
- •Философия мәдениет феномені хақысында
- •§2. Мифология (грекше мифос-аңыз, шежіре; логос-сөз, ілім)-алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли - ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.
- •Мәдени контекстіндегі философиялық ой кешудің тарихи типтері Шығыс мәдениетіндегі философия феномені
- •§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:
- •§1. Буддизм - Үндістанда (б.З.Д.V ғ. Кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ііі ғ. Кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни - философиялық ілім.
- •§2. Будда төрт ізгілікті (арийлік) ақиқатты айқындайды:
- •§3. Будда философиясы адамның өзіндік кемелденуі, Ұлы Азаттану- Нирванаға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл сегіз сатылы, сегіз буынды ұстаным, сегіздік жол:
- •§4. Буддизмнің бес өсиет-бағдары:
- •Антикалық мәдениеттегі философия
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •3. Әбішев қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.
- •§2. Сократқа дейінгі кезеңге мыналар жатады:
- •§3. Сөйтіп, антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:
- •§2. Софистерге тән сипаттар:
- •Батысеуропалық және арабтілділік ортағасырлық философиядағы сенім мен білім арақатынасының мәселесі.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •3. Әбішев қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.
- •Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •Жаңа заман мәдениетіндегі философия
- •Декарттың рационалдық философиясы.
- •Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
- •XIX ғ. Неміс классикалық философиясы - әлемдік философияның көрінісі ретінде.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж
- •Марксизм философиясы.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж
- •Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •Болмыс философиясы. Онтология. Дүниені философиялық ұғыну.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •Сананы философиялық ұғыну.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •Философиялық таным. Гносеология.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •§2. Танымның (ойлаудың) екі формасы:
- •Диалектика теориясының мәселелері. Философия категориялары.
- •1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
- •2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
- •Глобалдық мәселелер философиясы. Әлеуметтік философия. Қоғам және табиғат.
- •§5. Демография (грек., демос – халық, графе – жазамын) – Жер шарындағы халықтардың саны, тууы, өлімі, өсімі, дамуы туралы ілім. Бұл терминді 1855 жылы француз а.Гийар енгізді.
Философиялық таным. Гносеология.
Мақсаттары мен міндеттері: Гносеологияның негізгі категорияларын қарастыру, олардың ғылымның дамуындағы мәні қарастыру
Жоспар:
1. Таным философиялық мәселе ретінде. Танымның пәні, субъектісі, объектісі.
2. Таным формалары. Сезімдік пен рационалдық, теориялық пен эмпирикалық таным.
3. Ақиқат ұғымы. Ақиқаттың критерийлері.
4. Ғылыми танымның мәні мен құрылымы: сатылары, формалары мен әдістері.
Әдебиеттер тізімі:
1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
Ильенков Э.В. Диалектическая логика. М., 1984.
Алексеев П.В., Панин А.В. Философия. МГУ., 1997.
Диалектическая логика. В 3-х кн. А., 1987.
Ильин В.В. Теория познания. Введение. Общие проблемы., 1994.
Диалектика познания: компоненты, аспекты, уровни. Л., 1983.
Философия и методология науки. А., 1999
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Таным – қоршаған дүниені адам санасында белсенді бейнелеу процесі. Таным – субъекттің объектке тарихи диалектикалық қатынасы. Таным – шындықты бейнелеудің жоғары формасы, салыстырмалы ақиқаттан нақты ақиқатқа өту, субъекттің объектке шексіз жақындай түсуін бейнелеу. Таным теориясын философиялық тілде гносеология немесе эпистемология деп те атайды.
Адам қоршаған дүниені екі жолмен тануы мүмкін:
-
тікелей тану, яғни дүниемен тікелей қатынаста болу;
-
жанамалай тану, яғни материалдық және рухани мәдениет құндылықтары арқылы тану.
Философия тарихында таным процесінің ұғыну барысында үш түрлі көзқарас қалыптасты:
-
идеализм. Субъект (S) пен объект (О) – барабар;
Субъект – белсенді, объект – пассивті;
- материализм. Субъект (S) пен объект (О) – барабар;
Субъект – пассивті, енжар, метафизикалық немесе механикалық бейнелеу, меңзеушілік; Субъект объектке тәуелді.
-
- метафилософия. Субъект (S) пен объект (О) – барабар емес, олар бір-біріне шексіз жақындайды. Субъект пен объект ұдайы диалетикалық өзара қатынаста болады.
§2. Танымның (ойлаудың) екі формасы:
-
сезімдік, түйсіктік таным, немесе эмпирикалық деңгей;
-
рационалдық, логикалық таным, немесе теориялық деңгей.
S
Օ
o
а) Танымның сезімдік формасы.
Эмпиризм (грек., тәжірибе) – сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.
Идеалистік сенсуализм – түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли, Юм, Мах).
Қарапайым реализм – адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді. Джон Локктың «Tabula rasa» - «таза тақтасы»; «Әуел баста сезім, түйсіктерде болмаған нәрсе, ақыл-парасатта да болмайды».
Сезімдік таным формалары:
-
түйсік – заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу;
-
қабылдау – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі;
-
елестету – бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту.
ә) Танымның рационалдық формасы.
Рационализм (лат., ақыл, парасат) – логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель).
Рационалдық таным формалары:
-
ұғым – заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы.
-
Пікір дегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы. Пікір зат және оның белгісін байланыстарын екі ұғымнан немесе екі терминнен тұрады – субъект (S) және предикат (Р);
-
Тұжырым деп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасын айтады.
M – P Барлық адам - өледі
S – M Гегель - адам
________ ___________________________ ;
S – P Гегель - өледі
Таным процесінде дүниені тануға бола ма, не болмай ма деген мәселеге екі түрлі көзқарас бар:
-
гностицизм – дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;
-
агностицизм – дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелген деп түсінетіндер; (Иммануил Кант)
Қазіргі заманғы гносеология көбінесе гностицизм бағытын ұстанады, мына қағидаларға сүйенеді:
-
диалектика заңдарына, категорияларына, принциптеріне жүгінеді;
-
тарихилық принципіне, яғни пайда болып қалыптасу;
-
танымның өз мүмкіндігіне сенімдік;
-
объективтікке негізделу;
-
шындықты жасампаздық бейнелеудегі белсенділікке иек арту;
-
ақиқаттың нақтылығын тірек ету;
-
практика, яғни адам іс-әрекеті, қызметімен бітімдестік.
Тақырып бойынша глоссарий: эпистемология, таным, таным формалары, ұғым, пікір, ақиқат, тұжырым, түйсік, қабылдау т.б.
Дәріс№14.