Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мидтерм 2.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
14.04.2019
Размер:
75.82 Кб
Скачать

59.Қазақстандағы этникалық процестерге сипаттама.

Қазақстандағы этносаралық мәселері қәзіргі кезде мемлекеттің турақтылығына, оның дамыған, демократиялық қуқықты елдер қатарына қосылуына зор ықпалы бар. Этникалық мәдениетті, дәстүрлерді унитарлық мемлекеттің гүлденуіне, өркендеуіне қызмет етуі үшін олардың жетістіктерін, ерекшеліктерін жалпы мемлекеттің, елдің игілігіне жумылдыру қажет. Мысалы, қәзіргі нарықтың экономикаға көшу әр этностың өзіне тән дәстүрінің, ділінің, еңбекету тәжірибесінің, рухының қаншалықты дайын екендігін нақты көрсетті. Сондықтан саудаға, нарыққа жақын этностардың тәжірибесін үйрену әр этнос өкілінің қажетті ісі деп танылуы дұрыс болар. Кеңестік заманда сауда сатыққа ыңғайлы адамдарды, ұлттарды жек көрінішті етіп көрсету үйреншікті жағдай болатын, соған орай адамдардың ойлауы, ділі қалыптасқан еді. Қәзіргі кезде де осы келеңсіз жағдай іс жүзінде әлде болса жойыла қойған жоқ.

60.Қазақ ұлтының мүдделерін социологиялық тұрғыдан түсіну.

біз әуелі мемлекет құрушы ұлт дегеніміз не, оның ұлттық мүддесі қалай қорғалуы керек және ол мемлекет құрушы ұлт ретінде толыққанды дамуы үшін оның қандай белгілері болуы шарт деген сұрақтар қойып, оның теориялық негізін анықтап, қазіргі кезде ол еліміздің өмірінде қалай іске асып жатқанын білсек, шындықтың кімнің жағанда екенін анықтауға болады.Ұлттың қалыптасуы бұл тарихи процес, ол алғашқы қауымдық құрылыстан басталып, белгілі бір қоғамдық-экономикалық  формациалардың өзгеруінің әсерінен руға, тайпаға, онан ұлтқа айналып, дамып отырады. Былайша айтқанда халықтың ұлтқа айналуы адамзат баласының қоғамдық, әлеуметтік, рухани дамуының ең жоғарғы сатысы деуге болады.Ұлт болып қалыптасу үшін оның территориясы, экономикасы, мәдени-тілдік ортасы болуы керек және ол ұлт осы құндылықтардың иегері болып, соған қожалық етуі тиіс. Сонда-ғана ол ұлт өзінің ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарын жасап, ұлттық мүддесін қорғап, оны әрі қарай дамытуына мүмкіншілігі болады.

Ұлт толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек. Олай болса бүгінгі күні қазақтар өздерінің саяси тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғаннан бері, өткен жиырма жылдың ішінде ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарын қадірлеп, ұлттық мүддесін қорғауда қандай жетістіктерге қол жеткізгенін білу үшін біз әуелі ұлттық сана, ұлттық құндылық, ұлттық мүдде деген сөздердің мағынасына талдау жасап, оның ұғымына түсінік беруіміз керек. 61.Қазақ ұлтының стратификациялық процесін этникалық қатынастар тұрғысынан түсіну. Әлеуметтік стратификация социологияның негізгі тақырыбы. Онда қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы табыс және тұрмыс қалпы, мәртебе мәселері қарастырылады.Алғашқы қоғамда әлеуметтік теңсіздік азғана, соңдықтанда аса әлеуметтік стратификация жоқтың қасы болатын. Күрделі қоғамда теңсездік өте күшті болғандықтан адамдар табысына, білім деңгейіне, билікке байланысты қатты бөлінді. Алдыменен каста, сонан соң сословие, кейіннен тап пайда болды. Кейбір қоғамдарда бір стратадан екіншісіне аусуға болмайды; кейбірінде аусуға болғанмен де шектеу қойылған; қазіргі кезде көбісінде толық рухсат етілген. Қоғамның ашық немесе жабақ екенін осы бір стратадан екіншісіне өту мүмкіншілдігі анықтайды. Стратификация ұғымы геологиядан алынған «страта» яғни жердің қыртысы дегенді білдіреді. Осы образ арқылы қоғамның құрылымы да жер қыртысы сияқты ерекше бөлшек- бөлшек болатынды көрсетеді. Әлеуметтік қыртыс төменнен жоғары қарай ерекше орыналысады. Оның ерекшелену негізінде байлықтың өлшемі жатады: кедейлер төменгі қыртыста, ал байлар жоғарыда орын алады. Әрбір қыртыс байлығы, билігі, білімі және мәртебесі шамасы бірдей адамдар тобынан турады. Әлеуметтік стратификацияны өлшеудің төрт өлшем көрсеткіштері бар: 1) байлық; 2) билік; 3) білім; 4) мәртебе. *Байлық қазіргі кезде ақшаменен өлшенеді. Байлар табының негізгі байлықтары ол олардың жиған мүліктері, өндірістері және т.б. Ал орта тап өкілдерінің негізгі байлықтары ол олардың ақшамен түсетін кірістері (айлықтарды, зейнетақылары және т.б.). Негізінен байлық атадан балаға мұра ретінде келеді, ал айлық болса тек жұмыс істегендерде болады. Байлық пен кірістің тең бөлінбеуі экономикалық теңсіздікті тудырады. Ақшалары, байлығы көп адамдардың тұрмыс қалпы да, тіршілікктері де басқа топ өкілдеріне қарағанда ерекше болады. Экономикалық теңсіздік түрлі топ өкілдерінің өмір сүру мүмкіндіктеріне қатты әсер етеді. Ақшалары көп адамдар жақсы, түрлі тамақтанады, өте комфортты үйлерде тұрады, жақсы демалады. Олардың өмір сүруілері кедейлерге қарағанда ұзақ және сапалы. Білім оқыған жылдың санаменен өлшенеді. Мысалы, профессор 20 жылдан астам формалды білім алады, ал сантехник болса ортажылдық білімі болмауы мүмкін. Биліктің өлшемі қанша адамға шығарған үкім арқылы белгіленеді. Соныменен стратификация шкаласының үшеуінің объективті өлшемдері бар: долларлар, жылдар, адамдар. Ал, мәртебе болса субъективтік өлшемменен есептеледі. Мысалы, белгілі бір мамандық әр қоғамда әр түрлі бағаланады. Мамандықтар сол қоғамның пікірімен өлшеніп олардың мәртебелік иерархияда өзіне тиісті орнына ие болады. 62.Қазақ ұлтының дәстүрі, діні, ділі, тілінің жағдайын социологиялық тұрғыдан қарастыру. Егемендіктің алғашқы жылдарында қазақ тілінің, діні мен ділдің жағдайы сын көтермейтін болатын. Еліміздегі қазақ мектептері жаппай жабылған еді. Бұл құбылыс қазақ тілінің, қазақтілді ұрпақтың тамырына шабылған балта болды. Орыс отаршылдары ұлттық тіл, ұлттық діл, ұлттық дін дегенді жойып, бір ғана ұлт жасауды алдарына басты мақсат етіп алды. Осылайша бір ғана «кеңестік ұлт», бір ғана «құдіретті орыс тілі» болатыны белгілі болды. Қазақтарды орысша оқыту 19-ғасырда-ақ белең алған. Сол кезден бастап қазақтілді ұрпақтың санасына «орыс тілін үйренсең ғана адам боласың» деген қағида сіңірілді. Егемендікке қол жеткенше бүкіл мектептердегі балалардың 22 пайызы ғана қазақ тілінде білім алды. Ол мектептің көпшілігі де 100-150 бала оқитын ауыл мектептері еді. 1400-1500 оқу­­шысы бар қала мектептерінің дені орыстілді болды. Бірақ «жылан­ды үш кессең де кесірткедей әлі бар» демекші, қазақ тілі өзінің қай­нар бастауынан айырылмады. Қа­зақ тілі 1980 жылдар­дың аяғында өзінің мәртебесіне қол жеткізе бас­тады. 1991 жылы ел тәуелсіздігін жа­риялаған соң қазақтың тілін кө­теру басты бағыт болды.  63.Қазақ қоғамының мобилділігінің сипаттамасы. Страталардың бірінен екіншісіне өту яғни мобилділік. Мобилділіктің түрлері: тікелей және бір деңгейді. Мобильділіктің лифтері: отбасы, мектеп, қызмет, әскер, дін, білім. Осы лифтердің Қазақстан қоғамындағы реттелүі. Төменнен жоғары жылжу лифтері. Жоғарыдан төменге құлдырау. Қазақтардың мобилділігін сипаттау және талдау. Статистикалық мәліметтер, өз ақпараттарың, өз тәжірибелеріңнен. Әлеуметтік стратификацияның рухани жағы. Дәстүрді, дін, діл, мәдениеттің стратификация процесіне әсері. Қазақтардың жоғарғы, орта, төменгі страталарына әлеуметтік сипаттама беру. Білім саласын мобильділіктің лифті ретінде қарастыру. Студенттердің арасында әлеуметтік стратификация және мобильділік тақырыбына арналған кішігірім социологиялық зерттеулер өткізу