
На сортировку / 5 / 77724 / Mazm_1201_ny
.docx«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қазақ және орыс тілі кафедрасы
№2 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
Пәні: Кәсіби қазақ тілі
Тақырыбы:Кентау
Мамандығы: Автоматизация и управления
Орындаған: Гумаров Э.О. Тобы: АУ-17-5
Қабылдаған: аға оқытушы Ажиев К.О.
_____ «___» ________ 20__ж
Алматы 2017
Мазмұны
1Географиялық орны
2Тарихы
3Халқы
4Қала экономикасы
5Мәдениет пен қала көрінісі
6Инфрақұрылымы
7Танымал тұлғалар
8Галерея
9Дереккөздер
10Сыртқы сілтемелер
Кентау — Оңтүстік
Қазақстан облысы қарамағындағы
қала, Кентау
қалалық әкімдігі орталығ
Географиялық орны
Облыс орталығы - Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 195 км-дей жерде. Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Кентау қаласы “Қаратау тәжі (корона)” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие.
Тарихы
Кентау қаласы (бұрынғы атауы Мырғалымсай кенті) 1955 жылы тамыз айында Ащысай кен орнын дамыту негізінде құрылған.
Халқы
Кентау қалалық әкімдігінде 4 ауылдық округ (Ащысай, Байылдыр, Хантағы, Қарнақ), 7 елді мекен бар. Қала халқының саны (ауылдық округтермен қоса) 86 223 адам. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар 65,7%, өзбектер 25,2%, орыстар 5,4%, басқа ұлттар 3,7%. Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек, гректер, немістер, корейлер, шешендер де көшіп келді. Олар, негізінен, қуғынға ұшырағандардың туыстары мен арттарында қалған үрім-бұтақтары болатын.
Қала көрінісі
Кентау қаласында аты КСРО-ға әйгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты, экскаватор зауыты құрылды. Алайда, XX ғарыдың 80-90 жылдарындағы өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарының жабылуы қала халқының әлеуметтік тұрмысына ауыр соққы болды. Кейіннен қайта іске қосылған экскавтор зауытының күші Кеңестік уақыттағыдай жоғары деңгейге жете алмады. Кентау – Қазақстандағы машина жасау, металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі. Қала экономикасындағы ірі кәсіпорындар: «Трансформатор зауыты» ААҚ – еліміздегі трансформатор жасайтын жалғыз зауыт, «Экскаватор» ААҚ – металл өңдеп, машина жасайды. Барий өнімдерін, түсті металл концентраттарын өндіретін «Оңтүстік түстіметалл» ЖАҚ-қа Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургия цехы, темір жол цехы кіреді. Мақта-мата өнімдерін шығарады. «Табыс» акционерлік қоғамы, «Эластополимет» ЖАҚ резина-техникалық бұйымдарын, «Ердес-нан» ААҚ нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдарын шығарады. Жалпы өнім жиынтығында өнеркәсіп үлесі 55%-ды (түсті металлургия – 28,8%, электр қондырғыларын шығару – 28,5%, машина жасау – 11,9%) құрайды.
Мәдениет пен қала көрінісі
Қала көрінісі
Инфрақұрылымы
Қалада Мәдениет сарайы, орталық кітапхана, саябақ, кинотеатр, «’’Кентау шұғыласы’’», «Кентау» атты қалалық газеттері, жергілікті «Икар» теледидары жұмыс істейді. Кентау қаласында Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология, медицина факультеттерінің бөлімдері, музыка, көркемсурет, спорт, «Дарын» мектептері, мектеп-гимназия, кәсіптік-техникалық мектеп, тау-кен металлургия колледжі, агроколледж бар.
Танымал тұлғалар
Кентаудан Республикаға танымал өнер қайраткерлері Р. Сейтметов, С. Бәйтереков, Ә. Сығай, Асанәлі Әшімов шыққан. Қалада көрнекті мемлекет қайраткерлері Д. А. Қонаевқа, С. Қожановқа, 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жерлестеріне ескерткіш қойылған. Сақ жауынгері бейнеленген «Тәуелсіздік монументі» бар.
Жапондық əскери тұтқындарға арналған ескерткіш
Жапондық
əскери тұтқындарға арналған ескерткішіндегі
жазба