
- •Алматы энергетика ж¸не байланыс институты
- •Àë¹û ñ¼ç
- •I Электр энергетикасы
- •Электр тогы
- •1) Электр тогы деген не?
- •Фарадей идеялары
- •Трансформатор
- •º½былыс – явление
- •1.5 Т½раºты токты» электр машиналары ж¸не оларды» ºолданылу саласы
- •1.6 Электр энергиясын ¼ндiрудi» жа»а т¸сiлдерiн игерудi» ма»ыздылы¹ы
- •1.7 Электр энергетикасы
- •1) Электр энергетика ж¾йесi деген не?
- •2) Электр энергетика ж¾йесiне ºандай ºондыр¹ылар жатады?
- •1.9 Электр энергетикасы ж½мысыны» сенiмдiлiгi
- •1.9.2 Жа»а с¼здердi игерi»iз.
- •1.10 Синхронды генераторлар
- •1.11 Электр жеткiзу желiлерi
- •1.12 Тмд-ны» энергетикалыº ба¹дарламасыны» негiзгi ба¹ыттары
- •II Жылу энергетикасы
- •2.1 ²Азаºстанны» отын ºорлары
- •2 Су ºорлары
- •3 К¼мiр энергиясы
- •2.4 ̽íàé ê¼çäåði
- •Òàáè¹è ãàç
- •2.6 Жел энергиясы
- •2.7 Æûëó ºîç¹àëûì çà»äàðû
- •2.8 Жылу ºондыр¹ылары
- •Øû¹ûð – турбина
- •Îøàº º½òûñû
- •2.9 Бу ºазандары
- •2.10 Жану º½былысы
- •2.11 Отынны» º½рама б¼лiктерi
- •2.12 К¼мiр кеуектiгi
- •2.13 Îòûí ûë¹àëû
- •2.14 Μшпа заттарды» шы¹уы
- •2.15 Îòûí ê¾ëi
- •2.16 Т¾тiн газы ж¸не онда¹ы зиянды заттар
- •2.17 Жануды» тектесулерi
- •2.18 С½йыº отынны» жануы
- •2.19 ²Атты отынны» жануы
- •2.20 ʾëºîæ øû¹àðó
- •2.21 ̽íàé
- •2.22 À¹àø îòûí
- •2.23 Электр станциялары
- •2.24 Атом электр станциялары
- •2.25 Су электр станциялары
- •2.26 Дизель электр станциялары
- •2.27 Жер асты энергиясы электр станциялары
- •2.28 Жел электр станциялары
- •2.29 Òàáè¹àòòû ñàºòàéûº
- •III Радиотехника ж¸не байланыс
- •3.1 Радио
- •3.2 Радиотехника
- •3.3 Радиобайланыс
- •3.4 Радиолокация
- •3.5 ²Азаºстанда¹ы радиохабар
- •3.6 Алыстан к¼рсетудi» ал¹ашºы жобалары
- •Үлгі: ашқан – ашпаған
- •3.7 Телевизия м½наралары
- •3.8 Маманды¹ым-радиотехник
- •3.9 Радиобайланыс, радиохабар ж¸не теледидар
- •3.10 Электрондыº ж¾йелер мен технологиялар
- •3.11 Телефондыº техника
- •3.12 Автоматтандырыл¹ан халыºаралыº телефон желiсi
- •3.13 Информация ж¸не оны таратуды» халыº шаруашылы¹ында¹ы орны
- •3.14 Информациялыº процестердi» классификациялануы
- •3.15 Байланыс арнасы туралы жалпы т¾сiнiк ж¸не оларды» классификациясы
- •3.16 Байланыс ж¸не телекоммуникациялар желiлерi
- •3.17 Компьютерлер мен телекоммуникациялар то¹ысында
- •3.19 Фирма «àëñè»
- •3.20 Нурсат
- •3.21 Компания tns-Plus предлагает
- •3.22 Пока Земля вертится, связь будет необходима
- •Пайдаланыл¹ан ¸дебиеттер тiзiмi
- •Мейрiмк¾л м½хамедиярºызы т¼леуп,
2.29 Òàáè¹àòòû ñàºòàéûº
2.29.1 Мәтінді көшіріңіздер, аударыңыздар, мазмұнын айтыңыздар.
Жылу электр станцияларында отын ретінде негізінен көмір, газ, мазут, торп пайдаланылады. Бұл отын жанған кезде қоршаған ортаға түтінмен бірге күл, күкірт, азот тотықтары, көмір қышқыл газы, ваннадийдің және басқа да металлдардың қосылыстары қоса шығып тарайды. Ал отын энергиясының 46 процентінен астамы толық пайдаланылмай, ыстық газ, бу түрінде атмосфераға беріледі.
Жылу электр станциясы қалыпты тәртіпте істегенде мынадай улы зиян заттар шығады: күкірт тотықтары, азот тотықтары, радиациялық заттар.
Елімізде атмосфералық ауа тазалығы бекітілген тазалық сақтау – гигиеналық нормалар негізінде анықталады. Бұл нормалар қоршаған ортаны жақсату мақсатымен қайта қаралып отырады.
Дамыған елдерде (Германия, АҚШ, Жапония) әр электр станцияда күкірт ұстағыш, күл ұстағыш жабдықтар орнатылған. Біздің электр станцияларда мұндай жабдықтар жоқ. Себебі олардың қымбаттылығы станция құнының жартысына жетеді.
Азот тотықтары – зиянды заттардың ең ұлысы. Бұл исі жоқ түссіз газ. Осы газдан құтқару тәсілдері әлі толық шешілмеген.
Күл ұстағыш техника жағынан шешілмеген мәселе. Мысалы, жаңа күл ұстағыштардың тиімділігі 99,5 процентке жетеді. Осындай жабдықтар барлық станцияларда пайдалану қажет.
2.29.2 Сөздерді меңгеріңіздер.
шешілмеген мәселе – неразрешенная проблема
зиян – вред
күкірт тотықтары – серные окисления
улы заттар – ядовитые вещества
күл ұстағыш – золоуловитель
күкірт ұстағыш – сероуловитель
құн – цена, стоимость
иіс – запах
құтқару тәсілдері - способы спасения
2.29.3 Сұрауларға жауап беріңіздер.
Жылу электр станцияларында қандай отын пайдаланылады?
Отын жаңғанда қандай зиян заттар бөлінеді?
Қандай елдерде экология мәселесі шешілген?
Күл ұстағыш не үшін қажет?
Азот тотықтарының зияны қандай?
2.29.4Мына сөздерді көпше түрлендіріңіздер.
Көмір, мазут, газ, күкірт, күл, қышқыл, тотық, жабдық.
2.29.5Мына сөздерді септеңіздер.
Күл ұстағыш, азот тотығы, зиянды зат.
III Радиотехника ж¸не байланыс
3.1 Радио
Радио (лат. сәуле таратамын, шығарамын деген сөз) – алыс қашықтыққа сымсыз таралатын жоғары жиілікті электрмагниттік тербелістерді пайдалануға негізделген техника саласы.
Попов Александр Степанович (1859-1906) – орыс физигі, радиобайланыс негізін қалаған өнертапқыш 1882 жылы Петербург университетін бітірген. Ол неміс физигі Г.Герц жасаған электрмагниттік толқын таратқыш вибраторды қашықтан сымсыз сигнал беру ісінде пайдалану жөнінде көп еңбектенді.
Ол француз физигі Э.Бранли ұсынған радиокондукторды (когерер) пайдаланып, оны жетілдірді. Бұл прибор – екі электроды бар шыны түтік. Түтік ішінде ұсақ металл үгінділері салынған. Бұл прибордың қызметі электр разрядтарының металл ұнтаққа тигізетін әсеріне негізделген. Кәдімгі жағдайда когерердің кедергісі үлкен болады, өйткені үгінділердің бір-біріне тиісуі нашар. Келген электромагниттік толқын когерер ішінде жиілігі жоғары айнымалы ток туғызады. Үгінділер арасында ұсақ ұшқындар шығады да, үгінділерді пісіріп тастайды. Нәтижесінде когерердің кедергісі күрт төмендейді.
Приборды сілкіп қалса, ол бұрынғы үлкен кедергісіне қайта ие болады. сымсыз байланысты іске асыруда автоматты қабылдауды қамтамасыз ету үшін А.С.Попов сигналды қабылдағаннан кейін когерерді сілкіп қалып тұратын қоңыраулы құрылғыны пайдаланды.
Аппараттың сезгіштігін арттыру үшін А.С.Попов когерердің бір ұшын жерлестірді, ал екіншісін жоғары шаншылған сымға қосып – осылай ең тұңғыш рет қабылдаушы антенна жасады. Сөйтіп, жерлестіру Жердің өткізгіш бетін ашық тербелмелі контурдың бір бөлігіне айналдырады да, осыдан қабылдау қашықтығы артады.
1900 жылы Поповқа Парижде өткен 4 Дүниежүзілік электротехниктер конгресінде осы еңбегі үшін Құрмет дипломы мен Алтын медаль берілді.
1945 жылдан бастап 7 май радио күні боп аталады.
Радио таратқыш жүйе (антенна) арқылы электромагниттік энергияны жан-жақты тарату және оны қашықтан радиоқабылдағыштың антеннасымен қабылдау мәселелерін іске асырады.
Электрондық лампалардың шығуы радионың дамуына түбегейлі бетбұрыс жасады. Қысқа мерзім ішінде радио арқылы сөз бен әнді алысқа тарату – радиохабар тарату мәселесі іске асырылды. Радионың кемелденуі арқасында радионавигация, радиолокация, телевизия т.б. жаңа салалар бөлініп шықты.
Сөздік
сәуле-луч тарату – распространять
шығару – излучить, выделять жиілік – частота
сымсыз –беспроволочный қабылдағыш – приемник
жетілдіру – совершенствовать мәжіліс – заседание
ұсынған – предложенный қашықтық – расстояние
тербеліс – колебание өнертапқыш – изобретатель
мәселе – задача мерзім – время
бетбұрыс – поворот, перестройка
3.1.1 а) Сингормонизм заңын еске түсіре отырып, мына сөздерге көптік жалғауын(-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер)жалғаңыз; ә) бұларды қатыстырып сөйлем құраңыз, орыс тіліне аударыңыз.
Жабдық; кәсіпорын; мүмкіндік; студент; дәптер; қалам; жатақхана; орындық; тақта; стол; оқу құралы; оқулық; асхана, факультет.
3.1.2 Мына сөздердің антонимдерін жазып, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз.
жоғары –
сирек –
терең –
күндіз –
бай –
3.1.3 Мына мақалдардың мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.
1 Әдеп басы – тіл.
2 Бақыт белгісі – білім мен ақыл.
3 Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
4 Оқу – инемен құдық қазғандай.