исламҚазақстанның  тарихы мен  мәдениеті  жүздеген жылдар бойы исламмен байланысты. Орталық  Азия аймағына мұсылмандық идеяларының келуі VII-VIII ғасырлардан басталады. Бірінші араб миссионерлері сонау VII ғасырдан бастап аймағымызға келе бастаған. Ислам жеңісінің соңы VIII ғасырда болды. 751 жылы Тараздың  жанындағы Атлах қаласында араб армиясы  қытай әскерлерін жеңіп, қытай әскерлері Жетісуді тастап қашқан. Осы жеңістен кейін  бүкіл Орталық Азияда исламның бекуі мен мұсылман мәдениетінің күшеюі басталды.Қазіргі Қазақстан аумағында исламның дамуы бірнеше жүз жылдарға дейін созылды. Жаңа дін бірінші оңтүстік аудандарда дамыды. Х ғасырда ислам Жетісу мен Сырдария өңірлерінде кең тарады. Алдымен Х ғасырда мұсылмандықты қабылдаған Қарахандықтар әулетінен Сатық, ал оның баласы Боғра  хан  Харун Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады.Аймақтың исламдануы  басқа да діндердің болуына қарамастан бейбіт мақсатта жүрді. Ұлы Жібек жолы көптеген дін үйретушілердің даңқты жолы болды, оларға христиандықты, буддизмді, зороастризмді жатқызуға болады. Алқаптағы түркі жұртшылығына кең тараған теңгірлікті де айтуға болады. Жұртшылық  арасында исламның таралуы ешқандай қанаушылықсыз-ақ таратылып жатты. Ислам мәдениеттің дамуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл дінге бейімделу Таяу және Орта Шығыс елдерімен рухани, ғылыми, мәдени байланысуға септігін тигізді. Әртүрлі ұлт өкілдерінің қарым-қатынасы білім мен өнер саласының өркендеп, мұсылмандықтың  Ренессанс дәуіріне негіз салды. Жалпы, IХ-ХII ғасырлардағы  араб-ислам әлеміндегі мәдениеттің дамуын осылай атайды

18  Ұлы Жібек жолы VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің  тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.    Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның  оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда  төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет  қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».       VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі  болғаны туралы жазба деректер аз емес.  Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде  арабтар Фадл-Ибн Сахлдың  басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар  қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған

19 Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды. Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моң ғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.

20 Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті ж ылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді.«Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады.Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.)Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.Алтын Орда өзін билеген хандары: Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді.Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды.Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады.

Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады.

21 XIII ғасырдың ортасында Шығыс Дешті Қыпшақта құрылған Ақ Орда мемлекеті XV ғасырдың 1-ширегіне дейін өмір сүрді . Бұл мемлекет Жошы ұлысының шығыс жағында орналасты . Ақ Орда мемлекетінің негізін Жошының үлкен ұлы - Орда Ежен салған еді. Бастапқы кезде Ақ Орданың құрамына Жетісудың солтүстік -шығысы, ұлытау мен Кентау (ұлытау - бүгінгі Жезқазған облысында, Кентау - бүгінгі Оңтүстік Қазақстан, Түркістан қаласы маңында), сондай-ақ Ертіс өзені бойы кірді. ұзақ уақыт Ақ Орданың саяси орталығы Ертіс өзені мен Алакөл маңында болды. Кейіннен хан ордасы Қазақстанның оңтүстігіне Сығанақ қаласына көшірілді. Бертін келе монғол билеушілері - ақ сүйек ("төре") тұқымы біртіндеп қазақтарға (түріктерге) сіңісіп, қазақ (түрік) рулары мен тайпаларының рөлі өсе түсті. Ал, Алтын Орда ыдырағаннан кейін, Ақ Орда тәуелсіз, егеменді елге айналды. Алайда Ақ Орда бөлінгенге дейін Алтын Орда билеушілері тарапынан кез келген саяси бостандыққа деген талпыныстарға тосқауыл жасалып келді Орталығын Оңтүстік Қазақстанға көшіріп, Сығанақ қаласын астана еткен Ақ Орда мемлекеті - Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланысты кеңейтті. XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда билеушілерінің арасында қайшылықтар туып, өзара билік үшін күрес жүргізіп "дүрбелең жылдарды" бастарынан өткізді. Тақ үшін күреске Ақ Орда хандары белсене араласты. Әсіресе, 1361 жылы билікке келген Орыс хан Алтын Орда тағы үшін күрес жүргізіп, 1368 жылы Еділ өзені маңына бірқатар жорықтар жасады. Ол 1374-1375 жылдарда Алтын Орданың астанасы Сарай қаласын жаулап алып, Хаджы-Тархан (Астрахань) қаласын қоршауға алды . Біраз уақытта Кама болғарларын өзіне бағындырды. Алайда Орыс ханның жетістіктері уақытша сипат алды. ¤йткені, ол Алтын Орданы уақытша билеуші Мамайды биліктен кетіре алмады, сонымен қатар 1376 жылы Ақ Орданың оңтүстік шекараларында Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің (қаталдығы жағынан аты шыққан Темірлан) агрессиялық әрекеті белең ала бастады. Осындай жағдайларға байланысты Орыс хан Еділ өзені маңынан Дешті Қыпшаққа қайтуға мәжбүр болды

22 Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары. Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі.    XVI ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375*1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады.

Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.

    Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.

    Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмір Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген.

       Моғолстанның ыдырау кезеңі. Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді.