Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих гос билеты.doc asek.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
604.16 Кб
Скачать

96 «Қазақстан-2030» стротегиясы .

1997жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды.

Жолдауда қаралған мәселелер:  1Экономикалықдағдарыстаншығужолдары. 2.Реформалардыаяқтау. 3.алдыңғықатарлымемлекеттерқатарынақосылу. 4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру.Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.Бұл бағдарлама еліміздің саяси, әлеуметтік-экономиқалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.2030 жыл –Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады

96 "Қазақстан-2030 стратегиясы”.1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:  1.Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.  2. Реформаларды аяқтау.  3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.  4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:  Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.

Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.

Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтаноның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.Экономикалық стратегия.Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.

Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:  1. Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою.  2. Жекешелендіру процесін аяқтау.  3. Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру.  4. Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.  5. Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.  6. Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.

Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫ — ел дамуының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 ж. қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат — ұлттық бiрлiкке, әлеум. әдiлеттiлiкке, бүкiл жұртшылықтың экон. әл-ауқатын жақсартуға қол жеткiзу үшiн тәуелсiз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетiн орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзiмдi негiзгi бағыттар бөлiп көрсетiлдi: Ұлттық қауiпсiздiк: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, елiмiздiң тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуы. Мемлекеттiң тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететiн барлық қажеттiлiктер шеңберiндегi бастапқы шарт — ұлттық қауiпсiздiк және мемлекеттiлiктiң сақталуы. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi көрсеткiшi ретiнде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықар. ин-ттар мен форумдардың көмегi мен жәрдемiн пайдалану қажеттiгi атап көрсетiлдi. Мұның өзi халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi, Қазақстан азаматтарының өз елiне деген сүйiспеншiлiк сезiмiн арттырады. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсiз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршiлерiмен және дүние жүзiнiң жетекшi елдерiмен өзара тиiмдi қатынастар қалыптастыруға саяды. Iшкi саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бiрлiк — қоғам мен мемлекеттiң одан әрi дамуының кепiлi. Бұл салада барша азаматтар үшiн тең мүмкiндiктiң және барлық этн. топтар үшiн тең құқықтың болуына кепiлдiк беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелердi шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзiмге қамтамасыз ететiн дәулеттi Қазақстан мемлекетiн орнату мiндетi қойылды. Шетелдiк инвестициялар мен iшкi жинақ қаражаттың деңгейi жоғары болатын ашық нарықтық экономика негiзiнде экон. өрлеу. Негiзгi қағидалары: мемлекеттiң белсендi рөлiн сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеудi қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күштi әлеум. саясат жүргiзу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркiн сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндiрудi одан әрi жалғастыру, шетелдiк инвестицияларды қорғау. Қазақстандықтардың денсаулығы, бiлiм алуы және игiлiгi: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейiн көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерiн сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесiне қарсы күресу, маскүнемдiк пен темекi шегудi қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерiн қамтиды. Энергетикалық қорлар: тұрақты экон. өрлеу үшiн мұнай мен газ өндiрудiң және оларды шетке шығарудың көлемiн жедел ұлғайту жолымен энергет. қорды тиiмдi пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшiн басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзiмдi серiктестiк орнату, мұнай мен газ экспорты үшiн құбырлар желiсiнiң жүйесiн жасау, отын қорын пайдалану қызметiнде дүниежүз. қоғамдастықтағы iрi елдердiң Қазақстанға және оның әлемдiк отын берушiлiк рөлiне ынтасын ояту бағытын ұстау, iшкi энергет. инфрақұрылымды жасау, өзiн-өзi қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсiз болу мәселелерiн шешу мәселелерiн қамтиды. Инфрақұрылым (көлiк және байланыс): ұлттық қауiпсiздiктi, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеудi күшейту. Отандық көлiк-коммуникац. кешеннiң әлемдiк рыноктағы бесекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетiн сауда ағынын ұлғайту мiндетi қойылған. Кәсiпқой мемлекет: iске шын берiлген және елдiң негiзгi мақсаттарына қол жеткiзуде халық өкiлдерi болуға лайық мемл. қызметкерлердiң осы заманғы қабiлеттi құрамын жасақтау. Бұл саладағы мiндет осы заманға сай тиiмдi мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды iске асыруға қабiлеттi Үкiметтi жасақтау, ұлттық мүдделердiң сақшысы болатын мемлекет орнату. Президенттiң жолдауында бүкiл күш-жiгердi осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкiндiктердi шоғырландырудың және үйлестiрудiң келелi идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесiндегi реформаларды жүзеге асырудың әдiстерi мен тәсiлдерiн түбiрiмен қайта қарау қажеттiлiгi атап көрсетiлген. Бұл қысқа және ұзақ мерзiмдi негiзгi бағыттарды iске асыру барысында, ең алдымен, елiмiздiң барлық азаматтарының бостандығына кепiлдiк беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгi күнге деген сенiмiн нығайтуға бағытталған бiрден-бiр бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады. Қазақстан осы стратег. мiндеттердi орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердiң деңгейiне жетуге, дүние жүзiнiң ең дамыған жиырма елiнiң қатарына қосылуды көздейдi. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерiлген. Бәсекелестiк қабiлетi ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрi демократияландыру арқылы өтедi, ол, түптеп келгенде, сайлауды әдiл өткiзуге, саяси партиялардың, парламенттiң рөлiн, үкiметтiң мүмкiндiгiн күшейтуге, сот жүйесiн реформалауға, БАҚ-қа еркiндiк беруге, әйелдердiң қоғамдағы рөлiн күшейтуге саяды.

     97ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.

Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.

Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.

Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамытып, нығайта береміз. ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.