Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / Социолоия РГР 1 Алмас (1).docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
39.83 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Электроэнергетика» факультеті

«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы

Әлеуметтану

№1 семестрлік жұмыс

Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең

Орындаған: Сүлеймен Алмас

Топ: Эк-15-5

Тексерген: профессор Дакенов М. Д.

Алматы, 2017 ж.

Мазмұны

Кіріспе 3

  1. Классикалық кезеңнің сипаттамасы 4

  2. Э. Дюркгейм «социологизмі» 5

  3. М. Вебердің «идеалдық тип» теориясы 9

Қорытынды 13

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 14

Кіріспе

Әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңін адамзат тарихында өркениеттің бастауы саналған Антикалық дәуір мен Ортағасыр, Жаңа заман мен Ағартушылар дәуіріндегі әлеуметтік ой-тұжырымдар дайындады. Осы кезеңде әлеуметтану әлеуметтік философия қойнауынан ғылыми пән ретінде бөлініп шығып, өзінің зерттеу объектісі мен пәні, ұғымдары (категориялары) мен заңдары, әдіс-тәсілдері бар өз алдына дербес ғылымға айналды.

О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйене отырып, өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударғанын байқаймыз. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді.

Классикалық кезеңнің сипаттамасы

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Огюст Конт (1829-1842) француз ғалымы, социологияның негізін салушы. О.Конт – социологияның әлеуметтік прогресс туралы ілімдерді жинақтайтын пән ретінде сипаттайды. Еңбектері: «Әлеуметтік философия топтамасы”, «Өткендегі қазіргі заман элементтеріне жалпы баға» (1820), «Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыс жоспары» (1822), «Позитивті философия курсы».

Әлеуметтік көзқарастарының сипаттамасы:

Қоғам жағдайы лайықты әсер еткенде ғана адам өзін жеке тұлға ретінде таниды. Адамның қоғамда бірнеше әлеуметтік ұстанымы болады, оның әрқайсысының белгілі бір құқығы, міндеттері болады, ол мәртебе (статус) деп аталады.

Қоғамның үйлесімділігі мәселесі:

Қоғамның үйлесімділігі – оның тұрақтылығының негізгі жағдайы.

О.Контпен ендірілген ұғымдар:

Әлеуметтік динамика – қоғамның дамуы мен құрылымдық механизмін ашады. Әлеуметтік статика – әлеуметтік институттың байланысы мен қоғамның құрылымын түсіндіру.

О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңге бөледі:

Теологиялық, метафизикалық және позитивистік.

  1. Теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмысын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты

  2. Метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

  3. Позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактілі мәтіндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.

О.Конттың пікірінше, қоғамның прогресті дамуына бағынатын заңдар:

Биологиялық;

Астрономиялық(аспан денелерінің қозғалысы);

ХХ ғасырда классикалық кезең әлеуметтану ғылымы саласында толып жатқан мектептер мен бағыттар, әдістер мен тәсілдер пайда болуына игі ықпал етті. Сондай әлеуметтанудың осы заманғы негізгі әдістерінің бірі – құрылымдық-функционалдық теория. Ол қоғамның тұтастығын қамтамасыз ететін және өздері өзара байланыста болатын жүйешіктерден тұрады деген түсінік. Олар бірін-бірі толықтырып, өзара әрекетке түсуі әлеуметтік жүйенің құрылымдық-функционалдық бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл бағыттың қалыптасуы мен дамуына американдық ғалым-әлеуметтанушылар Роберт Мертон және Толкотт Парсонс елеулі үлес қосты.

Құрылымдық-функционалдық бағыттың негізгі принциптері мынандай:

1) қоғамды экономикалық, саяси, әскери, әлеуметтік, діни және басқа толып жатқан бөліктерден тұратын тұтас организм ретінде қарастыру;

2) қоғамның жеке бөліктері тек тұтас әрі бірлікте өмір сүреді және өзіне тиесілі нақты функцияларды қатаң атқарады;

3) қоғамның бөліктері (индивидтер, адамдар) белгілі бір қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, оның тұрақтылығы мен ұрпақ жалғастығын қамтамасыз етеді;

4) қоғамның бір бөлігі өзіне тән функция атқарғандықтан оның қызметі бұзыла қойған жағдайда басқа бөліктер оның орнын толтыра алмайды.

Құрылымдық-функционалдық теория Т.Парсонстің (1902-1979) әлеуметтанулық жүйесінде барынша және жүйелі дамыды.

Соседние файлы в папке 2102172