Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Альфа Семипалатинск .doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
27.04.2019
Размер:
215.55 Кб
Скачать

3.«Бірлестіктің» ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық жағдайы және қызметін жүзеге асыру аумағы

3.1. «Бірлестік» өз жұмысын Шығыс Қазақстан облысы аумағында жүргізеді.

3.2. «Бірлестік» Шығыс Қазақстан облысы аумағында филиалдары мен өкілдіктерін құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестікке енуге (одақ) және басқа заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып табылмайды. Олар «Бірлестік» мүлкін бөліседі және бекітілген ереже негізінде жұмыс істейді. «Бірлестіктің» құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдар мен өкілдіктердің) жетекшілері «Бірлестік» мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады әрі «Бірлестік» төрағасы берген сенімхатқа сәйкес өкілеттік беріледі.

3.3. «Бірлестіктің» жоғары органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. «Бірлестіктің» атқарушы органы – Төрағасы. «Бірлестіктің» бақылаушы органы – тексеру комиссиясы.

  1. Қалыптасу ережелері, басқарушы органдардың өкілеттік мерзімі мен құзіреті, «бірлестіктің» үздіксіз қызмет жасайтын басқарушы органының тұрғылықты орыны

4.1. «Бірлестіктің» жоғары органы жылына кем дегенде бір рет өткізілетін жалпы жиналыс болып табылады. Төтенше және кезектен тыс жиындар «Бірлестік» төрағасының жеке бастамасымен немесе «Бірлестік» мүшелерінің ең аз дегенде ¼ -інің талабымен шақырылады.

4.2. «Бірлестіктің» жалпы жиналысының айрықша құзіретіне:

- «Бірлестіктің» Жарғысын қабылдау, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

  • «Бірлестікті» ерікті түрде қайта құру және тарату жөніндегі мәселелерді шешу;

-Ұйымдық құрылымның құзіретін, басқару органдары өкілеттегінің қалыптасу ережелерін, өкілеттігінің тоқтатылуын анықтау;

- атқарушы органдардың қаржылық есебінің мерзімділігін және жүргізілу тәртібін анықтау, сондай-ақ, бақылаушы органның тексеру жүргізу тәртібі мен олардың нәтижесін бекіту;

- «Бірлестіктің» басқа заңды тұлға құру немесе оның қызметіне қатысу, сонымен қатар, өз филиалдары мен өкілдіктерін құру жөніндегі шешімдерді заңнамалық актілер шеңберінде қабылдау;

Жоғары басқару органының айрықша құзіретіне «Бірлестіктің» құрылтайшылық құжаттары және осы ұйымның заңнамалық актілерге сәйкес басқа да қызметі жатады.

Егер жиынға «Бірлестік» мүшелерінің 2/3-і қатысса, онда жиын құқықты болып саналады.

Жалпы жиын құзіретіне енетін барлық мәселелерді шешуде егер оған қатысушы мүшелердің 2/3-і дауыс берсе, онда қабылданды деп саналады.

4.3.Төраға:

- «Бірлестіктің» жалпы жиналысы шешімінің жүзеге асырылуын ұйымдастырады және жалпы жиындар аралығында «Бірлестік» жұмысына басшылық етеді;

  • жалпы жиындар аралығында «Бірлестік» жұмысын үйлестіреді және бағыттап отырады;

  • азаматтарды еңбек келісімі негізінде жұмысқа тартады;

  • даулы мәселелерді шешетін құзіретті орындарда: сотта, құқыққорғау органдары мен басқа ұйымдарда «Бірлестік» мүддесіне өкілдік етеді және қорғайды;

  • «Бірлестік» атынан ымыраластық келісімдер мен келісімшарттар жасап, сенімхат береді;

  • «Бірлестіктің» қаржылық жағдайына байланысты мәселелерді шешеді;

  • басқа да басқару функияларын іске асырады;

  • «Бірлестік» жұмысына жауап береді, «Бірлестік» жұмысын реттейтін барлық нормативтік құжаттарды жетілдіреді және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Президент жоқ болған жағдайда оның міндеті «Бірлестік» Төрағасының орынбасарына жүктеледі.

«Бірлестік» Төрағасы 071400, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шайжүнісов көшесі, 101,2 мекен-жайында орналасқан. тел +7 722 2 52 40 62.

4.4. Тексеру комиссиясы «Бірлестіктің» бақылаушы органдарының бірі болып табылады және «Бірлестіктің» шаруашылық-қаржылық қызметіне бақылау жасайды, сондай-ақ, қажет жағдайда «Бірлестіктің» шаруашылық-қаржылық қызметіне жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. Тексеру комиссиясы мүшелері қоғамдық бағытта жұмыс істейді. Тексеру комиссиясының отырысы қажет болған жағдайда өткізіледі.

4.5. «Бірлестіктің» барлық басқарушы органдарының сайлауы ашық дауыс беру арқылы өткізіледі.

Тексеру комиссиясының Төрағасы мен мүшелері 3 жылға сайланады және келесі кезеңге де сайлана алады немесе басқа адамдар сайланады.