Қорытынды
Қорытындылай
келе, жоғарыдағы аталған сан-салалы
теориялық және практикалық қағидалар
мен тұжырымларды саралап, мынадай түйін
шығаруға болады: адамдардың
әлеуметтік-этникалық қауымдастығының
түрлері қоғамдық дамудың белгілі бір
сатыларында туындап, аса маңызды
категорияларға айналуында өндіргіш
күштер мен өндірістік қатынастардың
дамуына орайлас адамдар қауымдастығының
әлеуметтік-этникалық түрі де өзгеріп
отырды. Рулық-тайпалық қауымдық, ұлыстар
мен ұлттардың пайда болу, даму, жетіліп,
өзгеріп отыру мысалы, адамдардың
сана-сезімін байытып, жалпы ортақ
игіліктерді ойдағыдай меңгеруіне
көмектеседі. Сонымен қатар адамдардың
әлеуметтік-этникалық қауымдастығының
әрбір нақты түрі бір-бірінен өзінің
материалдық-өндірістік негізі, әлеуметтік
құрылымы, өзіндік ерекше белгілері
арқылы ажыратылады. Барлық
әлеуметтік-этникалық қауымдастың түріне
ортақ белгілер ретінде территория, тіл,
мәдениет, экономикалық өмір ортынтығы
тән қасиет.
Әлеуметтік-этникалық
қауымдастықтың барлық түрі, ұлт саясатын
дұрыс жүргізу, ұлтаралық келісім қоғамның
дамуының тарихи заңдылығы болып табылады.
Демократиялық өркениеттің мемлекеттегі
ұлтаралық келісімі мен ұлтаралық
қарым-қатынас мәдениеті – дос халықтардың
ең маңызды жетістіктерінің бірі және
ұлттық мәселелердің ғылыми шешімінің
нәтижесі, қоғамның дамығандығының
көрінісі. Сондықтан ұлт саясаты – өмір
саласында туындайтын проблемаларға
дер кезінде үн қатудың, ұлттық
қарама-қайшылықтарды тиімді шешудің
механимздерін табудың, ұлттық-өмірлік
процестердің шынайы диалектикасын
ескерудің тұрақты творчествосы, ептілігі.
Қолданылған
әдебиеттер:
-
http://group-global.org
-
Саясаттану
және оның проблемалары//Р.Әбсаттаров/Алматы,2007
-
Журнал
«Ақиқат», 2008 жыл
21