Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих гос билеты.doc asek.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
604.16 Кб
Скачать

79.Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.).

60-жылдардың ортасында-ақ ел басшылығы халықтың ақшалай табысын арттыру бағытын ұстанды, мұның өзі халықтың тұрмыс дәрежесінің 40-50 -жж. салыстырғанда біршама артуына жағдай туғызды. Халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның бір бөлігі жәрдем, зейнетақы, стипендия төлеуге, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды.

Соған сәйкес бағаның халықтан ресми және жасырын түрде жоғарылатылу процесі де жүріп отырды. Мұның өзі тапшылықты (қарттарға, балаларға арналған тауарлар жетіспеуі, тамақ түрлерінің жетіспеуі, сағаттап кезекте тұру) арттырды.

70-80 жж. адамдар Кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемлекеттік, әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты.

Әлеуметтік саладағы өткір проблема - тұрғын үй мәселесі болды.

Қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар - еңбекке немқұрайды қарау, өндірістегі ұрлық, маскүнемдік, қылмыс жасау, еңбек тәртібінің құлдырауы, "қылмысты экономика" сияқты келеңсіз құбылыстарды туғызды. Мұның бәрі әлеуметтік саладағы дағдарыстың көріністері және тоталитарлық жүйені күйретуге алып келген объективті себептер еді.

82Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы.1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы.Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:  1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.  2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.  3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

85 КСРО-ның ыдырауы. Қазақстаның тэуелсіздік алуы. ТМД-ның қурылуы.Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (ТМД) қурылуы.1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.Президентті бүкілхалықтық сайлау.Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасынҚазақстан Республикасы деп өзгертілді.КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады

84Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.) 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

Кеңес саяси жүйесіне реформа.1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды.КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы республикалары, Украина, Қырғыстан).1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады.КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Россия Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Россия «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді. Қоғамдық – саяси қозғалыстар.

80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды 86 Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.

1991 жылдың соңында егемендігін жариялаған Қазақстан өз мемлекеттігін құрудың жолына түсті, мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды.

Қазақстаның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік нышандарын (символдарын) қабылдауды талап етті. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туын мен Елтанбасын бекітті. Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков, Елтанба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар- Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдагалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар- Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).

1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.

ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Россия банкісінің 1961-1992 жылға банкнот айналымының тоқталуына байланысты, Қазақстанға осы банкноттардың заңсыз түрде енгізілуі күрт жоғарылады. Оның салдары: елдегі барлық қаржы жүйесі құлдырады, ақша құнсызданды, тұрғындардың тұрмыстық деңгейі төмендеді. Осы себептерден Қазақстан өзінінің ұлтық валютасын енгізуге шешім қабылдады. 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөнінідегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.

1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәсиелер: Президент Н.Ә. Назарбаевтің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатынында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.

1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады. Бұдан кейін әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық үкімет қайта құрылып сан жағынан ықшамдалды, жерлікті жердегі басқару құрылымдары қысқартылды. Нәтижесінде 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-ден 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазаргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар

87 ұлтаралық тату лық пен тұрақтылықтың. 1995 жыл дың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қам­қорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты настарды реттеудің тиімді тетік терін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалып тас тыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқық тық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді. Елбасының Қазақстан халқы на Жолдауында айтылған мәсе лелер қатарында ерекше көрсеті ліп кеткен бағыттың бірі — Қазақ стан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты “Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру” мәселесі. Бағыттың бұлай ата луының өзі өзіндік этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган болып табылатындығын көрсетеді. Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық эт ностардың мүддесін ортақ қазақ стандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты. Қазақ станда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағыт­талған қазіргі мол тәжірибе этнос аралық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде. Жолдауда атап көрсетілгендей, “қоғамдық келісімді әрі қарай нығайту еліміздің қалыпты дамуы мен әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру тәрізді үстеме міндеттерді шешудің негізі болып табылады”. Жолдауда “Қазақстан халық тары Ассамблеясының практика лық қызметі мен жауапкершілігі аясын кеңейтіп, оның беделін барынша арттыра беру, әсіресе, заңнамалық деңгейде арттыру қажет” деп көрсетілген. Осыған орай Ассамблея жұмысы маңыз дылығын арттыру мақсатында оның ғылыми және құқықтық база сын жетілдіру қажеттілігі тәрізді өзекті мәселе күн тәртібіне қойы лып отыр

88 1995 жылы 30 тамызда Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:  1.ДемократиялықПрезиденттікбасқаруғажолашылды. 2.Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.  3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады. 4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.  5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.  6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейд

89Ежелгі қазақ  жерінде тәуелсіздік таңының елең-алаңында,  яғни 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған-ды. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай айқын жазылып, конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңында  «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тілі» деп тағы да атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заңның жүзеге асуы жөнінде көптеген қаулы-қарарлар алды. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттікбағдарламалар жасалды. Сөйтіп сан жыл теперіш көріп келген ана тілдік кеңістікте қозғалыс басталып, ол қоғамдық өмірде еркін қолдануға бет алды. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде  шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсті. Осындай оң өзгерістермен қатар қазақ тілі қоғамның көптеген салаларында әлі аударма тіл дәрежесінен аса алмай тұр. Оның терең саяси және құқықтық  негіздері бар.  Соңғы 300 жылдай уақытта қазақ қоғамы өз алдына толыққанды мемлекет болып, өз билігіне өзі ие бола алмады.  Қазақ өркениетті ұлт ретінде қалыптаса алған жоқ. Толып жатқан қиыншылықтар қазақ елінің капитализмді бастан өткермей, феодализмнен социализмге «қарғып» кетуінен, яғни қоғамның табиғи жетілмеуінің де туындады. Кеңес өкіметі Азамат соғысын аяқтап, бірсыпыра нығайып алғаннан кейін ұлттық мәселелерде кейбір қайшылықты саясат жүргізе бастады. Бұл ұлттық республикаларға әсер етіп, кейде асыра сілтеушілік те болмай қалмады. Қазақ ССР Халық комиссарлар кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпанындағы «Республика  мемлекеттік органдарында қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декретінде «республиканың бүкіл орталық және губерниялық мекемелері іс қағаздарын және өзара қарым-қатынасты орыс тілінде жүргізеді» деп жазылды

91 . Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiнiң жай-күйі мен проблемаларыҚазақстандағы тəуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң

мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының жəне қалыптасуының, ҚазақстанРеспубликасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған жəне аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жəне дəйектi iске асыруды қамтамасыз еттi. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан əзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы əзiр бола қойған жоқ əрi ол

бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк əрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сəуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау жəне сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мəселелерi қарастырылған болатын. Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, əлеуметтiк-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негiз болды. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi қағидаттары Мемлекеттiң экологиялық қауiпсiз дамуы мынадай қағидаттарға негiзделедi: табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкiндi шектерiн айқындайтын жəне қоршаған ортаны сапалы теңгермелi басқаруды қамтамасыз ететiн шектеулердiң, нормативтердiң жəне шаруашылық əрi өзге де қызмет жүргiзу ережелерiнiң ғылыми- негiзделген кешенiн енгiзу жолымен мемлекеттiң тұрақты дамуы үшiн барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелiк тəсiл; экологиялық қауiпсiздiктiң өңiрлiк жəне жергiлiктi мiндеттерiнiң экологиялық қатерлердiң алдын алудың жаhандық жəне ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы; қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтiрiлген залалды өтеудiң мiндеттiлiгi (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейдi); өндiрiстiк күштердi дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелiгi (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары); шаруашылық жəне өзге де қызметiнiң қоршаған ортаға əсерiн одан кейiнгi экологиялық жəне санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың мiндеттiлiгi; халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жəне оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы; халықаралық ынтымақтастықтағы əрiптестiк жəне халықаралық құқық нормаларын сақтау.

92 Қазақ халқының құралуының тарихи алғышарттары. Ертедегі, ерте және дамыған ортағасырлардағы этникалық үрдістер. Монғол кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы. Қазақ халқы қалыптасуының үрдісі. Этникалық территорияның және бірыңғай тілдің қалыптасуы. Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы. Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үрдіске ықпалы. Жазба деректерде «қазақ» терминінің тұңғыш рет кездесуі. Оның әлеуметтік мәні. «Өзбек» және «Қазақ» ұғымдарының арақатынасы. «Қазақ» этнонимі осы халықтың нағыз аты. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторларының әсер етуі. Жүздер - қазақтардың этнотерриториялық бірлестіктері. Ұлы, Орта және Кіші жүздерінің пайда болуы.

95Білім

Қазіргі кездегі нақты экономикалық жағдайларға бара-бар білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін білім беру жүйесін басқарудың жаңа үлгісін енгізу және білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету жоспарлануда.

Мемлекеттік бюджеттің білім беру саласын дамытуға арналған шығыстары жыл сайын ұлғаюда.

Бюджеттің білім беруге арналған шығыстар үлесі 2007 жылы – ЖІӨ-ге 3,6% немесе 455,8 млрд. теңге болса, 2008 жылдың өзінде ол 572,8 млрд. теңгеге жетті.

Осылайша, 2008 жылы білім беруге мемлекеттік инвестициялар 2000 жылмен салыстырғанда 6,4 еседен астам ұлғайды.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу саласында балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту деңгейін ұлғайту жоспарлануда.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде балалар бақшаларын салу және білім беру ұйымдары базасында мектепке дейінгі шағын орталықтар құру есебінен мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту шаралары көзделуде.

Жалпы орта білім беру саласында 12 жылдық білім беруге көшумен байланысты материалдық-техникалық базаны барынша жаңарту және білім беру ұйымдарын оқу құралдарымен және жабдықтарымен, соның ішінде физика, химия, биология кабинеттерімен жарақтандыруға деген өткір қажеттілік туындап отыр.

2007 жылы 1,04 млрд. теңге сомасына 1000 интерактивті тақта сатып алынып, республика мектептеріне орнатылды. 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен аталған мектептерді толық жарақтандыру және тағы 721 мектепке интерактивті жабдықтар сатып алуға 7,3 млрд. теңге сомасында, 2008 жылы ішінара жабдықталған 721 мектепті толық жабдықтау үшін 2009 жылы 4,58 млрд. теңге шығыстар көзделген.

Мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға 2009 жылы (580 кабинет) 2 376 184 мың теңге сомасында 2010 жылы (569 кабинет) 2 331 193 мың теңге сомасында, 2011 жылы (737 кабинет) 3 019 489 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.

Жоғары кәсіби білім беру саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің үш сатылық үлгісін трансформациялау: бакалавриат – магистратура – доктарантура, техникалық білім беруді дамытуға басымдық бере отырып жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру және Астана қаласында жаңа университет салу жұмысы жалғасатын болады.

Жыл сайын республикалық бюджеттен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде әлімнің жетекшісі жоғары оқу орындарында білім алу үшін қаражат бөлінеді.

2008 жылы шет елдерде жоғары оқу орындарында мамандар даярлауға «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 15 984 322 мың. теңге сомасында шығыстар бөлінді. 2009 жылы 14 490 302 мың. теңге сомасында , 2010 жылы - 15 125 797 мың. теңге сомасында, 2011 жылы - 15 125 797 мың. теңге сомасында шығыстар көзделген.

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 12 ақпанда «Нұр-Отан» ХДП саяси кеңесінің кеңейтілеген отырысы барысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың жекелеген санаттарын қолдау жөніндегі шаралар туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 177 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самрук - Казына» әл-ауқат ұлттық қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімді мақұлдау туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 178 қаулылары қабылданды.

Бұл қаулыларды ақылы негізде білім алатын студентерді мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары көзделген:

- жоғары оқу орындарының үшінші және одан жоғары курстарының ақылы негізде білім алатын студенттері үшін қосымша білім беру гранттарын тағайындау;

- техникалық, жаратылыстану ғылымы және медицина мамандықтары бойынша жоғары щқу орындарының бірінші курстан бастап ақылы негізде «жақсы» және «өте жақсы» бағаға білім алатын студентерге, ата-аналары зейнеткерлік жасына жеткен студенттерге қосымша жеңілдікті білім беру кредиттерін беру.

2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде жоғары оқу орындарының ақылы негізінде білім беру гранттарына ауыстыруды жүзеге асыру үшін 2009 жылы 3 156 801мың теңге сомасында, 2010 жылға -1 831 751 мың теңге сомасында, 2011 жылы 572 558 мың теңге сомасында қосымша қаражат көзделетін болады.