Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Альфа Семипалатинск .doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
27.04.2019
Размер:
215.55 Кб
Скачать

6. «Бірлестік» мүшелерінің құқы мен міндеттері. Мүшелікке қабылдану және шығарылу.

6.1. 18 жасқа толған, осы Жарғыны мойындайтын әрі мүшелік жарнаны төлеп отыратын азаматтар «Бірлестіктің» мүшелері бола алады.

6.2. Бірлестік мүшелері

- басшы органды сайлауға және оған сайлануға,

- «Бірлестік» шараларына қатысуға, «Бірлестіктің» бақылаушы және басқарушы органдарын қарауға арыз енгізуге, кез-келген мәселе бойынша ұсыныс жасауға,

- жиында «Бірлестік» жұмысын еркін талқыға салуға, өз пікірін ашық айтуға,

- «Бірлестіктің» өз мүшелеріне қарастырылған әлеуметтік қорғауды және басқа да жеңілдіктерді пайдалануға;

- «Бірлестік» мүшелігінен шығуға құқылы.

6.3. «Бірлестік» мүшелері

  • «Бірлестік» алдындағы міндеттерді шешуге болысуға, басқарушы аппарат қабылдаған шешімді орындауға;

  • «Бірлестік» намысын лайықты қорғауға;

  • Осы Жарғының талаптарын орындауға;

  • «Бірлестік» беделін және материалдық дербестігін өз ісімен нығайтуға;

  • «Бірлестіктің» жалпы жиналысында белгіленген мүшелік жарнаны уақтылы төлеп тұруға міндетті.

6.4. «Бірлестікке» мүшесі болғысы келген азамат өтініш береді, ол өтініш «Бірлестіктің» жалпы жиналысында қаралады. Бұл мәселе сауалнама жүргізу арқылы шешімін табады және «Бірлестіктің» ешбір мүшесі қарсылық білдірмеген жағдайда ғана. «Бірлестік» мүшелігінен шығу да мүшелікке қабылдау сынды тәптіппен жүзеге асады.

6.5. «Бірлестік» органдарының шешімі мен жарғылық тәртіптерін орындамаған жағдайда, жалпы жиналыста бекітілген мүшелік жарнаны үш ай мерзім ішінде төлемеген жағдайда, сондай-ақ, «Бірлестік» мүшесінің әрекеті мен пікірі Бұл Жарғының ережелеріне сай келмей, «Бірлестікке» зиян келтіретін болса, онда «Бірлестік» мүшесі жауапқа тартылады. «Бірлестік» мүшесіне төмендегідей жаза қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, «Бірлестік» мүшелігінен шығару. «Бірлестік» мүшелігінен шығару ең ақырғы шара ретінде «Бірлестік» мүшелерінің басым бөлігінің шешімімен жүзеге асады.

6.6. «Бірлестік» мүшелерінің «Бірлестікке» тапсырылған мүлікке, сондай-ақ, мүшелік жарнаға иелік етуге құқы жоқ.

7. Бірлестік жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ережесі

  1. «Бірлестік» Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын «Бірлестік» мүшелері жалпы жиналыста қарауға ұсынады.

  2. «Бірлестік» Жарғысына өзгерту мен толықтырулар енгізу жөніндегі соңғы шешімді «Бірлестіктің» жалпы жиналысы шығарады. «Бірлестік» Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады және осы тіркелген сәттен бастап заңдық күшке ие болады.

  1. Есеп және есептілік

    1. «Бірлестік» қоғамдық ұйымдарға арналған ережелерге сәйкес бухгалтерлік есеп пен статистикалық есеп жүргізеді және берілген мәліметтердің нақтылығына жауап береді.

9.«Бірлестік» жұмысын тарату және қайта құру тәртібі. Жабылған жағдайдағы бірлестік мүлкінің тағдыры.

9.1. «Бірлестікті» қайта құру (қосылу, бірігу, бөліну, өзгерту) жалпы жиналыс шешімімен жүзеге асады. «Бірлестікті» қайта құрғанда «Бірлестік» құқықтары мен міндеттері оның құқықтық мирасқорына ауысады.

9.2. «Бірлестік»

а) «Бірлестіктің» жалпы жиналысының шешімі бойынша;

б) сот шешімі бойынша таратылады.

9.3. Тарату жөніндегі шешім қайта құру шешімі сияқты жалпы жиналыс шешімімен қабылданады.

9.4. «Бірлестікті» тарату жалпы жиналыс немесе сот шешіміне сәйкес жою жөніндегі комиссия арқылы жүзеге асады. Жою жөніндегі комиссия тағайындалғаннан бастап заңды тұлғаның жұмысын басқару, мүлкіне иелік ету өкілеттігі соның қолына көшеді. Жою жөніндегі комиссия «Бірлестік» мүлкін бағалайды, оның борышкерлері мен несие берушілерін анықтайды, олармен есеп айырысады, «Бірлестік» қарыздарын төлеуге қатысты шаралар қабылдайды, жою балансын құрады және оны «Бірлестік» мүшелерінің жалпы жиналысына ұсынады. Жою жөніндегі комиссия сотта жойылатын (таратылатын) заңды тұлғаның атынан сөйлейді.

9.5. «Бірлестікті» тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінде қарастырылған ережелер мен мерзімге сай жүргізіледі.

    1. Таратылған «Бірлестіктің» қаржысы мен мүлкі несие берушілермен есептескеннен кейін Осы Жарғыда көрсетілген мақсаттарға бағытталады.

    2. «Бірлестіктің» таратылуы заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрына осы жазба жөнінде енгізілгеннен кейін аяқталған болып есептеледі.