
- •Философия мәдениет феномені хақысында
- •§2. Мифология (грекше мифос-аңыз, шежіре; логос-сөз, ілім)-алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли - ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.
- •Мәдени контекстіндегі философиялық ой кешудің тарихи типтері Шығыс мәдениетіндегі философия феномені
- •§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:
- •§1. Буддизм - Үндістанда (б.З.Д.V ғ. Кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ііі ғ. Кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни - философиялық ілім.
- •§2. Будда төрт ізгілікті (арийлік) ақиқатты айқындайды:
- •§3. Будда философиясы адамның өзіндік кемелденуі, Ұлы Азаттану- Нирванаға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл сегіз сатылы, сегіз буынды ұстаным, сегіздік жол:
- •§4. Буддизмнің бес өсиет-бағдары:
- •Антикалық мәдениеттегі философия
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •3. Әбішев қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.
- •§2. Сократқа дейінгі кезеңге мыналар жатады:
- •§3. Сөйтіп, антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:
- •§2. Софистерге тән сипаттар:
- •Батысеуропалық және арабтілділік ортағасырлық философиядағы сенім мен білім арақатынасының мәселесі.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •3. Әбішев қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.
- •Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •Жаңа заман мәдениетіндегі философия
- •Декарттың рационалдық философиясы.
- •Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
- •XIX ғ. Неміс классикалық философиясы - әлемдік философияның көрінісі ретінде.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж
- •Марксизм философиясы.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж
- •Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •Болмыс философиясы. Онтология. Дүниені философиялық ұғыну.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •Сананы философиялық ұғыну.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •Философиялық таным. Гносеология.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •§2. Танымның (ойлаудың) екі формасы:
- •Диалектика теориясының мәселелері. Философия категориялары.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •Глобалдық мәселелер философиясы. Әлеуметтік философия. Қоғам және табиғат.
- •§5. Демография (грек., демос – халық, графе – жазамын) – Жер шарындағы халықтардың саны, тууы, өлімі, өсімі, дамуы туралы ілім. Бұл терминді 1855 жылы француз а.Гийар енгізді.
Жаңа заман мәдениетіндегі философия
Мақсаты мен міндеттері: Жаңа Заман философиясының негізгі мәселелеріне жалпы сипаттама. Рене Декарт рационалдық философиясы.сана мәселесі. Философиялық материализм және ағартушылық идеяларын қарастыру.
Жоспар:
1. Жаңа заман философиясының ерекшеліктері мен сипаты. Эмпиризм және рационализм бағыттарының қалыптасуы (Ф. Бэкон және Р. Декарт).
2. Дж. Локктың сенсуализмі.
3. Б. Спиноза философиясындағы субстанция мәселесі.
4. Лейбництің Монадологиясы
Әдебиеттер тізімі:
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.
4. Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.
5. Асмус В.Ф. Декарт. М., 1956.
6.Нарский И.С. Западноевопейская философия XVII века. М., 1974.
7. Рассел Б. История западной философии. В 2-х т. М., 1993.
8. Соколов В.В. Европейская философия XV-XVIII в.в.М.., 1996.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жаңа заман дәуірінің жалпы сипаты.
XVII-XVIIIғ.ғ. батыс Еуропа елдерінде капитализм қалыптасты, мануфактура дамыды. Бұл заманды ерте буржуазиялық революция дәуірі деп те атайды. Материалдық өндіріс практикасы ғылымға сүйенді.
Механика, Ньютон физикасы, жаратылыстану ғылымдары, эксперименталды- математикалық зерттеу дамыды. Ағартушылық, яғни антифеодалдық қозғалыс белең алды. Жаңа Заманды кейде ағылшын және француз материализмі дәуірі деп те атайды.
Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері:
-
метафизикалық немесе механикалық ойлау әдісі үстем болды;
-
философияда екі бағыт- рационализм және эмпиризм пайда болды;
-
индуктивтік - эмпириялық әдіс - жаратылыстану әдісі;
-
дедуктивтік - рационалдық әдіс - идеалистік спекулятивтік әдіс;
-
материализм философиясы мен Ағартушының идеясы.
Декарттың рационалдық философиясы.
Рене Декарт (1596-1650) француздың атақты ғалымы, математик, механик, оптик, физик, физиолог, психолог, философ. Оның ғылымда ашқан жаңалықтары: аналитикалық геометрияның негізін салды, координата жүйесі, функция ұғымын енгізді, кемпірқосақ теориясы, бөлшектердің құйынды қозғалысы, адам, жануарлардың қан айналысы, космологиялық идеялары.
Картезийдің философиялық идеялары:
-
философияда тұңғыш рет сана мәселесін қарастырды;
-
ойлап тұрған субъект "Меннің" болуы, танымдағы ақыл, парасаттың шешуші рөлі, рационализмнің негізін салды;
-
күмәндану принципі, интуиция мен дедукцияны қарастырды;
-
танымда жай абстракциядан күрелі ойлауға өту әдісі;
-
дуалистік метафизика, яғни екіұдайлық, екімағыналық бастама қағидасы;
-
ғылыми таныым әдісі, рационалдық методология және "туа біте пайда болатын идеялар" қағидасы.
Декарт сана мәселесін зерттеп, санада ойлау өзінен бастау керек дейді. Сезімдік танымды ескере отырып, Картезий анық, айқын, ақиқи білімді іздеді. Танымның ақиқаттылығы - тек күманданушы "Мен", күманданушы сананың бар болуы. Мен күмәннің өзінің бар болуынан өзгенің бар болуына күмәндануым мүмкін. Мен күмәнданып тұрғандықтан- ойлап тұрмын. Менің күмәнімнің бар болуы ойлаудың бар екенін айқын дәлелдеп тұр. Менің күмәнімнің бар болуы ойлаудың бар екенін айқын дәлелдеп тұр. Сондықтан "Ego, cogito ergo sum" - "Мен ойлап тұрмын, демек өмір сүріп тұрмын".
Танымның негізгі түрі - ақыл, парасатқа сүйенген рационалдық таным. Ақиқатты іздеп табудың мүмкіндігі - туа біткен идеялардың бар болуынан туындайды. Туа біткен идеялар дегеніміз- дайын ақиқат емес, ол тек ақылдың аксиома мен ережелерді жасауға мүмкіндігі. Интеллектуалды интуиция, дедукция бастамасы- рационалдық таным, ал оның құралы - сана, ақыл, парасат.