
- •2Тас дәуірі. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері.
- •5 Үйсіндер мен қаңлылар (б.З.Б.II-б.З.Vғ.Ғ).
- •9. Қарлұқ мемлекеті.
- •10.Қимақ қағанаты (9-11ғғ басы).
- •11. Оғыз мемл-ті.
- •23. Әбілқайыр мемлекеті
- •26 Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның “Қосқа жолы ” заңдары.
- •31 Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі. Буланты, Аңырақай шайқастары.
- •36 Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Россия бодандығын қабылдау.
- •38 Абылай және оның билігінің нығаюы.
- •41 Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (XIX ғ. 2-ші жартысы).
- •42 Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
- •43 Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1867-1868 жж. Реформалар.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •58 Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.
- •59 Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •65 Хх ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •67 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
- •79.Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.).
- •96 «Қазақстан-2030» стротегиясы .
- •98 Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
67 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
«Сталиндік аграрлық революция»: мақсаттары мен мәні. Экономиканың аграрлық секторын мемлекет қарамағына алу қорлану проблемасын және өнеркәсіпті модернизациялауды шешу проблемасының механизмі. Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа көшірудің күштеу саясаты. «Отырықшыландыру» саясатының экологиялық, рационалдылық, экономикалық мақсаттылық және әлеуметтік тиімділік мәселелері туралы. Көшпелілірді отырықшыландыруға ауыстырудың экономикалық және саяси мақсаттары: «Таптық қыспақтың» өршуі. Кулактар мен байлардың шаруашылығын жоюға бағыт алу. «Кулактарды» жою. Қазақстанның дәстүрлі құрылымын біржолата бұзу және оның трагедиялық салдары. 1932-1933 жылдардағы аштық. Халықтың жаппай қоныс аударуы. Шаруалардың қарсылық қозғалыстары Шаруалардың бас көтерулерін кеңестік режимінің басып жаншуы.
68 Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты Индустрияландыруды жүзеге асыру. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: 1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. 2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. 3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. 4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.
69 Қазақ АКСР – інің құрылуы.1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б. Казревком міндеттері: 1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату. 3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу. 1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды. Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды: - «Ұшқын» газетін шығарды. - Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.
1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы: 1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі. 2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі. 3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
70 Лениннен кейін Сталиннің билікке келуі КСРО-да түбегейлі өзгерістерге алып келді. Ол өз пікіріне, әрекетіне қарсының көзін құртып, партияны өзінің бағытында жұмыс істеуге жұмылдырды. Елдегі «жауларына», оппозициялық күштерге қарсы жазалаушы орган Ішкі Істер Халық Комиссариатын (НКВД) құрды. Орган Сталиннің жеке өзінің қол шоқпарына айналып, «мәртебесін» шарықтатып жіберді. Халықта қатты үрей мен қорқыныш қалыптасты. Бірнеше жылға созылған репрессия 1934 жылғы 1-желтоқсанда Саясибюро мүшесі және ВКП(б) ОК хатшысы, Ленинградтық обкомның бас хатшысы С.М.Кировтің атып өлтірілуінен басталды. Кировтің жерлеу рәсіміне дейінгі бес күн ішінде жалған айыппен, Ленинградта 39 адам, Мәскеуде 29, Минскіде 9, Киевте 28 адам атылған. Олардың барлығы жазықсыз жандар болатын. Кировтің өлімі Сталинге өзінің қарсыластары мен халыққа қарсы күш қолдануға мүмкіндік берді. Бұрынғы Сталинге қарсы оппозиция өкілдері және саяси қызметтен кеткен тұлғалардың барлығы да тұтқындалды. 1937 жылдың басында Ішкі Істер Халық Комиссариатының басшысы қызметінен айрылған Г.Г.Ягоданың өзі ақпан-наурыз айларындағы ОК-нің Пленумында үлкен сынға ұшырап, 28-наурызда тұтқындалды. Ол кезінде үлкен қызметте жүргенде Сталинмен арақатынасы жақсы еді және НКВД-ң басшысы ретінде де жеке тапсырмаларын орындайтын. Ягода болса, Сталиннің қылмысының куәгері еді. Сондықтан Сталин одан сыпайы жолмен, яғни «оңшыл троцкистік блоктың» өкілі деп айыптап құтылғысы келді. Ягода барлық тағылған айыптарды мойындады. Осы кездерде «сатқын», «халық жауы» деген түсініктер синоним ретінде пайдаланылды және жауапқа 12 жастағы баладан бастап тартылсын деген бұйрық та болды. Ежов жұмысқа кіріскеннен кейін НКВД жұмысшыларының жағдайы жақсарып, «жендеттердің» айлық жалақылары көбейіп, әр түрлі марапаттарға ие болды. НКВД қызметкерлері барлық күшін «контрреволюциялық ұйымдарды», «зиянкестерді», «шпиондарды» ұстауға жұмылдырылып, олар өз жоспарын асыра орындау үшін барлық жауыздыққа барды. Сотсыз үкім шығарушы органдар «екілік» және «үштіктер» күшейе түсті.. 1937-1938 жылдары адам шошырлық репрессияға жалпы барлық республикалық, облыстық, обком және облисполкомдық, кеңестік ұйымдар өкілдері, қалалық және аудандық партия басшылары ұшырады. Осындай қызметтегі тұлғалардың РСФСР бойынша 90% көзі жойылды. Басшылық кадрларға үлкен соққы берілді. Тіпті, Мәскеу облысының партиялық хатшыларының 136-нан 1939 жылы тек жетеуі ғана қалған. Осындай қиын сәтте Сталин Қызыл Әскер кадрларына да соққы беруді ұмытпады. 1937 жылы атақты қолбасшы маршалдар М.Н.Тухачевский, И.Э.Якир, А.И.Егоров, В.К.Блюхер т.б. ату жазасына ұшырады. 1935 жылдың қарашасындағы НКВД органының ең жоғарғы әскери шені 1,2 және 3 рангалы комиссар атағын иемденген, және елімізде «Үлкен террор», мен «тазарту» жүргізген 38 адамның 1941 жылы тек екеуі ғана тірі қалған. Ал, Қазақстанға келетін болсақ, осылардың бірі екінші рангалы мемлекет қауіпсіздігі комиссары П.Б.Залин Қазақстанда тура үш жыл (09.01.1935-20.01.1938) НКВД бастығы болып істеді. Соның соңғы бір-екі жылы тікелей Н.Ежовтың қарамағында өтті. 1937 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің құрамындағы 85 мүше, 35 мүшелікке кандидат, 11 ревком мүшесі – барлығы 131 адам болса, жыл аяғында одан 68 адам ғана қалған. Қазақ елінде НКВД басқарған П.Б.Залин Мәскеуге ауысуына байланысты оның орнына орталық С.Ф.Реденсті жіберді. 1938 жылы қаңтардың соңында қызметіне кіріскен ол Алматыда 37-де басталған қызыл террор қарқынын өрістете түсті. Ол он күн ішінде бүтіндей Қазақстанның үкіметін атып тастаған. Келген он күні ішінде Жоғарғы Советтің төрағасы Құлымбетовтен бастап сегіз министрді, Орталық партия Комитетінің бас хатшысын, төрт меңгерушісін, бюро мүшесін түгел, Жоғарғы Совет төрағасының орынбасарларын, министрлер Советі төрағасының орынбасарларын атып тастаған. Солардың қатарында 14 облыстық атқару комитетінің төрағалары, 13 обком хатшысы бар. Қазақ мемлекетінің басшыларын жаппай жою саясаты осылай жедел, жантүршігерлік күйде жүргізілді. Сөйтіп, репрессияның нағыз шарықтау кезеңінде, 1937-1938 жылдарда, қазақ елінде тіпті НКВД-ны басқарған Залин мен Реденстер де репрессиядан қашып құтылмады. Сол жылдары бір ғана репрессия салдарынан қазаға ұшыраған қазақстандықтардың саны 25 мың адамнан асып жығылады. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргіннен бастап Қазақстанда 103 мың адам саяси айып тағылу арқылы сотталса, оның төрттен бірі «НКВД үштіктері» үкімімен, сот үкімімен атылып кеткен. Бұдан шығатын қорытынды, С.Кировтің қазасынан кейін басталған еліміздегі жаппай қуғын-сүргін адамзат тарихында болмаған қатыгездікпен жүргізілді. Зұлмат Кеңес Одағы құрамындағы барлық республикаларды қамтыды.
Сталиндік зорлық-зомбылық ақырында тарихи жеңіліске ұшырады. Сталиндік жүйенің 30 жылдық тарихындағы КСРО-дағы адам шығыны, Романовтар әулетінің 300 жылдық тарихындағы адам құрбандығынан бірнеше есе көп. Әлем тарихында ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 миллион адам қырылып жойылыпты.
71 Соғыстың басталуы. Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. 1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. «Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды
72 Майдандағы қазақстандықтар. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді.Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады.Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.) Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.
1-Украин майданы учаскелерінің бірінде біздің жауынгерлік қатарымызға фашистік танкілер лап қойды. Жаудың біраз танкісі қиратылды, бірақ фашистік танкілер ілгері ұмтылуын тоқтатпады. «Жолбарыс» танкісінің қарсы алдынан сапер Абдолла Усенов қарсы жүріп, кеудесіне танкіге қолданылатын минаны қысып, қаймықпай шынжыр табан астына құлады, сұмдық жарылыс жер сілкіндірді. Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын (самолет) атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншук Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. 1945 жылдың қысқы операцияларда кеңес әскерлері жаудың «Солтүстік», «Орталық», «Висла», «Оңтүстік» армиларының ірі топтарын талқандады. Қызыл Армия Польшаны азат етуді аяқтап, Венгрияны және Чехословакияның едәуір бөлігін азат етті, Венаны алып, Шығыс Пруссияға кірді, Одер және Нейсе өзендеріне шығып, Померанияға, Брандербург пен Силезияға тереңдеп енді.
Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор қүрметке ие болды.
-1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. -1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды. -1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.
73. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік адамдардың еңбек қаһармандары. Қазақстан – майдан арсеналы.1940ж 18 желтоқсан фашистік Германия басшылығы барбаросса соғыс жоспарын жасады. Үлкен Түркістан отарына енетін аймақтар Қазақстан орта азия , татарстан, башқұртстан, әзірбайжан, солт кавказ, қырым, шыңжан, ауғанстанның солт. Еңбекшілер отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Алматы мединституты студенті Мәметова ағам да апам да жоқ сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінемін деп сұрады. Республикада екі млн нан астам адам әскери дайындықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Нан шақырылған жігіттер 316 атқыштар дивизиясына жасақталды. Армия қатарына 1.196164 қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылып ҚазКСРне 700мын астам адам шақырыдлы. 27 әскери оқу орны 16 мың офицер дайындап шығарды. 1941 45 ж, әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Шымкент авиация училище түлегі Кожедуб үш мәрте кеңес одағының батыры атанды. 220 зауыт фабрика қазақстанға көшірілді. Көшірілген кәсіп орындардың жиырмасы қару жарақ пен оқ дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Қазақстан КСРОның негізгі өнеркәсіп базасына айналды. 1942 одақта өндірілген қорғасынның 85% , көмірдің 1/8 бөлігі, молибденнің 60% берді. 1943 ж. Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленинградты қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Ш. Берсиев тарының гектарына 201 ц алып, 1943 ж дүниежүзілік рекорд жасады. Дацкова тарының гектарынан 52ц жинаушы. 1942 қыркүйек комсомол деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. 1943 желтоқсан Алматы жастары ұшқыш Луганскийге жаңа истребитель табыс етті. Алғаш рет 1942 ж 22 шілде кеңес одағы батыры атағын алған қазақстандық Семенченко болды. Мәскеу шайқасында 316 атқыштар дивизиясы шайқасты. Олар қызыл ту орденімен марапатталды. 1941 18 қараша дивизия командирі генерал Панфилов ерлікпен қаза тапты. Ленинград түбінде 310, 314 дивизиялары шайқасты. Оған қатысқан С.Баймағамбетов жау дзотын кеудесімен жауып батыр атанды. 1941 қыркүйек Жамбылдың Ленинградтық өренім жыры достықтың шынайы әнұранына айналды. 1943 қаңтар 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1942 жылы 17 шілдеде Сталинград түбінде кескілескен ұрыс басталды. Оның жалыны Батыс Қаз. Күзде жетті.1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды. 1942 ж Нүркен Әбдіров понамаренкода әуе шайқасында шағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. Жамбылдың ұлы Алғадай Сенильниково қаласында қаза тапты. Толыбай Мырзаев Павлов үйін қорғауда, Қасым Аманжолов та осы шайқаста қайтыс баолды. Ж. Елеусізов ең жас батыр . Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың. Р.Қошқарбаев рейхстагқа ту тікті. ҰОС ерліктер үшін барлығы 11600, қазақстандықтар 497, қазақтар 97. Екі мәрте кеңес одағының батыр атағын алған Бегильдинов, Леонид Игнатьевич, Павлов, Луганский. Солдат ерлігі ордені иегері 142 қазақстандық. Кеңес одағы орденімен марапатталған 96638 қазақстандықтар.
76 Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды
77 Ауыл шаруашылығы1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.
Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.
1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). 2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. 6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды. 6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.