
- •Молодежного общественного объединения
- •«Alpha-Семипалатинск»
- •1. Общие положения
- •2. Предмет и цели деятельности «объединения»
- •4.3.Председатель:
- •5.3.Прибыль, полученная от деятельности «Объединения», не может перераспределяться между членами «Объединения», а направляется на уставные цели.
- •6. Права и обязанности членов «объединения». Порядок приобретения и утраты членства
- •Председатель общественного объединения _______________________
- •1. Жалпы ережелер
- •2. «Бірлестіктің» мақсаттары және қызмет түрі
- •3.«Бірлестіктің» ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық жағдайы және қызметін жүзеге асыру аумағы
- •Қалыптасу ережелері, басқарушы органдардың өкілеттік мерзімі мен құзіреті, «бірлестіктің» үздіксіз қызмет жасайтын басқарушы органының тұрғылықты орыны
- •5. «Бірлестік» мүлкінің және қаражатының кіріс көздері, «бірлестік» пен оның құрылымдық бөлімшелерінің мүлікке иелік ету құқы
- •5.3. «Бірлестік» жұмысынан кірген кіріс «Бірлестік» мүшелері арасында бөліске түспейді, жарғылық мақсаттарға бағытталады.
- •6. «Бірлестік» мүшелерінің құқы мен міндеттері. Мүшелікке қабылдану және шығарылу.
- •6.2. Бірлестік мүшелері
- •6.3. «Бірлестік» мүшелері
- •7. Бірлестік жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ережесі
- •Есеп және есептілік
- •9.«Бірлестік» жұмысын тарату және қайта құру тәртібі. Жабылған жағдайдағы бірлестік мүлкінің тағдыры.
- •Қоғамдық бірлестіктің төрағасы _______________________ Выписка из
- •«Alpha-Семипалатинск»
- •Повестка дня:
- •Выступил:
- •Постановили:
- •Заявление о государственной (учетной) регистрации юридического лица, филиала (представительства)
- •«Alpha - Семипалатинск» г. Семей «03» июня 2011 г.
- •Повестка дня:
- •По первому вопросу:
- •Постановили:
Председатель общественного объединения _______________________
Инновациялық технологияларды дамытуға
ықпалдасатын «Alpha Семипалатинск»
Жастар Қоғамдық Бірлестігін құрушы
белсенді мүшелерінің құрылтай
жиналысында ҚАБЫЛДАНҒАН
2011 ж. 03 маусымдағы №1 хаттама
Инновациялық технологияларды дамытуға
ықпалдасатын «Alpha Семипалатинск»
Жастар Қоғамдық Бірлестігінің
Ж А Р Ғ Ы С Ы
1. Жалпы ережелер
1.1. Инновациялық технологияларды дамытуға ықпалдасатын «Alpha-Семипалатинск» Жастар Қоғамдық Бірлестігінің бұл Жарғысы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің негізінде және оның талаптарына, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына, қоғамдық бірлестіктер қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес құрылған.
1.2. Бұдан әрі «Бірлестік» аталатын «Alpha-Семипалатинск» инновациялық технологияларды дамытуға ықпалдасатын Жастар Қоғамдық Бірлестігі аталмыш Жарғыда қызмет түрі қарастырылған және мақсатқа жету үшін құрылған қоғамдық бірлестік үлгісіндегі коммерциялық емес ұйым болып табылады. «Бірлестік» атауы қазақ және орыс тілінде: «Alpha-Семипалатинск» инновациялық технологияларды дамытуға ықпалдасатын Жастар Қоғамдық Бірлестігі. Молодежное Общественное Объединение содействия развитию инновационных технологий «Alpha-Семипалатинск».
1. 3. «Бірлестік» қызметінің басты мақсаты пайда түсіру болып табылмайды және кірісті қатысушылар арасында үлестірмейді. «Бірлестік» кәсіпкерлік қызметпен жарғылық мақсаттарына сәйкесінше ғана айналыса алады.
1.4. «Бірлестік» Қазақстан Республикасының мақсат-мүдделері мен қызығушылықтары ортақ азаматтарының ықтиярлығы нәтижесінде пайда болған ерікті қоғам болып табылады.
I.5. «Бірлестік» негізі «Бірлестіктер» қызметіне белсенді атсалысатын жекелеген азаматтардың бастамасымен қаланған.
I.6. «Бірлестік» заңды тұлға болып табылады, жекешеленген мүлік меншіктенуге құқы бар және бұл мүлікке өз міндеттемесі бойынша жауап береді, сондай-ақ өз атынан мүліктік құқық пен міндеттемелерді алуға және жүзеге асыруға, арыздануға және сотта жауапкер болуға құқылы. «Бірлестіктің» дербес балансы бар. «Бірлестіктің» өз атауы жазылған мөрі мен блакнісі бар.
1.7. . «Бірлестік» өз мүшелерінің міндеттемелеріне жауап бермейді және «Бірлестік» мүшелері де «Бірлестік» міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
1.8. «Бірлестік»" осы ұйым мүшелерінің тең құқылығы, еріктілік, өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру, заңдылық және жариялылық негізінде жұмыс істейді. «Бірлестік» Қазақстан Республикасы кәсіпорындары және ұйымдарымен, мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктермен, басқа мемлекеттердің де ерікті, теңқұқылы ұйымдарымен екіжақты тиімді келісімшарттар бойынша жұмыс жасайды.
«Бірлестіктің» жергілікті қоғамдық бірлестік мәртебесі бар.
«Бірлестік» мына мекенжайда орналасқан: 071400, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шайжүнісов көшесі, 101, 2, тел +7 722 2 52 40 62.
2. «Бірлестіктің» мақсаттары және қызмет түрі
2.1. «Бірлестік» қызметінің мақсаты - адам құқығы проблемаларына қоғам назарын аударуға тарту жолымен жастар мен балалардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, балаларды салауатты өмір салтына дағдыландыру және аймақтағы экологиялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін экологиялық тұрғыдан ойлай білуге баулу, сонымен қатар, адам өмірінің сапасын жақсартуға адамның рухани әрі физикалық дамуына қолайлы әсер ететін насихат және инновациялық технологияларды енгізу арқылы ықпал ету болып табылады.
2.2. «Бірлестіктің» қызмет түрі мыналар:
-Балалар мен жастарға білім беру мен шығармашыққа тәрбиелеу бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру;
- Денсаулық пен өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мен таратуға жағдай жасау.
- Экологиялық білім беру бағдарламаларын жасау және іске асыру, экологиялық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру, яғни қоршаған ортаны тану және сауықтыруға байланысты акция, экспедиция, экскурсия, саяхат, экологиялық соқпақ, лагерь, слеттер, конференциялар ұйымдастыру, қоғамдық сараптама өткізу, қоршаған орта жағдайын бақылау, өндірістік кәсіпорындар қалдығын қайта өңдеу технологияларын жасау.
- Отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған азаматтық білім беру бағдарламаларын жасау және іске асыру, өзіндік сана-сезімі мен көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, құқықтық мәдениетті жақсарту, демократиялық адам құқы және бала құқы саласындағы дүниетанымды кеңейтудің негізін салу.
2.2.1«Бірлестіктің» қызмет бағыттары мен мақсаттарына сәйкес келетін проблемаларға қоғам назарын аударту.
2.2.2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату, оның ішінде «Бірлестіктің» қызметіне байланысты ахуалды көрсететін жеке теле, радиобағдарламалар дайындау және жүргізу.
2.2.3. «Бірлестіктің» ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
2.2.4. «Бірлестік» жұмысының тиімділігін арттыру және «Бірлестік» алдына қойылған міндеттердің тиімді шешімін табуы мақсатында халықаралық шетелдік ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, үкіметтік емес қорлармен, қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық жасау.
«Бірлестік» міндеттері мен күнделікті бағдарламаларына сәйкес шаралар ұйымдастыру.
Баспа жұмысын жүргізу (арнайы оқулық, әдістемелік және басқа да әдебиеттерді, ақпараттық бюллетеньдер мен газет шығару)
Қазақстан Республикасы аумағындағы және одан тыс жерлердегі білім, мәдениет, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ақпарат, бизнес салаларында жұмыс істейтін мемлекеттік және тағы басқа да ұйымдармен, сондай-ақ, әріптестік бағдарламалары мен жобаларын жасау және іске асыру, ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, жаңа әдістемелерді игеру, оларды ұйым қызметіне бейімдеу мақсатында әріптестік қарым-қатынаста болу.
«Бірлестіктің» алға қойған міндеттерін шешу үшін ұйым жұмысын жақсартатын және нығайтатын бағдарламалар, жобалар жасау және жүзеге асыру.
Кірісі «Бірлестіктің» жарғылық мақсаттарына жетуіне бағытталған кәсіпкерлік жұмыстарды жүзеге асыру.
«Бірлестік» заңға сәйкес лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлерін тек лицензиясы болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.