Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 5 / 77724 / EA_3_laba

.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
137.87 Кб
Скачать

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«ЭЖжЭЖК» кафедрасы

№ 3 зертханалық жұмыс

Пәні: «Электрлік аппараттар»

Тақырыбы: Қорғалған сөндіру құрылғысының (ҚСҚ) әрекет ету принципін зерттеу

Мамандығы: 5В071800 – «Электроэнергетика»

Орындаған: Абидинова А.Ж. Тобы: Эк-15-01

Қабылдаған: аға оқытушы Аманғалиев Е.З.

____________ __________ «______» _________ 2017 ж.

(бағасы) (қолы)

Алматы, 2017

5 зертханалық жұмыс. Қорғалған сөндіру құрылғысының (ҚСҚ) әрекет ету принципін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: қорғалған сөндіру құрылғысының (ҚСҚ) әрекет ету принципін зерттеумен танысу.

Қолданылатын жабдықтар:

- "Сақтандырғыштар және автоматты ажыратқыш" модулі (11.2-сурет);

-"Автотрансформатор" модулі;

-"Өлшеу модулі" модулі;

- байланыстыратын өткізгіштер.

5.1-сурет - Электр қондырғы құрамындағы дифференциалды сөндіргішті бақылауға арналған сұлбасы

25

5.2-сурет - " ҚСҚ" зертханалық модулінің алдыңғы панелінің сыртқы түрі

Зертханалық жұмысты орындау тәртібі:

1) Зертханалық жұмысты орындау үшін жеткілікті теориялық материалды оқу. Бақылау сұрақтарына жауап беру және оқытушыдан зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алу.

2) Сұлбаға сәйкес (11.3-сурет) ҚСҚ зерттеуге арналған модульдерді электрлік байланыстыруды орындаңыз. Сұлбаны монтаждауды қорек сөніп тұрған кезде орындаңыз. Тоқты "Өлшеу модулі" модулінің РА1 амперметрімен бақылаңыз. Кернеуді "Автотрансформатор" модулінің TV2 автотрансформаторынан жіберіңіз.

3) Реттеу тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта тірелгенге дейін бұрау арқылы автотрансформатордың минималды шығыс кернеуін орнатыңыз. Автоматты ажыратқышты және "Қорек модулі" модулінің "Желі" дифференциалды тоқ релесін қосыңыз.

4) ҚСҚ QF2 "Қорғауға арналған сөндіру құрылғысы. Жүктеме" модулінен "I" күйіне ауыстырыңыз. Автотрансформатордың шығыс кернеуін орнатыңыз UTV2=24 В (кернеуді автотрансформатор индикаторымен бақылаңыз)."Т-Тест" батырмасын басу арқылы ҚСҚ жұмыс жасау қабілетіне көз жеткізіңіз, бұл ретте ҚСҚ сөндіру орын алады ("0" күйі). Автотрансформатордың шығыс кернеуін орнатыңыз UTV1= 0В. Сұлбаға 11.3-суретте көрсетілгендей амперметрді РА1 жалғаңыз. ҚСҚ "I" күйіне ауыстырыңыз. Автотрансформатордың шығыс кернеуін UT V1 ҚСҚ іске қосылған сәтке дейін ұлғайтыңыз.

26

ҚСҚ іске қосылатын тоқ мәні (PA1) ҚСҚ осы данасының сөндіретін дифференциалды тоғы Iағ болып табылады, ол талаптарға сәйкес 0,5Iном.ағ-Iном.ағ диапазонда болуы тиіс, мұнда Iном.ағ - номиналды сөндіретін дифференциалды тоқ (ағын тоғы ҚСҚ корпусында көрсетілген).

5.3-сурет - ҚСҚ зерттеуге арналған электрлік принципиалды сұлбасы

4) Оқытушы жоба жазбаларды рәсімдеген және нәтижелерді тексерген соң сұлбаны талдау, жиынтықты толық құрамда және дұрыс күйінде оқытушыға немесе зертханашыға ұсыну қажет

5) Қорытынды жасалады.

Қорытынды

Электромеханикалық ВД-63 типті дифференциалды ажыратқыштар электр жабдықтың тоқ өткізетін бөліктеріне кездейсоқ жанасу кезінде адамдарды электр тоғынан зақым алуынан қорғауға арналған. Ажыратқыштар жоғары жылдам әрекетке ие, сенімді әрі ұзақ уақыт бойы қолданылады. 300 мА іске қосу қондырмасы бар орындалымдарды электр жабдықты сымдар мен кабельдер оқшаулағышының дифференциалды тоқтан жануынан туындаған өрттен топтық қорғау үшін қолданылады. Ажыратқыштарды онымен бірге қосылған асқын тоқтан қорғайтын автоматты сөндіргіш болған кезде ғана қолдануға болады

Жұмыс жасау талаптары бойынша У30 келесі түрлерге бөлінеді: АС, А, В, S, G:

- АС типті ҚСҚ - кенеттен туындайтын не болмаса ақырындап жоғарылайтын айнымалы синусоидалды дифференциалды тоққа әрекет ететін қорғалған сөндіру құрылғысы;

  • А типті ҚСҚ - кенеттен туындайтын не болмаса ақырындап жоғарылайтын айнымалы синусоидалды дифференциалды тоққа және жүріп тұратын тұрақты дифференциалды тоққа әрекет ететін қорғалған сөндіру құрылғысы;

  • В типті ҚСҚ - айнымалы, тұрақты және түзелген дифференциалды тоққа әрекет ететін қорғалған сөндіру құрылғысы;

  • S типті ҚСҚ - қорғалған сөндіру құрылғысы, іріктелген (сөндіру уақыты кідіреді);

  • G типті ҚСҚ - S типімен бірдей, бірақ уақыт кідірісі аз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Кляйн Р.Я. Электрические и электронные аппараты. – Томск: изд-во ТПУ, 2009. - Ч. II-« Электромеханические аппараты»: Уч. пособие. – 161 с.

  2. Манапова Г.Д., Амангалиев Е.З. Электрические аппараты. Методические указания по выполнению лабораторных работ для студентов специальности 5В071800-Электроэнергетика. – Алматы: АУЭС, 2015. - 69 с.

  3. Набатов К.А., Афонин В.В. Электрические аппараты распредели-тельных устройств низкого напряжения : Уч. пособие. - Тамбов: ТГТУ, 2007.- 96 с.

  4. Чунихин А.А. Электрические аппараты. Общий курс: Учебник для вузов. - М.: Альянс, 2008. – 720 с.

  5. Электрические и электронные аппараты: Учебник для вузов в 2 томах / под ред. А.Г. Годжелло, Ю.К. Розанова. – М.: изд-ий центр «Академия», 2010. - Т.1- Электромеханические аппараты. – 352 с.

Соседние файлы в папке 77724