Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
43
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
463.87 Кб
Скачать

3.5 ²Азаºстанда¹ы радиохабар

Алғашқы радиостанция 1915 жылы Форт-Александровскіде (Форт-Шевченко) құрылды.

1922 жылы қаңтарда 5 таратқыш-қабылдағыш радиостанция (Орынбор, Семей, Гурьев, Форт-Александровск, Орал) және 8 хабар қабылдағыш радиостанция (Қостанай, Ырғыз, Ойыл, Орда, Ақмола, Петропавл, Өскемен, Павлодар) жұмыс істейді. 1925 жылы бұған Алматы, Жаркент, Әулиеата, Төрткөл радиостанциясы қосылды.

1931 жылы 1 мамырда Алматыда республикадағы хабар беретін тұңғыш радиостанция іске қосылды. 4 мамырда тұңғыш қазақ тіліндегі “Еңбекші қазақ” радиогазеті эфирге жолдама алды.

3.5.1 Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

Үлгі: бір мың тоғыз жүз он бесінші.

      1. Мәтіндегі аталған қалалардың қазіргі атауларын жазыңыз.

3.5.3 Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстандағы алғашқы радиостанция қашан және қайда пайда болды?

  2. Алматыдағы радиостанция қашан іске қосылды?

  3. Қазір Қазақстанда қандай радиостанциялар жұмыс істейді?

3.6 Алыстан к¼рсетудi» ал¹ашºы жобалары

Табиғат құбылыстарын тануда, әрбір оқиғаны есте сақтауда көзбен көрудің артықшылығына ешкім күмән келтірмейді. Сондықтан әр елдің ой иелері алыстан көруді арман етті.

1873 жылы орыс оқымыстысы А.Н.Лодыгин кәдімгі қыздыру лампыларын ойлап тапты.

1875 жылы Америка өнертапқышы Керл кескінді алысқа жеткізудің алғашқы жобасын ұсынды. Бұл жобаның жұмыс істеу әдісін түсіну үшін мысал ретінде кәдімгі шахмат тақтасын алайық. Ол тақтаның әр клеткасы селен элементінентұрады екен делік. Егер осындай тақтаға кескінді линза арқылы проекцияласақ, жарық көбірек түскен селен элементтері өздерінің электрлік кедергісін азайтады. Ал жарық түспеген элементтердің кедергісі өзгеріссіз қалады. Бұл жоба кемшіліктері бола тұра телевизияның дамуына түрткі болды. Яғни кескінді жеке элементтер арқылы алысқа беру идеясы өте құнды болып, телевизияда тұрақты орын алды. Арада үш жыл өткеннен кейін

Португалия өнертапқышы де Пайва селен элементінен тұратын тақта мен таблоны қосатын көптеген сымдардың орнына бір ғана сымды пайдалануды ұсынды.

1880 жылы орыс ғалымы П.И.Бахметьев өзінің “Телефотограф” деп аталатын кескінді алысқа беру жобасын ұсынды.

Де Пайва мен Бахметьев жобаларының маңыздылығы кескінді жеке элементтерге жіктеп, кезекті түрде қайталап беру әдісінде. Бұл – бүгінгі телевизияның негізгі әдісі ретінде қолданылады.

Сөздік

күмән - сомнение

ой иелері – мыслители

қыздыру – нагревать, греть, накаливать

тізбек – цепь

кескін – изображение

3.6.1 Мәтіннен тұйық етістіктерді тауып, септеңіз.

Үлгі: тану, танудың, тануға, тануды, тануда, танудан, танумен.

3.6.2 Қазақ тіліне аударыңыз.

Природные явления, русский ученый, американский изобретатель, основной способ, состоящий из элемента селен, полная видимость, частота кадров.

3.6.3 Сөздікпен аударыңыз.

Теле (грек. tele - алыс ) – алыстықты, сондай-ақ алыс қашықтыққа әсер етуді сипаттайтын біріккен сөздердің алғашқы бөлігі (мысалы, телевизия, телеграф).

Телевизия (теле және лат. video- көремін) –объектісінің кескіні мен дыбысын радио немесе өткізгіш сымдармен таралатын электрлік сигналдар арқылы алысқа тарату әрі бұларды қабылдау негізінде сол объектінің кескінін көрсету және дыбысын естірту мәселесімен шұғылданатын радиотехниканың саласы.

3.6.4 Мәтіннен етістіктерді тауып, оларды болымды, болымсыз түрде жазыңыз.

Соседние файлы в папке 2102172