Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих гос билеты.doc asek.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
604.16 Кб
Скачать

98 Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін.  Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.  Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.  Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз.  Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяситежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз. Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз.  Алтыншыдан, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.  Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр. Бүгін, cіздерге, құрметті қазақстандықтар, өзімнің жыл сайынғы Жолдауымды арнай отырып, мен Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынғым келеді.

Қазақстанның 50 әлемдік бәсекеге барынша қабілетті елдің қатарына кіру стратегиясы.ҚР былтыр 61орында болса, биыл 56 орныда. Денсаулық жағынан 86 орында, жоғарғы білім жағынан 54 орын, бизнестің дамуы жағынан 72 орын, өмірдің сапасы жағынан 78 орында, экономиканың тұрақты дамуы жөнінен 70 орында. 2006 жылғы стратегияның маңызы:1әлемді к экономикаға кіру , Халықаралық маңыздағы “серпілістік” жобаларды      іске асыру, индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың             белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру 2)Қазақстан экономикасында көп салалы тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасын қалау. 3)қазіргі заманға сәйкес әлеуметтік саясатты қолдану,4)осы замандағы білім беруді дамыту,5)басымдылық: демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту,6)басымдылық: ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру, терроршылдық, экстремизмдік, секталармен күрес. ҚРның 8 артықшылығы: 1) тәуелсіз мемлекет,2)бұрынғы саяси және экономикалық жүйеден бас тарттық, 3)қоғамда түбегейлі өзгерістер басталды, 4)біздің халқымыздың жоғары сапасы, 5)бай табиғи ресурстарымыз 6)орасан зор ауылшаруашылық жерлеріміз 7)қоғамдағы саяси тұрақтылық 8)ҚР байсалдылығы мен төзімділігі, аөжарқындылығы, кеңпейілділігі. Н.Назарбаев 8 үлкен ұзақ мерзімді басымдылықтарды анықтайды: 1)ұлттық қауіпсіздік 2)1992 ж Қазақстанның қарулыкүштері құрылды, әскери доктринасы 3)ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы 4)шетел инвестицияларынан ішкі жинақтардың арқасында экономиканың өсуін қамтамасыз ету 5)ҚР азаматтық денсаулығы және әлауқаты 6)энергетика ресурстары 7)инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс 8)кәсіби мемлекет.қалыптасуы. «Қазақ» энтонимі.Тарихи әдебиетте қазақ этнонимінің шығуы жайында әр түрлі пікірлер кездеседі. Мәселен, әйгілі шығыстанушы ғалым Бернштам қазақтың атын сақтармен байланыстырады. Қазақ сөзі ежелгі замандағы Каспий және сақ деген екі тайпаның атының қосылуынан шыққан деп тұжырым жасайды.

100«ДАҒДАРЫСТАНДАМУҒА» Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз. Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді. Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өттік. Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз тағы бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық. Біз осылайша сындарлы жылдар мен күрделі кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстік. Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. Сол сияқты қазіргі әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс. Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде "көппен көрген ұлы той" деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бірлігін бекіте түскен. Қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған. Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. Алдымызда бізді үлкен белес күтіп тұр. Ол - Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Дүние дамуымен есептегенде жиырма жыл деген көп те емес шығар. Бірақ біз үшін үлкен кезең тұтас бір дәуірмен барабар. Олай болатыны, тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша. Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз. Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмайды. Солай боларына нақты сеніңіздер, құрметті отандастар