Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 5 / 77728 / ИИТ РГР2 Нурдаулет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
183.57 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы энергетика және байланыс университеті

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

«Электроника» кафедрасы

№2 есептеу-графикалық жұмыс

Пәні: Ақпараттық өлшеуіш техника

Студенттік кітапша номері: 164158

Мамандығы: ЭЭФ Электроэнергетика

Орындаған: Қойшыбай Н.М.

Тобы: Эк-16-02

Тексерген:ст.преп. Ускембаева Б.О.

____________ ____________ «________» ________________2017ж.

Алматы,2017

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

Есептің шығарылуы................................................................................................4

Есеп 4.3.....................................................................................................................4

Есеп 4.4.....................................................................................................................5

Есеп 4.5.....................................................................................................................6

Есеп 5.2.....................................................................................................................7

Есеп 6.3.....................................................................................................................8

Қорытынды..............................................................................................................9

Әдебиеттер тізімі...................................................................................................10

Кіріспе

Бұл №2 есептік сызба жұмысының негізгі мақсаты электр тізбегінің параметрлерін өлшеу. Бірінші есепті орындауда желінің үзілген орнын арнайы аспап – Муррей көпірі көмегімен анықтау қажет. Муррей көпірін екісымды желінің бір басына қосып, ал екінші басын тұйықтағышпен қысқа тұйықтадық. Қоректену Е көзінің теріс полюсін кәбілдің қорғаныс қабығына жалғанды. R2 кедергісін өзгерте отырып көпірдің тепе-теңдігін орнатамыз. Осыдан кәбілдің үзілген орнына дейінгі сымның кедергісін таптық және үзіліс орнына дейінгі кәбілдің ұзындығы анықтадық.

Екінші тапсырма бойынша айнымалы ток теңестірілген көпірі берілген. Көпірдің қоректену көзінің айнымалы ток жиілігі және үш иықтарының параметрлері белгілі. Зерттелетін С1 конденсатордың диэлектрлік жоғалтулар бұрышының тангенсін және сыйымдылығын табу қажет болатын. Көпірлік сұлба өлшенетін С1 сыйымдылығын үлгілі С0 конденсаторының сыйымдылығымен салыстыруға мүмкіндік береді. С0 конденсаторы іргелес жатқан иыққа жалғанған. Конденсатордың параметрлерін өлшеуге арналған көпір сұлбасы да берілген.

Есептік-сызба жұмысы №2. Электр тізбегінің параметрлерін өлшеу

Тобының ном

Есеп

02- жұп

4.3, 4.4, 4.5, 5.2, 6.3

Есеп 4.3

Көптармақты байланыс кәбілінің сымдар жұбында әйтеуір бір С нүктесінде (4.3.1 суретті қараңыз) оқшаулау істен шықты. Кәбілдің қимасы 1,5 мм2 мыс сымнан жасалған.

Желінің үзілген орнын арнайы аспап – Муррей көпірі көмегімен анықтау қажет.

4.3.1 сурет – Көптармақты кәбілдің екісымды желісі

Муррей көпірін екісымды желінің бір басына қосып, ал екінші басын тұйықтағышпен қысқа тұйықтайды (4.3.2 суретті қараңыз). Қоректену Е көзінің теріс полюсін кәбілдің қорғаныс қабығына жалғайды (шартты түрде жер).

4.3.2 сурет – Муррей көпірін кәбілге жалғау сұлбасы

R2 кедергісін өзгерте отырып көпірдің тепе-теңдігін орнатамыз:

Егер де тепе-теңдік теңдеуінің екі жағына да R1∙ rx мәнін қоссақ, онда

болады.

Сонда кәбілдің үзілген орнына дейінгі сымның кедергісі:

(4.3.1)

мұндағы– оңды сымның кедергісі; S = 1,5 мм2 = 1,5 ∙ 10-6 м2 – сымның қимасы; ρ = 1,75 ∙ 10-8 Ом∙м – мыстың меншікті кедергісі; L – кәбіл ұзындығы, м (4.3.1 кестені қараңыз).

(4.3.1) өрнегі бойынша сымның үзіліс орнына дейінгі кедергісін есептеп, үзіліс орнына дейінгі кәбілдің ұзындығы анықталады:

( 4.3.2)

Соседние файлы в папке 77728