Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 5 / 77728 / икт / Баке ССиСК .docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
622.86 Кб
Скачать

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты – байланыс желілері және коммутация жүйелерін құру мен жобалау принциптері қарастырылған.

Қалалық телекоммуникациялық желілерді тұрғызудың қағидалары:

  1. Аудандастырылмаған қалалық телефондық желі – бұл бір АТС-тен құралған желілер (автоматтық телефондық станция немесе коммутатор)

  2. Аудандастырылған қалалық телефондық желі (торабсыз) - бірнеше аудандық АТС тері бар (РАТС), желілер «бір-бірімен» қағидасымен жалғанады.

  3. Аудандық кіріс хабарламалы тораптары бар қалалық телефондық желі, бірнеше тораптық аудандардан тұрады; әрбір тораптық аудан ішінде РАТС өзара бір бірімен "әрқайсысы әрқайсысымен" қағидасы бойынша жалғанады. Әрбір тораптық ауданның ішінде "әрқайсысы әрқайсысымен" қағидасы бойынша бір бірімен жалғанған (торабтық аудан) 1) немесе өзінің аудандық торабына кіріс хабарламалар торабы арқылы байланысады (тораптық аудан) 2) Әрбір тораптық ауданның сыйымдылығы жүз мың нөмірден аспайды.

  4. ҚТЖ шығыс хабарламалар тораптарымен (ШХТ) және кіріс хабарламалар тораптарымен (КХТ).

Ауылдық телефон желілерін құру қағидалары (АТЖ):

Қазақстан Республикасында АТЖ радиальді, желілерді радиальді тораптық тұрғызу қолданылады, сонымен қатар аралас әдіс те қолданылады

1 Курстық жұмыстың тапсырмалары

1. Телекоммуникациялық желінің құрылымдық сұлбасын суреттеу, ол жетітаңбалы нөмірлі екі аймақтан тұрады, әр аймақта екіден жергілікті желі орналасқан. Аймақтар арасында байланыс аймақтағы АМТС арқылы жүзеге асады, ал айналмалы жолдар екі МЦК арқылы ұйымдастырылады.

Жергілікті желілердің сыйымдылығы мен түрлері туралы деректер 1.1 кестеде келтірілген.

Қажет:

  1. Станцияларға нөмір беру арқылы жергілікті желіге нөмір беру, ол үшін нөмірлеудің жабық жүйесін қолдану.

  2. Сұлбада барлық кодтарды және станциялардың нөмірленуін көрсту.

  3. Аймақиарға код тағайындау және жергілікті желіге кодтар тағайындау (аймақішілік кодтар).

  4. Желідегі барлық нөмірлену бойынша деректерді сипаттау және кестеге толтыру.

2. Абонент төмендегі жағдайларды іске асырғандағы 1 тапсырмадағы жасалған нөмірленуге сәйкес сандар тізбегін жазу керек:

а) жергілікті байланыс:

  • АТЖ-де радиалды принцип бойынша құрылғанда;

  • АТЖ-де радиалды-тораптыпринцип бойынша құрылғанда;

  • ҚТЖ-де бестаңбалы нөмірлену болғанда;

  • ҚТЖ-де алтытаңбалы нөмірлену кезінде торапты аудан ішінде;

  • ҚТЖ-де алтытаңбалы нөмірлену кезінде торапты аудандар арасында;

б) аймақішілік байланыс:

  • ҚТЖ мен АТЖ абоненттері арасында бір аймақ ішінде;

  • ҚТЖ мен АТЖ абоненттері арасында басқа аймақ ішінде;

в) қалааралық байланыс.

  • ҚТЖ мен АТЖ абоненттері арасында әртүрлі аймақта;

  • әртүрлі аймақтағы ҚТЖ мен АТЖ арасында;

  • әртүрлі аймақтағы АТЖ мен АТЖ абоненттері.

3. Жергілікті қалалық телефон желісінде (ҚТЖ), 1 тапсырмаға сәйкес студенттік билеттің соңғы екі нөміріне сәйкес (1.1 кесте), аудандардың бірінде жобаланатын ЦАТС орнатылады.

Қажет:

  1. Жобаланатын ЦАТС жүктеме көздерінің категориясын есептеу.

  2. Абоененттерден түсетін жүктемені есептеу.

  3. Бағыттар бойынша шығыс жүктемені есептеу.

  4. Арнайы қызмет торабына түсетін жүктемені есептеу.

  5. Станцияішілік жүктемені есептеу.

  6. Қалааралық және халықаралық жүктемені есептеу.

  7. Желідегі барлық басқа станцияларға шығыс жүктемені есептеу.

Есептеулерге арналған бастапқы деректер 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5 кестелерде келтірілген.

4. 1.6 кестеге сәйкес жобаланатын станциядан шығатын жүктеме қандай бағытқа жіберілетінін анықтап және бастапқы мәліметтерге сүйене отырып, оның мәнін анықтау қажет. Жобаланатын станцияға кіріс жүктемені анықтап және 1.7 кестеге сәйкес бастапқы мәліметтерге сүйене отырып, оның мәнін анықтау қажет.

5. Жобаланатын станцияны желідегі басқа станциялармен, арнай қызмет және АМТС-пен байланыстыру үшін шығыс және кіріс ИКМ жалғағыш линияларының немесе цифрлық ағындардың қажетті сандарын есептеу.

1.2 Тапсырмалар нұсқалары

1.1 кесте

Студенттік билеттің нөмірінің соңғысының алдындағы саны

1 аймақ, мың

нөмір

Студенттік билеттің нөмірінің соңғы саны

2 аймақ, мың

нөмір

7

ҚТЖ –61

9

ҚТЖ – 190

АТЖ – 5

АТЖ – 0,2

1.2 кесте

Берілген мән

Студенттік билеттің нөмірінің соңғы саны

9

Жобаланатын ЦАТС сыйымдылығы (мың нөмір)

5

Сөйлесумен аяқталған шақырыстар үлесі, - Рр

0,65

1.3 кесте – Жобаланатын ЦАТС жүктеме көзінің құрылымы процентпен (%)

Телефондық аппараттардыңкатегориясы

Студенттік билеттің нөмірінің соңғы саны

9

Кәсіпкерлік сектордың телефондық аппараттары

39

Пәтерлік сектордың телефондық аппараттары

61

1.4 кесте – ҮЖС бір жүктеме көзіне түсетін шақырыстардың орташа мәні Сi, (шақ/ҮЖС)

Телефондық аппараттардыңкатегориясы

Студенттік билеттің нөмірінің соңғысының алдындағы саны

7

Кәсіпкерлік сектордың телефондық аппараттары

3

Пәтерлік сектордың телефондық аппараттары

1,4

1.5 кесте – Бір сөйлесудің орташа ұзақтығы Тi (сек)

Категория телефонных аппаратов

Студенттік билеттің нөмірінің соңғысының алдындағы саны

7

Кәсіпкерлік сектордың телефондық аппараттары

97

Пәтерлік сектордың телефондық аппараттары

125

1.6 кесте – Басқа станцияға немесе желіге шығыс жүктеменің мәні процентпен (%)

Бағыты

Студенттік билеттің нөмірінің соңғы саны

9

Өз ауданындағы станцияларға

74

Басқа аудандардағы станцияларға

26

Аймақішілік желідегі басқа желілерге

15

Басқа аймақ желілеріне

85

1.7 кесте – Жобаланатын станциядағы бір абонентке кіріс меншікті жүктеме өзінің торабындағы басқа станциялардан немесе басқа тораптардағы станциялардан, Эрл

Бағыты

Студенттік билеттің нөмірінің соңғы саны

9

Өз ауданындағы станциялардан

0,08

Басқа аудандардағы станциялардан

0,02

Соседние файлы в папке икт