
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Еңбек қорғау және инженерлі экология кафедрасы
Есептеу-графикалық жұмыс №2
Пәні: Еңбек қорғау
Тақырыбы: Аспирациялық жүйелерді есептеу
Мамандығы: Радиотехника, электроника және телекоммуникация
Орындаған: Қалиева Ж.А. Тобы: МТСк-14-03
Студенттік билет нөмірі:143076
Қабылдаған: асс. Дүйсенбек Ж.С.
_______ ________________ «____» ________________2017ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2017
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
Тапсырма..................................................................................................................4
Берілгені...................................................................................................................4
Аспирациялық жүйелерді есептеу…………………………....……………....….5
Кондиционерді таңдау............................................................................................8
Қорытынды..............................................................................................................9
Пайдаланыған әдебиеттер тізімі..........................................................................10
Кіріспе
Желдету жүйесінде дөңгелек және тік бұрышты ауақұбырларын пайдаланады. Дөңгелек құбыр ішіндегі ауа ағыны құбырдың периметрі бойынша біркелкі болады, ал тік бұрышты ауақұбырларының бұрыштарында ауа ағынының біркелкі еместігі байқалады. Сондықтан ауа-шаң ағынын тасымалдау үшін дөңгелек құбырларды пайдаланады. Шаңбөлшектерінің дисперсиясы дегеніміз шаңбөлшектерін ірілігіне байланысты кластарға (фракция) бөлу. Шаңбөлшегінің ірілік өлшемін ең үлкен немесе орташа көлденең өлшемі (диагональ) бойынша анықтайды. Оптикалық және электрондық микроскоптар арқылы шаңбөлшектерін зерттегенде, көптеген өндірістік шаңбөлшектері пішіндерінің біркелкі еместігі байқалған. Мысалы, өткір бұрышты, көпбұрышты, кейбір жағдайларда бу конденсациясы әсерінің салдарынан шар немесе кристалл түрінде болады. Шаңбөлшектері пішіндерінің әртүрлі болуына қарамастан, олардың орташа өлшемін оның диаметрі ретінде қарастырады.
Өндірістік аспирациялық жүйелердің ұзақ және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, оларды жобалау және орналастыру жұмыстары кезінде, мынадай техникалық талаптардың орындалуын қадағалау қажет. Аспирациялық жүйе ауақұбырларын, шаңданатын аймақтан шаңды сору үшін, желдеткішпен ауақұбырының бастапқы нүктесі аралығының барынша қысқа арақашықтық бойынша салынуын және ауақұбырларының көлденең жазықтыққа қатысты еңкіштігін 45-60° бұрыш аралығында орналастырылғаны дұрыс. Ауақұбырларының шаңбөлшектерін соруға арналған тарамдарының саны алтыдан аспауы керек. Сонымен қатар, аспирациялық жүйелер бір немесе көпсатылы шаңұстағыш аппараттарға қосылады.