
На сортировку / 2102172 / миод
.docx
4. Культеваторлардың жұмыс мүшелерін қаңқаға орналастырып, берілген өңдеу тереңдігіне қойып реттеу және тракторға агрегаттау (асу-тіркеу) тәртібін жазыңыз.
Жұмыс органдары алдын ала белгіленген терңдікте өңдеуді мынандай ретпен атқарады:
Ретке келтіріп алдында тіркемелі культеваторларды (оны тракторғажалғастырмай тұрып) тегіс жерге қояды, тасымал планкасын рама кронштейнінен шығарады, ал тіркеу тетігін түсіріп, тұғырға орнатады ды оның астына топырақ өңдеу терңдігіне дәл келген биіктікке аралық төсем қояды. Гидроцилиндр штогын ең шеткі қалыпқа орнатады (яғни жалғастыратын нүкте аралығы 715мм болуы керек).
Культеватор доңғалықтарының астына аралық төсем салынады, оның қалыңдығы өңделген топырақ тереңдігіне сәйкес келуі, бірақ доңғалақтың топыраққа батырылатын шамасынан 3-6см кемірек болуы тиіс.
Жұмыс органдары тіреуіш плитадан жанасуы керек. Од үшін реттегіш ойықтағы штанганы аралықпен жалғастырып осьті ауыстырып штанга қалпақшасының астындағы реттегіш шайбаның қысымын өзгертеді.
Культеватордың жүріс бағытындағы әмбебап жебе тәрізді табанның тұруы қалпын өзгерту үшін құйма ұстағыштың тұру қалпын өзгертеді. Табан тұмсығын культеаватордың жүріс бағытына қарай өзгертеді. Реттегіш конус шайбаны сопақша тесікке қарай бұрады.
Аспалы культеваторды астына аралық төсем қойылып, тратордан ажыратылғаннан кейін ғана реттейді. Жұмыс органдары беогіленген тереңдікке орнату үшін терңдікті реттейтін механизм винтімен раманың тұру қалпын дәл белгілейді, мұндайда аралық штангасының қалпақшасы ішпекке, ал табан асты немесе серіппелі тіс тұмсығы тіреуіш плитаға кереледі. Мұнда раманың екі жақ шетінде плита деңгейімен бірдей биіктікте, ал раманың алдыңғы брусының горозанталь қырлары плитаға паралелль оранласуы тиіс. Егер кейбір штанганың қалпақшасы астарға тірелмесе, онда астыңғы реттегіш шайба қояды.
Жұмысты орындаған: Ақтаев Әділ_________
Жұмысты қабылдаған: доцент Бисекен А.Б_
Қабылдаған уақыты: ___________________