Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 5 / 77724 / SSiSK_kursovoy_Bauka_22 (1).docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
367.82 Кб
Скачать

2 Курстық жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулықтар

2.1 1 Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Тапсырманың берілгені бойынша телекоммуникациялық желі жетітаңбалы нөмірлі екі аймақтан тұрады, әр аймақта екіден жергілікті желі орналасқан. Аймақтар арасында байланыс аймақтағы АМТС арқылы жүзеге асады, ал айналмалы жолдар екі МЦК арқылы ұйымдастырылады[1,2,3].

Телекоммуникациялық желінің құрылымдық сұлбасын жобалау кезінде жетітаңбалы нөмірлі екі аймақта да барлық жергілікті желілерді суреттеу қажет. Студенттік билеттің нөмірінің соңғысының алдындағы саны бойынша жетітаңбалы нөмірлі бірінші аймақтағы ҚТЖ және АТЖ көрсеткіштері, ал студенттік билеттің нөмірінің соңғы саны бойынша жетітаңбалы нөмірлі екінші аймақтағы ҚТЖ және АТЖ көрсеткіштері анықталады.

Бірінші аймақта бестаңбалы нөмірлі ҚТЖ және АТЖ желілерін суреттеу қажет, сұлбада желі құрылымының ерекшеліктерін көрсететін барлық станцияларды көрсету қажет.

Екінші аймақта: бестаңбалы нөмірлі АТЖ, алтытаңбалы нөмірлі ҚТЖ желілерін суреттеу қажет.Сонымен қатар әрбір торапты ауданда КБТ, ТЖЛТ, ҚКЖТ тораптарын немесе транзитті торап (ТТ), немесе тіректі транзитті станцияны (ТТС) студенттің қалауы бойынша орнату қажет, және әрбір торапты ауданда торапты аудан құрылымын көрсететін барлық станцияларды көрсету қажет.

Аймақ кодтарын және аймақішілік кодтарды таңдау кезінде, ҚР территориясы жетітаңбалы нөмірлі аймақтарға бөлінгенін ескеру керек. Әрбір аймаққа үштаңбалы АВС коды тағайындалған, ал аймақішілік ав коды әрбір 100000 нөмірлі топқа тағайындалған.

2.1 суретте жетітаңбалы нөмірлі екі аймақтан тұратын телекоммуникациялық желі сұлбасының бір мысалы келтірілген. Сұлбада қолданылған атаулар:

  • ҚТЖ – қалалық телефондық желі;

  • АТЖ – ауылдық телефондық желі;

  • АМТС – автоматы қалааралық телефон станциясы (АҚТС);

  • УВС – кіріс байланыс торабы (КБТ);

  • УЗСЛ – тапсырысты жалғағыш линиялар торабы (ТЖЛТ);

  • УВСМ – қалааралық кіріс жалғағыш торабы(ҚКЖТ);

  • ЦС, УС, ОС – орталық, торапты және ақырғы АТЖ станциясы(ОС, ТС, АС);

  • АТС –ҚТЖ-нің автоматты телефондық станциясы ;

  • РАТС – ҚТЖ-нің аудандық автоматты телефондық станциясы(ААТС);

  • МЦК1, МЦК 2 – халықаралық коммутация орталығы(ХКО).

2.1 Сурет – Телекоммуникациялық желі сұлбасының мысалы

2.1 – кесте. Станциялардың нөмірленуі

Аймақ коды

ТУ коды

АТС коды

АТС түрі

Нөмірлік сыйымдылығы

Абоненттік линияның нөмірленуі

718

72

2

АТСЦ

10000

20000-29999

3

10000

30000-39999

4

10000

40000-49999

5

5000

50000-54999

718

58

20

ОС

500

20000-20499

21

ОС

500

21000-21499

22

ОС

500

22000-22499

2.1 - кестенің жалғасы

23

ОС

500

23000-23499

3

ЦС

1500

30000-31499

4

УС

1500

40000-41499

729

74

40

РАТС

10000

400000-409999

41

10000

410000-419999

42

10000

420000-429999

43

10000

430000-439999

44

10000

440000-449999

45

10000

450000-459999

46

10000

460000-469999

47

10000

470000-479999

48

10000

480000-489999

729

73

30

РАТС

10000

300000-309999

31

10000

310000-319999

32

10000

320000-329999

33

10000

330000-339999

34

10000

340000-349999

35

10000

350000-359999

36

10000

360000-369999

37

10000

370000-379999

729

59

40

ОС

200

40000-40199

41

ОС

200

41000-41199

2.2 2-ші тапсырмаға әдістемелік нұсқаулар

1-ші тапсырмада нұсқаға сәйкес алынған сұлба және таңдалған нөмірлеу бойынша жергілікті, аймақаралық, қалааралық байланысты жүзеге асыратын абонент теретін цифрлар тізбегін жазу керек.

Абонент теретін цифрлар тізбегін қарастырайық [1, 2, 3]:

а) жергілікті байланыс кезінде:

  • x1xxxx - АТЖ және ҚТЖ-де бестаңбалы нөмірлеу;

  • вx1xxxx – ҚТЖ-де ішкі торапты ауданда және торапты аудандар арасындағы байланыс кезінде алтытаңбалы нөмірлеу;

б) аймақішілік байланысы кезінде:

  • 8-2-авx1xxxx;

  • 8 - АВС - авx1xxxx;

в) халықаралық байланыс кезінде:

  • 8-АВС - авx1xxxx;

Қарастырылып отырған мәліметте:

  • 8- АМТС шығыс индексі;

  • ав – аймақішілік коды;

  • АВС – жетітаңбалы нөмірлі аймақ коды;

  • х1xxxx – абоненттік нөмір;

Соседние файлы в папке 77724