Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 5 / 77730 / ERBOL_SYPATAEV

.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
18.67 Кб
Скачать

Желтоқсан.Алматы.Алаң.Осы үш ауыз сөзді естігенде жүрегі дір етпейтін қазақ жоқ шығар.Сол Желтоқсан көтерілісі кезінде қайсарлық пен ерліктің үлгісін көрсеткен,ел намысы жолында өз өмірін құрбан еткен батыр- Ербол Мұқажанұлы Сыпатаев жайында сыр шертсек.

1964 жылы 10 наурызда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал кентінде қарапайым отбасында дүниеге келген. Ербол ағамыз ерекше болған. Үлкенге көмектесіп, кішіге қамқор болуды қалап тұратын,мінезі ашық, кез келгенді бірден баурап алатын,кімді болса да өзіне жақын тартатын,бауырмашыл кісі болған. Сабақты өте жақсы оқыған.

Жоғары сыныпта оқып жүргенде комсомол ұйымын басқарған. Сөйтіп, мектеп бітірген соң,1981 Алматы қаласына келіп, жоғары оқу орнына құжат тапсырады. Бірақ жолы болмай, оқуға қабылданбайды. Ленин ауылына шопыр болып жұмысқа орналасып(1982 ж),арада бір жыл өткен соң, әскерге аттанады.1985 жылы Совет Армиясы қатарында әскери құрылыс отрядында борышын өтеп келеді.

Әскерден келгеннен кейін Ербол Алматы энергетика институтының қалалар мен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының электрмен жабдықтау мамандығына оқуға түседі. Алайда ауылдағы ата-анасының денсаулығы нашарлап, жағдай қиындай түскен соң Ербол: «Мен келесі жылы оқуымды сырттай бөлімге ауыстырамын да, ауылға барамын»-деген ниетпен,Ержан деген інісін сол жылы оқуын тоқтатып ауылға барғанын дұрыс екенін айтады. Ержан інісінің сөзінде: « желтоқсанның тоғызы күні ауылға келіп, жылы киімдерін алуға кетті» деседі. Ажал айтып келмейді,Ерболды соңғы рет көріп тұрғандарын да сезбеген. Баяғы қалпынша, көңілді Ербол аға. Әке-шешенің жағдайы жанына батты ма, кетерінде анасына: «Алла бұйырса, сізге, жаңа жылға сыйлық ретінде келін әкелемін», – деп айтыпты. Асыл анамыз көпке дейін қуанып жүрген еді…

Әр ұлттың,әр халықтың әр кезеңде әр дәуірде уақыт талабына,заман ағымына сай әртүрлі мақсат-мүддесі ұлттық арманы болады.Алматының алаңына жастар қандай мақсатпен шықты?Қазақ тілін , қазақ мәдениетін,қазақ әдебиетін,өнерін,қазақ ұлтын сақтау үшін,ұлтқа тәуелсіздік,дербестік әперу үшін біріміздің аға-көкеміз,ата-анамыз болар,сол ерлік жолында қанын төкті.Ұлтты басынған тотаритарлы басқыншы режиміне қарсы күресіп көз жұмғандардың бірі Ербол Мұқажанұлы Сыпатаев болатын.

«ҚазақКСР Жоғарғы Советі президумының Алматы және Қазақстанның өзге облыстарындағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына тиісті баға беру жөніндегі комиссия корытындысы» (Апматы қаласы, 1990 жыл.) деректеріне көз жіберсек : «алаңда басынан жарақаттанып, кейін қаза болған Алматы энергетика институтының студенті Е.М. Сыпатаевтың ісі. Оның әке-шешесі жоқ, туысқандары ғана бар. Бірақ олар Алматыға шақырылмаған. Қаза туралы анықтаманы ауруханадан МҚК қызметкері алады. Сосын ол милиция қызметкерлерімен бірге мүрде салынған табытты туысқандары тұратын жерге алып жүреді. Түн ішінде келеді, алдын ала хабарланған туысқандары оларды алдынан шығып күтіп алады. Оларға жігітті алаңда жаралы күйінде тауып алғандарын, ауруханада өлгенін, өлтірген адамның белгісіз екенін, қазір бұл іспен прокуратура айналысып жатқанын түсіндіреді. Прокуратура шынында да іс қозғады, бірақ ол оның өлімі туралы емес, оқиғаларға қатысы жөнінде еді, «айыпталушының» казасына байланысты іс жабылады» делінген.

Іші талай жазықсыздың мойнына асылған,жалған айыптарға толған КГБ-ның суық қара сейфі де ертелі-кеш ашылатыны белгілі болатын.Ербол ағамыздың өліміне қатысты сан түрлі нұсқаулар болды.Соның ішінде «Заң» газетінде «Ол Алаңға өлім іздеп барған жоқ еді» деген мақалада Ербол Сыпатаев туралы бұрын соңды кездеспеген тың деректер ұсынылды.

«Сырт киімдері жыртылып, иықтарына төгілген шаштары қобыраған қос бойжеткенді иығына алып қорғаштай шегінген Ербол, солдаттарға  құтырған итше ақырып жетіп келіп, онды-солды келтегін сермеген сауыттыны аяқтан шалып кұлатты да, қасындағыларға «тез қоршаудан шығалык» деп қолдарынан жетелеп, қарсыдағы көпқабатты үйлердің қалқасына қарай жүгірді. Бұлар қарулылар қоршауынан жүгіріп өтіп, тар көшенің бойымен төмен қарай түсе бергенде, арт жақтан естілген зілді дауысқа жалт қараса, қолдарында сапер күрегі бар екі формалы қуып келеді екен. Ербол қыздарға: «Ештеңеге қайырылмай тез жүгіріп, үлкен көшеге шығып кетіңдер» дегенше, өкшелеп келіп, көздеріне қан толған қарулы екеу бас салып, Ерболмен айқаса кетті. Қолына, иығына тиген күрек соққыларына карамастан, арпалысқан Ербол оларға біразға дейін алдырмады.Бірін жамбасқа салып, алып ұрған мезетте екіншісі басына сарт ете түскен соққыдан әп-сәтте көзі қарауытып сала берді. Бар күшін жиып, төніп келген екінші соққыға қолын төсеп үлгерді. Бірақ, аяғы тайғанап, сүрініп құлады. Осы сәтте орнынан әрең тұрып үлгерген ұзынтұра жүгіріп келіп, Ерболдың басына ауыр затпен салып қалды. Қапыда қалган албырт жас гүрс етіп құлады. Аяушылық пен мейірімділік атаулыны ұмытқан әлгі екеуі былапыт сөздерді карша боратып, құлап түскен Ерболды аяусыз тепкінің астына алды. Ауыр соққылардан Ербол есін жоғалтты. Одан әрі не болғанын білмейді. Есін жиып, кірпігін көтеруге ғана шамасы келгенде, байқағаны — маңында тұрган ақ халатты дәрігерлер еді.

Алдында тұрган ақ халаттыларға жалыны сөніп бара жатқан көздерін қадап жатып, ол «Қыздар құтылды ма екен?» деп ойлады. Оларға қарап жатып, ол «Мен алаңға өлім іздеп барған жоқ едім ғой», «Елім-ай, ертеңің не болар екен?» деп қиналды… 1986 жылы желтоқсанның жиырма үші күні Ербол Сыпатаев небәрі 22 жасында ауруханада жарық дүниемен қоштасты.

Қазақта өз аруларымыздың абыройы тапталып жатқанда ерлердің намысы оянбаса ұлттымыздың болашақ шамы өшкені деген. Қайрат Рысқұлбеков ағамыз айтқанындай: «Алаңға мен Қонаевты да,басқасын да,қорғауға емес,қазақ қыздарын шашынан сүйреп ,ұрып жатыр деген соң бардым»дегеніндей Ербол ағамыз ерлікпен көз жұмды.

Ербол ағамыз анасына келін әкеліп қуантамын дегенде мына дүние туған жеріне табыт болып қайтарып тас түскен жеріне ауыр дегендей сол бір аласапыран кездері бар қазаққа тосын естілмесе де Ербол ағамыздың шаңырағына ауыр тиді.

Әрине ешкім алаңға өлім іздеп барған жоқ, ешкім де өз ата-анасын,туғын-туысын артынан жылатқысы келген жоқ.Жалған тағылған жалалар кесірінен,қапыда алған жарақатынан,абақтыда азаптап қиналған өрімдей-өрімдей қыз-жігіттер елдің бостандығы жолында шейіт болды.Оның ішінде есімі ақталғанынан ақталмағаны,белгісіз мерт болғаны қаншама. Ербол Мұқажанұлы есімі 10 жылдан кейін ақталды.Бірақ анасы сол уақытта көзі тірі емес еді.Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын.Дегенмен Ербол Мұқажанұлы құрметіне оқу орнымыздың бір кітапханасы,Жаркент ауданында ескерткіш,орта мектептер,Алматы қаласында көшеге есімі берілген.Ол кісінің біз үшін,осындай бейбіт заманда,осындай оқу орнында білім алып жүргеніміздің бір себебі шығар.Әрине аты аталмай қалған қаһармандардың білетінімізден білмейтініміз көп.Бұл кісілердің біз үшін қан жұтқаны,басын тасқа соққаны жадымызда,оларды құрметтеу,дәріптеу азаматтық борышымыз.Сондықтан Ер есімі ел есінде деген осы болар.

Начало формы

Конец формы

Соседние файлы в папке 77730