Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / tvn_rgr_kaz.docx
Скачиваний:
42
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
36.45 Кб
Скачать

3 Есептеу – графикалық жұмысқа тапсырма

 

Тапсырманы орындау үшін көрсетілген әдебиеттер бойынша бағдарламаға сәйкес теориялық курсты меңгеру қажет. Тапсырма және сұрақтарға қысқаша нақты жазбаша жауап құру қажет. Жұмыс көлемі бойынша оқушы дәптері форматымен 10-15 парақтан аспауы тиіс. Жұмыс бояумен немесе пастамен, анық, нақты және сауатты орындалады. Есептерді шешу және сұрақтарға жауап сұлбалар және эскиздермен түсіндіріледі. Жұмысты безендіру кезінде оқытушы пікірі үшін кеңістік қалдыруыңыз қажет. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер көрсетіледі және орындалған күн мен студент қолы қойылады. Нұсқа нөмірі 3.1 және 3.2 - кестесінен сынақ кітапшасының соңғы екі саны бойынша таңдалынады.

Курсты оқып үйрену кезінде қиындықтар туса, студент «Электр станциялары, тораптары және жүйелері»  кафедрасына жолығуына болады.

 

Тапсырма

 

Тупиктік қосалқы станса, толық ұзындығы бойынша найзағайдан қорғау арқансымы бар темір бетонды бағаналы әуелік екітізбекті электр беріліс желілері бойымен қоректенеді. Тұтынушылар 10(6) кВ қалқаннан кәбілдік немесе әуелік электр беріліс желілері арқылы қоректенеді.

 

Қажет:

1. Жоғары кернеу электр беріліс желілерінің сыйымдылығын анықтау.

2. Жоғары кернеу электр беріліс желілері сымдарының арасындағы, сымдар мен тасымалдау жабдықтары аралық ортасындағы импульстік разрядты кернеуді, сонымен қатар көрсетілген кернеудің пайда болуы үшін қажет найзағай тоғының шамасын, сол тоқ ықтималдығын және асқын кернеу туу ықтималдығын анықтау.

3. Жоғары кернеу ЭБЖ сымдарындағы бастапқы тәж кернеуін және берілген ауа райы түріне сай энергия шығыны мен оның ұзақтығын анықтау.

4. Фарфор көйлек беті бойынша оқшауламаның май толтырылған өткініндегі жылжымалы разряд кернеуін және оның пайда болуының жалпы кернеуін анықтау.

5. Оқшауламаның май толтырылған өткініндегі фланцтың талап етілетін ішкі диаметрін, өткізгіштік қаптамалы барьері бар болған кезде анықтау.

6. Қосалқы стансадан шығатын градиурленген екі қабатты қағаз-майлы оқшауламалы бір тылсымды кәбілдің тесу кернеуін анықтау.

7. Қосалқы стансаға фронт ұзындығы 2 мкс қиғаш бұрышты толқын ұзындықты кернеу өткенде, трансформатор және разрядник арасындағы қашықтықтың шегін анықтау.

8. Берілген аймақтық атмосфера ластануы дәрежесіне сәйкес жоғары кернеулі ЭБЖ сүйемелді керілген гирляндадағы оқшаулама санымен типін таңдау және гирлянда жұмысын жауын болған жағдайға сай тексеру.

9. Тоқты тартқыш ұзындығы 6 метр кездегі, қорғаныстағы жабдықтар мен жай тартқыш аралықтарының жердегі және ауадағы минималды қашықтығын анықтау.

10. Қосалқы станса аймағында жай тартқыш биіктігін және санын анықтау.

11. Қосалқы станса кірісіне жақын жердегі, жоғары кернеулі электр беріліс желісінің найзағайға төзімділік деңгейін анықтау.

12. Қосалқы стансада 3000 пФ сыйымдылықты байланыс конденсаторы болған жағдайда, одан ұзындығы 2 мкс, амплитудасы 2 Uн тікбұрышты толқын өткен кездегі күштік трансформаторлардың оқшауламасындағы кернеуді анықтау.

13. 10 кВ торап қондырғыларына арналған доға сөндіруші катушканың минималдық қуатын, сонымен қатар ДСК болмаған және болған кездегі нейтралдағы ығысу кернеуін, фазалардың сыйымдылықты өткізгіштері мынадай қатынаста 1:0,8:0,9 болғанда анықтау.

 

3.1 кесте

Сынақ кітапшасының соңғы санының алдыңғысы

 

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Шешілуші пункттер нөмірі

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

3

4

5

6

3

4

5

6

3

4

7

7

7

7

7

7

7

7

7

7

8

8

8

8

8

8

8

8

8

8

9

10

11

12

9

10

11

12

9

10

13

13

13

13

13

13

13

13

13

13

 

ЕГЖ-ны орындауға бастапқы мәліметтер 3.2 кестеге сәйкес таңдалынады.

  

Соседние файлы в папке 2102172