![](/user_photo/7651_DJwOf.png)
На сортировку / 5 / 77730 / Таскын / ZhAS_EA_lab55 - копия
.docx№5 зертханалық жұмыс. Қорғалған сөндіру құрылғысының (ҚСҚ) әрекет ету принципін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: қорғалған сөндіру құрылғысының (ҚСҚ) әрекет ету принципін зерттеумен танысу.
Қолданылатын жабдықтар:
- "Сақтандырғыштар және автоматты ажыратқыш" модулі (11.2-сурет);
-"Автотрансформатор" модулі;
-"Өлшеу модулі" модулі;
- байланыстыратын өткізгіштер.
11.1-сурет - Электр қондырғы құрамындағы дифференциалды сөндіргішті бақылауға арналған сұлбасы
11.2-сурет - " ҚСҚ" зертханалық модулінің алдыңғы панелінің сыртқы түрі
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі:
1) Зертханалық жұмысты орындау үшін жеткілікті теориялық материалды оқу. Бақылау сұрақтарына жауап беру және оқытушыдан зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алу.
2) Сұлбаға сәйкес (11.3-сурет) ҚСҚ зерттеуге арналған модульдерді электрлік байланыстыруды орындаңыз. Сұлбаны монтаждауды қорек сөніп тұрған кезде орындаңыз. Тоқты "Өлшеу модулі" модулінің РА1 амперметрімен бақылаңыз. Кернеуді "Автотрансформатор" модулінің TV2 автотрансформаторынан жіберіңіз.
3) Реттеу тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта тірелгенге дейін бұрау арқылы автотрансформатордың минималды шығыс кернеуін орнатыңыз. Автоматты ажыратқышты және "Қорек модулі" модулінің "Желі" дифференциалды тоқ релесін қосыңыз.
4) ҚСҚ QF2 "Қорғауға арналған сөндіру құрылғысы. Жүктеме" модулінен "I" күйіне ауыстырыңыз. Автотрансформатордың шығыс кернеуін орнатыңыз UTV2=24 В (кернеуді автотрансформатор индикаторымен бақылаңыз)."Т-Тест" батырмасын басу арқылы ҚСҚ жұмыс жасау қабілетіне көз жеткізіңіз, бұл ретте ҚСҚ сөндіру орын алады ("0" күйі). Автотрансформатордың шығыс кернеуін орнатыңыз UTV1= 0В. Сұлбаға 11.3-суретте көрсетілгендей амперметрді РА1 жалғаңыз. ҚСҚ "I" күйіне ауыстырыңыз. Автотрансформатордың шығыс кернеуін UT V1 ҚСҚ іске қосылған сәтке дейін ұлғайтыңыз.
ҚСҚ іске қосылатын тоқ мәні (PA1) ҚСҚ осы данасының сөндіретін дифференциалды тоғы Iағ болып табылады, ол талаптарға сәйкес 0,5Iном.ағ-Iном.ағ диапазонда болуы тиіс, мұнда Iном.ағ - номиналды сөндіретін дифференциалды тоқ (ағын тоғы ҚСҚ корпусында көрсетілген).
11.3-сурет - ҚСҚ зерттеуге арналған электрлік принципиалды сұлбасы
4) Оқытушы жоба жазбаларды рәсімдеген және нәтижелерді тексерген соң сұлбаны талдау, жиынтықты толық құрамда және дұрыс күйінде оқытушыға немесе зертханашыға ұсыну қажет
5) Қорытынды жасалады.
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«ЭЖжЭЖК» кафедрасы
№ 5 зертханалық жұмыс
Пәні: «Электрлік аппараттар»
Тақырыбы: Қорғалған сөндіру құрылғысының (ҚСҚ) әрекет ету принципін зерттеу
Мамандығы: 5В071800 – «Электроэнергетика»
Орындаған: Ізбасар Т. Тобы: Эк-15-02
Қабылдаған: аға оқытушы Аманғалиев Е.З.
____________ __________ «______» _________ 2017 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2017