
3 Tcp және udp хаттамаларының айырмашылығы
TCP хаттамасының артықшылықтары:
а) TCP үш нәрсеге кепілдік береді:
сіздің деректеріңіз керек жерге жететіндігіне;
олар өз ретімен жететіндігіне;
олардың қайталанусыз жететіндігіне;
ә) TCP ағынды бақылау және кептелуді(перегрузка) бақылауды жүзеге асырады;
б) барлық жұмысты операциялық жүйе өзі орындайды;
в) маршрутизаторлар TCP-пакеттерін байқап, оларды әдейі өңдеуі мүмкін. Оларды буферлеп, қайталап жіберуі мүмкін;
г) TCP-дің модемде немесе жергілікті желіде салыстырмалы өткізу қабілеті бар.
TCP хаттамасының кемшіліктері:
TCP қозғалыстағы деректерден жіберілуді аяқтай алмайды;
TCP ауқымды және көпадрестік жіберулерге қолданыла алмайды;
TCP блогының шегі жоқ, сондықтан сіз өзіңіз блок ашуыңыз керек;
OЖ-де TCP-дегі секілді қателіктер болуы мүмкін;
TCP сізге қажет емес көптеген мүмкіндіктері болуы мүмкін. Олар өткізгіштік қабілеттің , уақыттың және жұмыс күшінің құртылуына әкеліп соғады;
қазір маршрутизаторлар TCP –ң жіберілуіне көп көңіл бөле алмайды және оған көмектесе алмайды. Осы ортада TCP жобалық жорамалдары бұзылады.
TCP –HTTP, HTTPs, FTP, SMTP Telnet , т.б қолданылады.
UDP хаттамасының артықшылықтары:
UDP ауқымды және көпадрестік жіберулерге қолданыла алады;
барлық ағындарды басқару, бақылау, транзакцияны тіркеу және т.б. пайдаланушы бағдарламаларына тәуелді. Бұзылған ОЖ-іске асыруы сізге кедергі болмайды. Сонымен қатар, сізге тек керекті қасиеттерін ғана іске асырып, қолдануыңызға болады;
қабулдаушы UDP пакеттерін блок шекараларымен қоса, абайсызда қабылдайды.
UDP хаттамасының кемшіліктері:
UDP ешқандай кепілдік бермейді.Пакет жеткізілмеуі, екі рет немесе ретсіз жзеткізілуі мүмкін. Екінші жаққа пакеттің жеткен –жетпегенін білу үшін тыңдау құрылғысы қажет;
UDP-да ағынды, тығыздықты басқару жоқ. Оны іске асыру бағдарлама пайдаланушысының міндеті болып табылады;
маршрутизаторлар UDP-мен өте ұқыпсыз. Соқтығысқан кездің өзінде олар пакеттерді қайта жібермейді;
UDP TCP-ге қарағанда пакеттердің жоғалуынан зардап шегеді.
UDP-DNS, DHCP, TFTP, SNMP, RIP, VOIP, Multi media, Online ойындарда және т.б. қолданылады.
1-сурет – TCP және UDP порттарының айырмашылығы
Multi media –ны қарастырсақ, пакеттер жоғалған жағдайда UDP-дің орнына TCP қолданған кезде, TCP жоғалған пакеттерді қайта жібереді және ол көп уақыт қажет етеді.
1-кесте – TCP және UDP порттарының айырмашылығы
No. |
TCP |
UDP |
1 |
Байланысқа бағытталған хаттама |
Байланыссыз хаттама |
2 |
Байт ағыны арқылы қосылу |
Хабарлама ағыны арқылы қосылу |
3 |
Ол хабар таратуды қолдамайды |
Хабар таратуды қолдайды |
4 |
Қателікті және ағынды бақылау |
Қателікті және ағынды бақыламау |
5 |
TCP пакетті Segment деп атайды |
UDP пакетті Datagram деп атайды |
Қорытынды
Қорытындылай келе, осы есептеу-сызба жұмысында транспорттық деңгейдің хаттамаларын және олардың қолдану орталарын білдік. TCP және UDP өздерінің қолданыс аймағы бар. Кейбір программалар екеуін бірге қолданады. Мысалы, онлайн multiplayer ойындар TCP –ді деректер жіберу үшін,ал UDP-ді клиенттің жүрек соғысы немесе қарсыластың орналасуы жайлы жаңартуларын жіберу үшін қолданылады. Байланыс кезіндегі шығындарын санамағанда, TCP жақсы таңдау болып табылады.