Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-semestr_kazakh.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
11.08.2019
Размер:
120.85 Кб
Скачать

5. Төмендегі сөйлемдерден атаулы сөйлемді табыңыз.

1942 жыл. Қоңыр күз. Көзге түртсе көрінбейтін қараңғы түн. Аяғын ақырын–ақырын басып келе жатқан жас барлаушы. Дала бос. Дала көңілсіз. Оқ дауысын күткен қараша ауыл тым–тырыс. Күзекте отырған ауыл. Жер реңсіз. Шөбі тозған.

Мал, адам сапырылысқан қарбалас кезі. Бірте–бірте сатылап, алғашқы да айтқан Қанжығалының Ащыкөл басындағы бірінші болысының ауылына келдік.

6. Сұхбаттарды аударыңыз. Толымды, толымсыз сөйлемдерді табыңыз.

1. – Мынау аттан түсіп жатқан кім? – деді Шұға. Артыма жалт қарасам, екі жігіт түсіп, аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім.

- Әбдірахман ғой, - дедім.

- Әбдірахманың кім?

- Қазақбайдың баласы.

- Ия, әлгі учитель баласы ма?

- Ия.

- Жап-жас жігіт екен ғой,-деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті. (Б.Майлин).

2. – Қағазың бар ма? – деді. Мен қағазды көрсеттім. Оқыды. Староста азырақ басылды. Бірақ өзге мұжықтар басылатын емес. Бәрі күжілдеп үйге лық толып болды. Елеуреп, қозғалып, бәрі едірейіп түксиіп алды.

- А-а, қағаз деген не?... Қағазды олар жасап алмай ма? Бұлар шпион. Бұларды өлтіру керек.

- Балтаменен!... Балтаменен!- дейді (С.Сейфуллин).

7. Жақты, жақсыз сөйлемдерді бағаналарға бөліп жазыңыздар.

Досанның тауға барғысы келеді. Бізге уақытты ұту керек. Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып бомайды. Кеш болғанын байқамай қалыппын. Мен енді ауылдың екінші жағымен айналып жүремін. Сен жақсы азамат болыпсың. Сәкен екеуміз далаға шықтық. Көп әңгімелестік. Кеттік киноға барайық. Темекі тартпауды өтінеді. Не ексең, соны орасың. Кіруге болмайды. Сізге кешке қарай келуге болады. Оған таңдануға болмайды. Сен ер болып жетіпсің

8. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңыз.

Мен келдім. Олар ұйықтайды. Сен оқыдың ба? Қонақтар келді. Сен қайда болдың? Әсем дайын отыр. Компьютер қосылмайды. Вирус жұққан. Мен оқимын. Ата келеді. Ректормен кездесеміз. Студенттер шығады. Жаңбыр жауады. Кеш болады. Той басталды. Кеме жүзеді. Құстар ұшады.

IV сабақ. Шәмші Қалдаяқов

  1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар:

Ән өнерінің мақтанышы, «қазақ вальсінің падишасы», әнсүйер, шегініс, керемет ән туғызған, құйқылжыта тартаттын, аттай, ән патшасы, құдіретті әндер, бір сәт толастамайды.

  1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз Қазақ вальсінің патшасы.

Қазақстанның Халық әртісі, ән өнерінің мақтанышы «қазақ вальсінің падишасы» атанған дарынды компазитор Шәмші Қалдаяқов өзінің сыршылдыққа, сұлулыққа, нәзік ирімдерге толы әсем әндер тұрғанда, сірә да, естен шығар ма?! Иә, халық арасында кең тарап, әнсүйер қауымның жүрегінен терең орын алған «Әнім сен едің», «Қаракөз», «Қайдасың», «Ақ бантик», «Ана туралы жыр» сияқты әндері бар. Шәмші Қалдаяқовты ұмыту мүмкін емес. Мен осы жерде сәл шегініс жасап, керемет ән туғызған Шәмшінің өзінің тууы жайлы әңгімеленсе деймін, Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сары көл» деген шағын көл бар. Міне, осы көлдің жағасында 1927 жылы Қалдаяқ деген кедей қамыстан күрке салып, осында мекендеп қалады. Қалдаяқтың шын аты Әнапия екен. Оң аяғының балтырындағы үлкен қалды көріп жүрген жеңгелері, оны Қалдаяқ деп атап кетіпті. Татарлардың гармонын, қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартататын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келді. Ол бала «король» атанған Шәмші еді.

Ал Шәмші атанғанын білесін бе? Басқа балалардай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап:

«Мен сені хиссадағы Жамшид патшаның атымен атағалы жұр едім. Бірақ мына даусың патшанкі емес, әншінікіне көбірек ұқсайды екен», ‑ деді Қалдаяқ.

‑ Оу, Қалдаяқ, балаң адамдардың емес, әннің патшасы болса, тақияңа тар келмес, ‑ депті құрдасы. Ән патшалығында «Арыс жағасында», «Қайықта», «Сыған серенадасы», «Менің Қазақстаным», «Ақмаңдайлым», «Сыр сұлуы», «Бәрінен де сен сұлу», «Ақ ерке, ақ жайық» т.б. құдіретті әндері бар Шәмші еліне бақыт, қуаныш, шаттық сыйлады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]