Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 5 / 77724 / SSiSK_kursovoy_Bauka_22 (1).docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
367.82 Кб
Скачать

2.3 3 Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1-ші тапсырмада студенттік билеттің нөмірінің соңғы саны бойынша (1.1-кесте) екінші аймақта бірнеше торапты аудандардан тұратын алтытаңбалы нөмірлі жергілікті қалалық телефонды желі құрылған. Аудандардың біреуінде жобаланатын АТСЦ орнатылады, ол үшін келесі есептеулерді жүргізу керек: жобаланатын АТСЦ-нің жүктеме көздерінің категорияларын; абоненттерден келетін жүктемені; әртүрлі бағыттағы жүктемені: арнайы қызмет торабының жүктемесін, станцияның ішкі жүктемесін, қалааралық және халықаралық жүктемені, басқа желі станциясына шығатын жүктемені.

Мысал.

Алтытаңбалы нөмірлі жергілікті қалалық телефондық желі екі торапты аудандардан тұрады, әр ауданда ТТС орнатылған және аудан ішінде «сақина» топологиясына сәйкес станциялар арасында талшықты-оптикалық кабель жүргізілген. (2.2 сурет)[2, 3, 4, 5].

Бастапқы мәліметтер:

  • ҚТЖ сыйымдылығы NҚТЖ = 130000 нөмір (1.1 кесте);

  • Төртінші торапты ауданда станциялар саны: АТСЦ типті N =7, әрқайсысының сыйымдылығы 10000 нөмір, аудан сыйымдылығы 70000 нөмір;

  • Үшінші торапты ауданда станциялар саны: АТСЦ типті N = 6, әрқайсысының сыйымдылығы 10000 нөмір, аудан сыйымдылығы 60000 нөмір.

2.2 Сурет – Аймақтық желі құрамында 130000 нөмірге арналған қтж сұлбасы.

Төртінші ауданда сыйымдылығы 7000 нөмірге арналған АТСЦ орнатылады (РАТС-49)

2.3.1 Жобаланатын АТСЦ-нің жүктеме көздерінің категорияларын есептеу.

Бастапқы мәліметтер бойынша жобаланатын АТСЦ-нің әртүрлі категорияларының телефондық аппараттар санын есептеу [2, 4, 5]:

, ТА , (2.1)

мұндағы i секторының телефондық аппараттар саны;

- жобаланатын АТСЦ сыйымдылығы (1.2 кесте);

і секторының телефондық аппараттардың пайыздық қатынасы.(1.3 кесте);

Жобаланатын АТСЦ-нің іскерлік секторының телефондық аппараттар саны:

ТА

Жобаланатын АТСЦ-нің пәтерлік секторының телефондық аппараттар саны:

ТА

2.3.2 Абоненттерден келетін жүктемені есептеу.

Телефондық жүктеменің екпінділігі – бұл АТС құралдарының (коммутациялық, сызықтық, басқарушы) барлық түрлерінің көлемін анықтайтын негізгі көрсеткіш. Сондықтан, басқа АТС-ден келетін кіріс және пайда болатын телефондық желі жүктемелерін есептеу, олардың бағыты және жобаланатын станция ішінде бөлінуі маңызды мәселе болып табылады [2, 4, 5].

Пайда болатын жүктемені абоненттерден келетін және станцияның әртүрлі құрылғыларын біраз уақытқа алатын шақырулар тудырады.

Технологиялық жобалау қағидаларына [2, 4, 5] сәйкес жүктеме көзінің үш категориясын (секторын) бөлуге болады: іскерлік сектор, пәтерлік сектор және таксофондар.

Сонымен бірге жергілікті пайда болатын жүктеменің екпінділігін, оның келесі негізгі көрсеткіштері белгілі болғанда анықтауға болады:

  • - іскерлік, пәтерлік секторлардың, таксофондардағы телефондық аппараттар саны;

  • - і категориясындағы үлкен жүктеме уақыты кезіндегі орташа шақырулар саны;

  • - і категориясындағы үлкен жүктеме уақыты кезіндегі орташа сөйлесу ұзақтығы;

  • - сөйлесумен аяқталған шақырулар бөлігі.

Жүктеме көздерінің құрылымы, яғни әртүрлі категориялардағы телефондық аппараттар саны және () көрсеткіштері берілген қала желісінің әрекеттегі құралдарының статистикалық бақылауларымен анықталады (1.2, 1.3, 1.4, 1.5 кесте).

Эрлангпен өлшенетін, пайда болатын жүктеменің і категориялы көзі, келесі формуламен анықталады:

, (2.2)

мұндағы алудың орташа ұзақтығы, сек.

(2.3)

Формулаға кіретін, байланыс орнатылғаннан кейін әрбір операциялар ұзақтығы төменде көрсетілген:

  • станцияның жауап сигналын күту уақыты

  • дискілі ТА n таңбалы нөмірді теру уақыты

  • тастатурлы ТА n таңбалы нөмірді теру уақыты

  • шақырылып отырған абонентке шақыру сигналын жіберу уақыты

  • байланыс орнату уақыты tУ нөмірді теру аяқталған уақыттан бастап, шақырылып отырған абонент арнасына қосылғанға дейінгі уақыт. Ол байланыс түріне, нөмірді теру әдісіне және құрылғылар түріне тәуелді. Егер бағыты бойынша жүктемелерді тарату белгісіз болса, онда деп қабылдауға болады.

Сөйлесумен аяқталмаған шақырулардың құрылғыларды алу ұзақтығын  коэффициенті есептейді. Оның шамасы, негізінен, сөйлесудің орташа ұзақтығы және сөйлесумен аяқталған шақырулар бөлігі-дан тәуелді, және график бойынша анықталады (2.3 сурет).

Соседние файлы в папке 77724