Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / tvn_rgr_kaz.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
36.45 Кб
Скачать

3.2 Кесте жалғасы

Параметрлері

Сынақ кітапшасының соңғы саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Ауа - райы түрі

жақ-сы

құр-ғақ

жаңбыр

өзг.

жақ-сы

құр-ғақ

жаңбыр

өзг.

жақ-сы

құр-ғақ

Берілген ауа – райының ұзақтығы, сағат

7000

800

500

340

7000

800

500

300

6500

600

Атмосфераның ластану деңгейі

II

III

IV

V

II

III

IV

V

II

III

  

4 Жұмысты орындауға және безендіруге әдістемелік нұсқулар

 

4.1 Жұмысты безендіруге әдістемелік нұсқау

 

Есептеу-графикалық жұмысты орындау кезінде келесі талаптарға сүйену қажет:

- сынақ кітапшасының нөміріне сәйкес өз нұсқасын таңдау, есептеу-графикалық жұмыстың түсініктеме бетінде тапсырма берілгендерін қысқартусыз толық жазу;

- есептеу-графикалық жұмыстың әрбір кезеңі белгіленуге тиіс. Жұмыс парақтың тек бір жақ бетінде ғана орындалады;

- түсініктеме бетінде тек есептеу формулалары мен соңғы қорытындысы ғана емес, сонымен қатар, түсініктеме және орындалатын әрекеттерді түсінуге және оларды тексеруге мүмкіндік беретін қажетті аралық есептеулер келтіріледі;

- нұсқаның нөмірі, тобы, студенттің аты-жөні, тегі титулдық бетте жазылуы тиіс;

- белгілі-бір өлшемі бар параметрлерге сәйкес өлшем бірлігін жазу;

- түйіндердің атауларының, резистор параметрлерінің, индуктивтіліктің, сыйымдылықтың, токтар мен кернеудің шартты оң бағытының өзгеруіне жол бермеу;

- графикте бейнеленетін шаманың атауын міндетті түрде көрсету. Графикті немесе диаграмманы пайдалану қолайлы болу үшін, масштабты дұрыс таңдау керек. Түсініктеме бетінде сұлбалар циркуль, сызғыш қолданып, қарындашпен орындалуы тиіс;

- сөздерді қысқартуға болмайды («теңдеу» - орнына «т-у», «кернеу» орнына «керн.» және т.б.)

- есептеу-графикалық жұмыстарды безендіру АЭжБИ, 2002. фирмалық стандартына «Оқу жұмыстары. Құрастыруға, баяндауға, безендіруге және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар»  сай жүргізілуі тиіс.

 

4.2 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау

 

- сымдардың орташа ара-қашықтықтарын есепке ала отырып, әуелік электр беріліс желі тізбегіндегі сыйымдылықты анықтау үшін формулаларды пайдалану тиіс § 16.2/1/;

- ЭОЕ сәйкес ӘЖ кернеу класына байланысты жермен сым арасында өткін ортасындағы кеңістіктегі разрядтық кернеу, көлік жабдықтарының биіктігін есепке ала отырып мына формуламен анықталады 6.7 (1). Қауіпті кернеудің туу ықтималдығы, найзағайдың тростық қорғаныс бойымен өтіп кету ықтималдығы және найзағай тоғының қауіпті амплитудасының пайда болу ықтималдығына көбейтіндісіне тең §§ 20.2, 23.2/1/;   

- тәжге кететін шығынды есептеу § 16.3 көрсетілген әдістеме бойынша жүргізілу тиіс. Сымдардың бетінің кедір-бұдырлық  коэффициентін /3/ бөлімге сәйкес алынады.

- қажетті шамаларды анықтау кезінде § 17/1/, § 1.16/4/ немесе сәйкес бөлімдермен танысу қажет. Сонымен қатар, көп қабатты оқшауламада өндірістік жиіліктегі кернеудің таралуы жеке қабаттардың сыйымдылығына кері пропорциональ екендігін есепке алу қажет;

- §§ 4.3/4/, 13.2/1/ оқып үйрену қажет. Электр өрісінің жұмыстық кернеулігі өндірістік жиілікті сынақ кернеуімен анықталады ( кесте 30.2/1/);

 - §§ 13.1/1/, 5.1/4/. Қағаздық-майлы оқшауламаның электрлік төзімділігін 500 кВ/см деп алыңыз;

- вентильдік разрядтауыштардың қорғаныстағы жабдықтарынан қашықтау шегі, разрядтауыштың импульстік тесу кернеуі және жабдықтардың (күштік трансформатор) импульстік сынақ кернеуімен анықталады § 24.3/1/, (кесте 22.4 және 25.1/1/);  

- берілген пунктті орындау үшін §§ 17.2, 31.1/1/ тақырыптарын оқып үйрену қажет;

- шешілуі § 21.4/1/ келтірілген;

- тупіктік қосалқы стансаны найзағайдан сенімді қорғау үшін, сызықтық порталдарда орнатылған екі жай тарқыш жеткілікті. Қосалқы станция енін және қорғаныстағы жабдықтар биіктігін, /5/ нормативтік мәліметтер бойынша алу қажет. найзағайдың тесіп өту ықтималдығы үшін Ра=0,005 § 21.4/1/ есептеу жүргізу;

- оқшауламалардың гирлядасындағы елу пайыздық разрядтық кернеуді 3.8 пункттегі ұстамалы гирляндалар үшін берілген тапсырмаға сәйкес алу қажет. Тросты электр беріліс желілерінің найзағайға төзімділігі § 21.2/1/-де нақты қарастырылған;

- тікбұрыш фронтты қысқа толқындардың өтуі § 10.3/4/ және т.б. тақырыптарда нақты қарастырылған;

- § 24.3/3/ оқып үйрену қажет. Есептеуде Ра=0,05 және Ра=1 алыңыз.

   

Соседние файлы в папке 2102172