
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Әлеуметтік пәндер кафедрасы»
Философия пәнінен
№2 Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: «Адамдағы биологиялық және әлеуметтік қасиеттер туралы»
Орындаған: Әлмуханбет А Тобы: Эук-15-12
Тексерген: аға оқытушы Джаркинбаев Е.Е
Алматы, 2016
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
Негігі бөлім..................................................................................................................4
Қорытынды.................................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................17
Кіріспе
Адамның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдерінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эвлюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шыққанан кейін ол шешуші рөл атқармайтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады.
Табиғи сұрыпталудың күші қоғам өмірінде барған сайын әлсіреуде, өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік институттар жеке адамдардың биологиялық жағынан өзгергіштігін ұдайы әлсіретеді. Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж. 1млн. Адамнан 4000 адам болған болса, қазір 1млн. Адамның 13-і ғана өлетін болды, ал бұл құрт ауруының емдеуге қарсыласуы бойынша сұрыпталуы мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдар басқа аурулар бойынша да келтіруге болады.
Негізгі бөлім
Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы
Адам — биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениеттің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды езге жануарлар дүниесінен ерекшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалық шақтың ұзаққа созылуы, еңбек құралдарын және отты меңгеруі және т.б.
Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып саналады. Адамның соңғы 40 мың жылда қол жеткізгенінің бәрі биологиямен байланысы жоқ, керісінше, мәдениетпен, коғаммен байланысты. Басқаша айтқанда, табиғи жолмен емес, керісінше, мәні әлеуметтік қатынастар жүйесінде айқындалған қолдан жасалған ортамен байланысты. Адам биологиялық тіршілік иесі болғанымен, осыдан бастап оның индивидуалдығы қалыптасады, кейін ол тұлғаға айналады. Тұлға ретінде адам туралы түсініктің дамуы бірнеше кезенді қамтиды. Ежелгі Қытайдағы (б.з.д. VI—I ғғ.) даосизмде қараңғылық пен жарықты, еркектік пен әйелдікті, белсенділік пен енжарлықты, қаталдықпен ізгілікті, тыныштық пен қозғалысты өз бойына жинап, үйлестірген адам — дүниеде кіндік орынға қойылды. Ол өткенге бет бұрып қарап, ал болашаққа ту сыртын берген қалыпта еді. Дүние адам үшін жаратылмаған, адам дүние дамуының соңғы буыны. Адам құдаймен индивид ретінде қатынас жасамайды, рулық әрі ұрпақ ретінде қатынаста болады. Адам өзінің тұлғалық шекарасын сезбейді. Ежелгі Үндістандағы (б.з.д. VII—IV ғғ.) буддизм адамдардың өзіндік индивидуалдығын жоққа шығарды. Бұған дара тұлға идеясы, индивидуалды бірегей өмірдің өлгеннен кейін кайтып оралмайтыны белгісіз болды. Буддизм түсінігі бойынша, өлгеннен кейін адам денесі мен санасы көптеген элементтерге бөлініп, басқа жерге барып орнығады. Бірақ индивидуалдық емес, тек ғарыштық жан ғана басқаға қонады. Ал мұндай жанда индивидуалдық болмайды. Ерік туралы ойды терістеген буддизм адамда жан болады деген идеяға да салқын қарады. Ежелгі Грецияның (б.з.д. VI—IV ғғ.) философтары бірінші болып өмірдің кұндылығы оның қайталан бастығында екенін түсінді. Олар индивидті ғарыштан бөліп, маңызды кадам жасады. Сократ антропологиялық тақырыпта төңкеріс жасады, оны адам философиясының іргетасын қалаушы дейді. Атақты «Өзіңді өзің таны» нақылы бойынша әрбір адамда ішкі «Мен» болады, оның орталығы сана мен ойлау болып табылады. Адам өмірде ұтымдылықты көздейді: ол өзіне мақсаттар қояды және оларға жетеді, олар үшін жауапкершілікті мойнына алады. Адамның жетілуі — оның кызметі мен тәрбиесінің нәтижесі.
Адам өзін-өзі танып қана қоймайды, сонымен бірге табиғат және әлеуметтік заттардың өлшеуіші де болады. Гректер адам іспетті, бейнелі құдайлар құрметіне храмдар тұрғызды, онымен адамның түйсінуі мен ойлауының өлшемін бейнеледі. Бұдан кейін адамның құнды өлшеуіш екендігі жөніндегі түсінікті Демокрит пен Платон дамытты. Нәтижесінде антропологиям гректерде антропоцентризмге айналды.
Орта ғасырларда (б.з. ІУ-ХІУ ғғ.) христиандық адамға принципті жаңа тұрғыда қарауды ұсынды, ол гуманизм ілімінен көрініс тапты. Ежелгі Қытай, үнді және грек өркениеттерін тұлғаға дейінгі мәдениетке жатқызады. Христиандық адамды дүние жаратылысының дәл ортасына қойды. Адам — бұл храм, ол құдай сияқты жаратылған. Адамда тұлғаның абсолюттік жасампаздығы бар.
Қайта әрлеу дәуірінде (XIV—XVI ғғ.) антик алық дүние мен христиандықтың адамға деген ең он көзқарастары теріп алынып, гуманизм іліміне сіңірілді. Бұл дәуірдің ойшылдары, рухтың алыптары - Леонардо да Винчи, Микеланджело, Данте — адам тұлғасының бостандығы мен егемендігін жариялады. Адам тұлғасын олар дене мен рухтың, ақыл-парасат пен сезімнің, жердегі мен көктегінің үйлесімі деп түсінді. Қайта өрлеу дәстүрлі коғамнан казіргі коғамға өтуімен, капитализмнің алғашқы көріністерінің байқалуымен де ерекшеленді. Ал капитализм әлеуметтік және экономикалық құбылыс ретінде индивиді жоқ жерде орнай алмайды, ол үшін еркін кәсіпкер, саудагер, қолөнерші, жалдамалы жұмыскер болуы шарт, олар өз алдына жеке экономикалық агенттер деп бағалады.
Ренессанстық сана толық мағынада айтқанда, «индивид» ұғымынан «индивидуалдық» түсінігіне қарай ойысты. Қайта өрлеуді «ақыл-парасат ғасыры» деп те атайды, өйткені ол сананы адамның ен жоғары жетістігі деп жариялады. Сөйтіп, Қайта әрлеу антик ада пайда болған ұтымдылықты жалғастырып, оны жоғары деңгейге жеткізді.
Ағартушылық (XVII—XVIII ғғ.) Қайта өрлеу дәуірінде басталған «ақыл-парасат патшалығы» адамның саяси бостандығы мен азаматтық құқығын орнату күресін одан әрі жалғастырды. Ағартушылық дәуір соңы екі маңызды құбылыспен есте қалды:
1) ұлы өндіріс революциясы, бұл капитализм шабуылының тоқтаусыздығын толық нығайтты және
2) ұлы француз революциясы (1789 ж.), бұл төңкеріс казіргі демократияның негізін қалаған саяси бостандықпен саяси әдет-ғұрыпты жариялады. Бұл дәуір ұлы географиялық және ғылыми ашылымдардың, заңды еркіндікті жеңіп алудың, буржуазияның билік үшін күресінің заманы болды, соның нәтижесінде жабық, дәстүрлі енжар қоғам ашық, казіргі шалымды қоғаммен ауыстырылды.
Бостандық, ақыл-парасат, қозғалысты өмір салты, индивидуализм және кәсіпкерлік рух — қалыптасу үстіндегі тұлғаның басты көрсеткіштері. Тарихшылардың пікірінше, «индивидуалдық» сөзінің өзі «тұлға» ұғымы ретінде бұдан 200-300 жыл бұрын, яғни ағартушылық дәуірде пайда болған.
Қазіргі философияның пайымдауынша, мәңгілік дүниедегі адам мәңгілік құндылықтарды жалғастырушы. Уақыт ішіндегі адам тек физикалық құбылыс: ол туады және өледі. Уақыт ішінде өмір сүру — бұл біздің қоғам азаматы ретіндегі болмысымыз. Уақытпен біз ас ішеміз және ұйықтаймыз, билік үшін күресеміз және бала өсіреміз, табыстарға жетеміз және жеңілістерге ұшыраймыз. Қоғамда әмір сүргендіктен әлеуметтік тіршілік иесі ретінде біз қоғамнан тыс бола алмаймыз. Өйткені біздер отбасының, ұжымның, мамандықтың және таптың бірлігінің көрінісіміз. Алайда, адамның мәні басқада — ол адами мәңгілікте және адамдық еркіндікте.
Біздің әмір сүруіміз уақыт пен мәңгіліктің арасындағы қайшылықта болады. Адам болмысы әр түрлі екі өлшемде жатыр, сондықтан адам әрдайым қарама-қайшылықты. Уақыт ішінде әмірді бақылауға болады, ал мәңгілікті тек елестетуге болады. Философтар қарастырған адам болмысының екі тұрғысы осылар.
Жаратылыстанушы ғалымдар адам жөнінде басқаша көзқараста болады. XIX ғасырда биологияның озық ойшылдары тұлғаға жұмыртқа ішінде толық қалыптасқан тіршілік иесі сияқты қарады. Индивидтің тұлғалық белгілері ұзақ уақыт бойы тұқым қуалаушылыққа таңылды. Адамның отбасы, тұқым - тұқияны және қанынын қасиеті оның ұлы тұлға болуын, асқан мақтаншақ, түзелмес кылмыскер немесе қайырымды сері болуына негіз салады делінді.
XX ғасырдың бірінші жартысында жиналған сан алуан жаңа фактілер адамның мәні туралы бастапқы көзқарастарды қайта мәжбүр етті. Сөйтіп, туа біткен қа жағымсыз биологиялық алғышарттар адамның толыққанды коғам мүшесі болу мүмкіндігін жоққа шығара алмады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтік орта атқарады, адам туғаннан кейін осы ортаға түседі.
Сонымен, XIX ғасырда адамдағы биологиялық пен әлеуметтіктің арасалмағына катысты мәселені нақты ғылымдар әдістерінің көмегімен толық шешпекші болған ниет іске аспады. XX ғасырда бұл мәселе одан да бетер үлкен қайшылыққа тап болды. Бүгінде ғалымдар бұл мәселені шешілмейтін проблема деп қарауға бағыт ұстап отыр. Адам тұлғасын зерттеуде тұлғалық қасиетті анықтаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған:
— табиғи, бұл басқа адамдардың ықпалынан тәуелсіз адамның өзінде болатын және дамитын жағдайлар;
— биологиялық, бұл жалпы шыққан тегі;
— тұқым қуалаушылық, бұл ата-ана қанының негізінде болатын және дамитын факторлар (биологиялықтың бәрі бірдей тұқым қуаламайды);
— әлеуметтік, адамға әлеуметтенді ру барысында, басқа адамдармен қарым-қатынаста және өзара іс-әрекет арқылы сіңісті болып, қабылдаған белгілер.
Кең мағынада алғанда әлеуметтік үшке бөлінеді:
— өзіндік әлеуметтік, бұл адамның өзінің әлеуметтік рөлдерін дұрыс орындау үшін қабылдаған аса қажетті белгілерінің жиынтығы;
— ерекшелікті мәдени, бұл әдепті мінез - құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы, олар ырықсыз орындалады, индивидтің сіңісті белгілеріне айналады, осы арқылы өзгелер оны тәрбиелі жан ретінде таниды;
— адамгершілік, этикалық нормаларды абсолюттік талаптар ретінде орындауына орай адам бойындағы әлеуметтік қасиеттің жоғары көрінісі және мәдениеттілік бастаулары. Тұлғаны адам тәнінде өмір сүреді деуге бола ма? Иә, ол айналадағы кеңістікте жоқ — қасымызда да емес, алыста да емес. Ал тұлғада дене бар ма? Жоқ, өйткені тұлға материалдық түзілім емес. Онда өзін алып жүруші — адами психика болады. Бірақ психика адам тәнінің құрамдас бөлігі болып саналмайды. Психика - жоғары ұйымдасқан материяның ойлау сияқты қасиеті, мидың атқаратын кызметі болып табылады. Психика — биологиялық эволюцияның белгілі бір сатысында пайда болған, ақиқатты бейнелеудің ерекше формасы. Оның мазмұны - бұл тірі жүйелердің айналадағы ортамен өзара әрекетінің жемісі немесе нәтижесі. Психологтар тұлға туралы әңгіме еткенде, олар ең алдымен психиканы айтады. Тұлға туралы жүйелі ілім жасаған . Фрейд те дәл солай жасады.
Сонымен, әлеуметтік дегеніміз не? Әлеуметтік - бұл адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекше сапасы немесе бір адамның басқа біреумен қарым-қатынасының ерекше саласы. Әлеуметтік дегеніміз — адамдардың өзара қарым-қатынастары және сол қатынастардың қоғамдық манызды нәрсе ретінде қарастырылуы.
Тұлға әлеуметтік өзара қимыл-әрекеттер мен қатынастардың бірінші өкілі. Ал тұлға дегеннің кім екенін анықтау үшін әуелі «адам», «индивид», «индивидуалдық» деген ұғымдарды түсініп алу керек. Күнделікті өмірде және ғылыми тілде бұл терминдер өте жиі кездеседі. Бұл ұғымдар көбінесе синонимдер ретінде де қолданылады, бірақ олардың қатаң анықтамаларына жүгінетін болсақ, онда олардың мән-мағынасындағы айырмашылықтарды аңғару киын емес. Адам ұғымы һоmо sаріеns- тің бөлініп шыққанынан бастап қолданыла бастаған мейлінше жалпылама, атаулық ұғым болып саналады. Адам дегеніміз жер бетіндегі тірі организмдер дамуының жоғарғы сатысы, әлеуметтік-тарихи кызмет пен мәдениеттің субъектісі болып табылады. Адам адамдық түрге еніп, адами - әлеуметтік шығу тегі процесінің қалыптасқанынан бері 40 мың жылдай уақыт өтті. Өзінін табиғаты бойынша — адам біртұтас биологиялық - әлеуметтік жан. Мұнда биологиялықпен әлеуметтілік жәйттар бір-бірімен диалектикалық бірлікте, өзара әрекеттес, өзара бір-бірімен тығыз байланысты болады. Адамның табиғи негізін оның биологиялық ерекшеліктері құрғанымен, оның мәнді әлеуметтік сапалары адам дамуының анықтаушы жақтары болып табылады. Қоғамның тарихи қалыптасқан түрінің экономикалық, саяси, идеологиялық және әлеуметтік қатынастары әрбір адамның әлеуметтік сапасын, оның іс жүзіндегі кызметінің мазмұны мен сипатын анықтай отырып, әралуан өзгеріске ұшырап, көрініс табады. Дәл іс жүзіндегі кызмет процесіндегі адам, бір жағынан, әзі өмір сүріп отырған айналадағы ортаның әлеуметтік қатынастарын біріктіреді, ал, екінші жағынан, сыртқы дүниеге деген өзінің ерекше көзқарасын білдіреді. Әлеуметтануда адам қандай жағдайларда әлеуметтік қатынастардың нағыз субъектісі бола алатындығы, мұнда оның өзіне және коғамға не нәрсе байланысты екені анықталады.
«Жалпы» адам болмайды, бұл бей нақтылық. Нақтылы адамдар бар. Нақтылы адамда оның жеке өзіндік (табиғи) белгілері көптеген факторлар мен жағдайлардың ықпалымен қалыптасатын әлеуметтік белгілермен қалай ұштасатындығы көрінеді. Алайда, тек осыған сүйеніп, философия адамды, ал әлеуметтану — тек тұлғаны ғана зерттейді деу дұрыс емес. Себебі адам мен тұлғаның екеуі де бір объект болып табылады. Демек, бұл жерде әңгіме осы объектінің әрқилы тұрғыдағы аспектілері мен сол объектіге алып баратын әр түрлі жолдары жөнінде болуы керек.
Адам мен тұлғаға алып баратын тағы да бір жол бар. Тұлға есебінде адам әлеуметтік қатынастардың объектісі және олардың субъектісі ретінде қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың құрылымына бойлай отырып, адам тек белгілі бір коғамдық қатынастардың өнімі болып қана қоймайды, сонымен бірге олардың жасаушысы да болып табылады.
Адам — жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндік диалектикалық бірлігі. Бұл жерде «жалпы» дегеніміз жалпы адамзаттық, «ерекшелік» дегеніміз коғам құрылыстық, таптық, ал «жеке өзіндік» дегеніміз өмір сүрудің жеке түрдегі тәсіл - белгілері. Сонымен, адамзат ерекше материалдық нақтылық ретінде өмір сүруде. Алайда, адамзат осы күйінде өз бетінше өмір сүрмейді. Нақтылы адамдар өмір сүре отырып, қимыл - әрекет жасайды.
Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі «индивид» деген ұғыммен байланысты. «Индивид» дегеніміз халық, коғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтануда «индивид» ұғымы әлеуметтік қатынастардың жеке-дара алғандағы екілі қарастырылған жағдайда қолданылады. Индивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде «индивид» ұғымы «нақтылы адам» мағынасында қолданылады. Ал енді индивидуалдық түсінігін (жеке адамның өзіне тән) — индивидтің басқаларда қайталанбайтын бірден-бір өзіндік ерекше қасиет сипатын, бір индивидті екінші индивидтен ерекшелейтін белгілердің жиынтығын қарастыру арқылы анықтауға болады. Бұл ерекшеліктер — биохимиялық, нейрофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік және т.б. деңгейлерде байқалады. Тұлға ұғымы адамның және индивидтің табиғи емес мән-мағынасын айқын көрсету үшін енгізілген, яғни бұл ұғым оның әлеуметтік бастауларын айқындайды.
Басқаша айтқанда, адамның тарихи дамуының әр түрлі деңгейлеріндегі жеке алғандағы және нақтылы-тарихи өзгешеліктерін көрсету үшін «индивид» деген ұғыммен қатар, «тұлға» деген ұғымды қолданады. Тұлға дегеніміз — индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдық сапалар неғұрлым толық көрініс табады.
Әлеуметтік өмірде адамдардың бір-бірімен әр түрлі салада тығыз қарым-қатынасының, өздерінің белсенді, саналы іс-әрекеттері аркасында индивид (жеке адам) әлеуметтендіріліп, бірте-бірте, келе-келе тұлғаға айналуы керек. Тұлғаның өзіндік өзгешеліктері, саналылығы, бағалы бағдарлары мен әлеуметтік қатынастары, коғамға катысты бірқатар дербестіктері және өз іс-әрекеттері үшін өзінін жауапкершілігін түсіну, т.б. тұлғаның бойынан табылуға тиісті міндетті сипаттамалары болып саналады. Тұлға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жататын әлеуметтік елеулі іс-әрекеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де болып табылады. Сондықтан да халықтың рөлін жақтаған көзқарастар проблеманың тұлғалық жағын жоққа шығармауға тиіс.
Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету тұтас күйінде емес, кайта оның нақтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте манызды. Ал әлеуметтануда тұлға көбіне-көп қоғамдық, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қаралады. Әлеуметтік қатынастар адамның ішкі дүниесімен қабыса отырып, айналадағы ақиқатқа деген оның тұлғалық көзқарасы ретінде көрініс табады.
Адамдарды біріктіретін әлеуметтік қатынастар — өмір сүріп отырған әлеуметтік орта жағдайларындағы индивидтердің өзара қимыл-әрекеті процесінде қалыптасқан олардың белгілі бір тұрақты байланыстарының жүйесі. Тұлғаның әлеуметтік қатынастары адамның әлеуметтік сапалары ретінде оның кызметі мен іс-әрекетінен көрінеді.
Жекелеген қоғамдық ғылымдардан әлеуметтанудың айырмашылығы — ол тұлғаны тұтас күйінде зерттеп, белгілі бір қоғамдық - экономикалық формациялар жүйесіндегі оның мәндік сипаттарын анықтайды. Мұндай талдау коғам эволюциясы процесінде тұлға дамуының диалектикасын көрсетіп, сонымен бірге тарихтың әрбір алға дамуы кезеңіндегі тұлғаның даму процесінің өзіндік ерекшелігін ашады. Әлеуметтік тұтастық жүйесіндегі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі болып табылатын кеп қырлы байланыстардың жиынтығы ретінде көрінеді. Қатынастар мен байланыстардың осы көп қырлылығындағы елеулі нәрсені анықтау тұлға проблемасын әлеумет танымдық тұрғыдан талдаудың міндеті болып табылады. Адамның әлеуметтік табиғаты өзінін нақтылы іске асырылуын тұлғаның қоғамдық - тарихи түрлерінен табады.
Тұлғаның әлеуметтік түрі — белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа кіретін тұлғалардың қайталанып отыратын елеулі әлеуметтік сапалары жиынтығының сараланған бейнесі. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сапаларында белгілі бір таптың, я болмаса әлеуметтік топтың адамдарына тән ортақ, біршама тұрақты белгілер көрініс табады. Тұлғаның әлеуметтік түрлері тарихи қалыптасқан өмір жағдайларының, әлеуметтік айналадағы ортаның, дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, жалпы дүниетанымның, үлгі-өнегеліктің және коғамдық өмірдің, т.б. жақтарының жемісі болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сипаттамалары белгілі бір әлеуметтік ортаның шеңберіндегі адамның қоғамдық дамуының өзіндік ерекше жағдайларын көрсетеді. Белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың өкілі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретіндегі тұлға сез болып отырған қоғамдық даралықтың езіне тән белгілерімен сипатталады.
Тұлғаның әлеуметтік түрлері коғамның материалдық өмір жағдайларына, қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты қалыптасады. Адамдардың, оның ішінде тұлғалардың әлеуметтік бейнесін анықтайтын іргелі негіз олардың белгілі бір өмір салты болып табылады. Тұлғаға айналған адамдардың бірқатары әр сапалық деңгейге, әр түрлі әлеуметтік атауға ие болады. Мысалы, еткен уақыттардағы немесе казіргі замандағы көпшілігі қатардағы жай тұлғалар ірі, ұлы, белгілі, әйгілі, көрнекті, тарихи, т.б. тұлғалар болып дараланады. Өткен замандардағы тарихи тұлғалардың рөліне баға беру кезінде жағымсыз тарихи тұлғаларды дәріптеу дұрыс болмайды. Екінші жағынан, жағымды тарихи тұлғаларды асыра бағалау — басқа бір ұшқарылыққа - тұлғалық негіздерді аса дәріптеуге де соқтырмауға тиіс. Бұл тұрғыда кезге түскен әйгілі, ірі тұлғаларға дұрыс баға беру, жағымды, жағымсыз тұлғаларды айыра біліп, олардың тарихтағы, қоғамдағы рөлін дұрыс түсіне білу маңызды мәселе. Адамдардың, тұлғалардың өмір болмысы қандай болса, олардың ездері де сондай болады.
Тұлға адамның әлеуметтік сапаларының біртұтас жиынтығы ретінде қаралады, яғни ол белгілі бір жолмен коғамдағы әлеуметтік мәнді белгілер мен әлеуметтік қатынастардың индивидте жүзеге асқан бірлігі және тарихи даму мен индивидтің өзінің белсенді тұрлаулы кызметі, байланысы арқылы әлеуметтік жүйеге енуінің нәтижесі болып табылады. Сонымен бірге тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі бола отырып, ол қоғамнан біршама дербес және тәуелсіз, оған әзін қарсы қоюға да қабілетті. Қоғам, әлеуметтік қатынастар тұлғаның тұлғалық міндеттерін іске асырудың жеткілікті құралдарына ие. Әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде тұлға мен коғам арасындағы өзара қимыл-әрекеттер мен өзара байланыстар үш элементтен құралады:
1) Тұлғаның іздену элементі;
2) Қоғамның ұсыну элементі;
3) Тұлғаның коғам ұсыныстарын таңдау элементтері. Әлеуметтік ортаға, әлеуметтік қатынастарға енген әрбір тұлға адами тәртіптің негізін меңгеруі керек, өзі өмір сүретін коғам мәдениетінің тілін білуі шарт. Ол адамзаттың және коғамның қолы жеткен іргелі жетістіктер мен құндылықтарды құрмет тұтуға, сыйлауға міндетті. Мұнсыз әрбір индивидтің тұлғаға айналуы және тұлғаның әлеуметтік ортада субъект міндеттерін атқаруы жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Тұлға әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі субъект ретінде әз міндетін атқаруы үшін әуелі ол әзінің қабілетіне сай әмірлік жоспарын, мақсаттары мен мұраттарын жүзеге асыру жолдарын іздестіру жағдайында болады. Адам, тұлға әзінің келешегін, өзінін әлеуметтік ортадағы, коғамдағы міндетін орындауға бағытталған жолдарын өз қабілетіне сәйкес таңдайды. Тұлға мұндай таңдауды іске асыра, әлеуметтік орта тәртібін қабылдай отырып, өзі мен коғамның өсіп - өркендеп, дамуы жолында кызмет жасайды. Тұлға өзінін әлеуметтік міндетін орындауда әлеуметтік қатынастар қазанында біте қайнасып, алдына қойған мақсаттарды өзінің коғамдағы алатын орнына сәйкес іске асыра алатындығы немесе іске асыра алмайтындығы жөнінде көп толғанып, көп ойлануы тиіс. Себебі адамдар, соның ішінде тұлғалар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде басқа адамдармен, коғаммен өзара тәуелді жағдайда болып, берік әлеуметтік қатынастарға енеді. Яғни әрбір адам, тұлға белгілі бір пайдалы міндеттерді орындай отырып, коғамды дамыту ісіндегі әлеуметтік қатынастардың субъектісі рөлін атқарады.
Екінші жағынан, коғамдағы белгілі бір әлеуметтік міндетті атқару мен орындау кез келген тұлғаның қолынан келе бермейді. Сондықтан әлеуметтік орта коғам мүшелері ішінен тапсырылатын кызметтерді орындай алатын тұлғаларды даярлауға маңыз береді. Әсіресе, коғамды кайта құру мен реформалау кезеңдерінде күрделі әлеуметтік проблемаларды шешу үшін лайықты, қолынан іс келетін, батыл, қайратты тұлғаларды тауып, тәрбиелеу, сөйтіп оларды әлеуметтік қатынастардың белсенді субъектілеріне айналдыру күрделі де маңызды өмірлік мәселе. Тұлғалардың әлеуметтік міндеттерді орындау жұмыстары олардың әздерінің жоғары сапалары мен іскерлік қасиеттерін жетілдіруі тиіс.
Тұлғаның кызмет процесіндегі біте қайнасатын кәп жақты және нақтылы әлеуметтік байланыстарында ол объект ретінде де көрінеді. Мұндай қатынастар процесінде тұлға өзін қоршаған әлеуметтік ортаның әрқилы ықпал-әсерлеріне өзінше назар аударып, өзін әр түрлі тәсілдермен көрсетеді. Тұлғаның әр түрлі көріністері өзара бір-бірімен байланысты және өзара бірімен-бірі себептестік жағдайда болады. Және бұл жерде енбек кызметі негізгі, анықтаушы кызмет болып табылады да, ал үлгі-өнегелік, әсемдік, саяси сапалар туындылар болып есептеледі.
Тұлғаның барлық көріністерінің жиынтығы мен бірлігі, олардың өзара бір-бірімен байланысы оның әлеуметтік кұрылымын құрайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымының негізін қоғамдық, әлеуметтік қатынастар қалыптастырады. Мұндағы өзгерістер тұлғаның да әлеуметтік құрылымында өзгерістер туғызады. Бұл жерде объект ретіндегі жекелеген тұлғаның әлеуметтік бейнесіне өндірістік қатынастармен катар басқа да қоғамдық қатынастар ықпал етеді. Ал бұл қатынастардың жиынтығы тұлғаның әлеуметтік құрылымы қалыптасуының қажетті жалпы шарты болып табылады. Тұлғаның өзіндік өзгешелігіне басқа жағдайлар да, атап айтқанда, нақты әлеуметтік айналадағы орта да (отбасы, ұжым, т.б.) белгілі ықпалын тигізеді. Алайда, тұлғаның әлеуметтік қатынастардағы объект ретіндегі өзіндік өзгешелігі оның әзі қоғамдық байланыстардың кең ауқымына енген сайын анығырақ көрінеді. Себебі тұлғаның езі турады түсініктің шығу кезі ол — оның төңірегіндегі және ол үшін мәні бар адамдар болып табылады. Әр адамның іс-әрекеттері жөніндегі басқа адамдардың пікірлері, бағалары бойынша сол адамның қандай адам екендігі туралы түсініктер жасалады. Әр адамды оның төңірегіндегі адамдар қандай деп есептесе, сондай түсінік сана-сезімнің мазмұнына ықпал жасайды. Бұл - әр адамды, индивидті ортақ белгілерге бөлу нәтижесі болып табылады. Өзі туралы басқа адамдардың пікіріне тұлғаның қарсы ез пікірі елеулі түрде оның әлеуметтік мінез-құлық қалпын, бейнесін қалыптастырады. Тұлғаға ықпал жасау, біріншіден, әлеуметтік ұйым қабілетінің және, екінші жағынан, тұлғаның басқа адамдардың ықпалына берілу қабілетінің қалыптасуына, индивидтің қайткенде де әлеуметтік ұйымның элементіне айналуына, коғам ішіне қалай енуіне байланысты болады. Әлеуметтануда әлеуметтік қатынастардың объектісі ретіндегі тұлға өзара байланысты екі процестің бірлігінде қаралады. Олардың бірін социализация (әлеуметтенді ру), екіншісін идентификация (ұқсастыру) деп атайды.
Тұлғаның объект ретінде әлеуметтендірілуі дегеніміз, мәдениеттің және әлеуметтік ережелер мен құндылықтардың элементтерін оның игеруі арқылы, әрі осылардың негізінде тұлғаның әлеуметтік мәнді белгілері қалыптасып, коғаммен, әлеуметтік қауымдастықтардың әр түрлерімен бірігетін процесі. Әлеуметтену ісі ете кен процесс. Бұл жеке мәселе ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлға дамуының екінші процесі идентификацияны (ұқсастыру) сөз етсек, мұнын мәні мынада: әрбір индивидтің, тұлғаның өзін-өзі басқа адамдармен, топпен, ұжыммен ұқсастырудың психологиялық процесі. Бұл процесс оған әлеуметтік қызметтің әр түрлерін меңгеруге, әлеуметтік ережелер мен кұндылықтарды өзіне сіңіріп, әлеуметтік міндеттерді қабылдауға көмектеседі. Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің әдетте үш түрі бар:
1. Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату;
2. Өзін белгілі бір бағалы әлеуметтік топқа кіргізу (жас шамалық, ұлттық, жыныстық, т.б.);
3. Нақтылы бір әлеуметтік топқа, ұжымға, шағын топқа жатамын деген сезіммен әзін соларға қосу. Тұлғалар мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау негізінде орнайды. Әлеуметтік бақылау бұл оны құрайтын элементтердің тәртіптелген өзара әрекетін қамтамасыз ететін, әлеуметтік жүйенің өзін реттеп отыратын тәсілі, әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын тұрақтандыру кызметі үстемдік етуші әлеуметтік қатынастардың, әлеуметтік (топтық, таптық, мемлекеттік) құрылымның шептерін ұдайы жандандыру (өндіру де) болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын мақсаттық кызметі, оның бағытталуы мен мазмұны сол тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйенің әлеуметтік - экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-құқықтық сипаттарына, тарихи даму процесіндегі коғам типтерінің бірін-бірі алмастыруда алатын орнына тәуелді болады. Әлеуметтік бақылау проблемасы негізінде басты мәселе. Себебі ол жеке адам мен коғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы туралы мәселені қамтиды.
Әлеуметтік бақылау процесі барысында жеке адамдар мен коғам арасында әлеуметтік қатынастар қалыптасады. Бірақ ол жеке адамдардың сапаларын әлеуметтік стандартқа (бірдейлікке) жақындатуға қарағанда әлдеқайда күрделі. Бұл жерде әлеуметтік басқару механизміндегі жеке адам санасының қызмет ерекшеліктерін ескеру қажет. Егер де коғамдық сана деңгейінде ақпарат тұтастық күйінде берілсе, жеке адамдар санасы деңгейінде тұтас күйіндегі әлеуметтік ақпаратты әрекеттің мақсаты, құралы туралы ақпаратқа бөлшектеу мүмкіндігі пайда болады. Осыдан келіп оларға саналы баға беруге, оларды қабылдауға, мойындамауға немесе өзгертуге мүмкіндік туады.
Осының салдарынан жеке адамдар санасы деңгейінде жаңаша қарау (жана ұстаным, құнды бағыттар, т.б.) қалыптасуы мүмкін, жаңаша қарау бұрыннан әлеуметтік бақылаудың атқаратын қызметтерінің құрамына қосылғандықтан адамның мінез-құлқын өзгертетін болады. Бұл қоғамдық дамудың пісіп-жетілген қажеттіліктері көрінетін болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Қоғам мен жеке адам арасындағы әлеуметтік бақылау механизмі шеңберінде өмір сүретін әлеуметтік қатынастар субъектінің объектіге, қоғамның жеке адамға жай ғана қатынастары емес, ол әр түрлі элементтердің әрдайым сипатына сәйкес белсенді түрдегі өзара әрекеті мен өзара байланыс үрдісі.
Жеке адам және коғам (әлеуметтік топ) әлеуметтік бақылау жүйесінің өзара әрекет егетін құрамдас элементтері болып саналады. Әлеуметтік бақылау процесі бұл жеке адамдардың және әлеуметтік қауымдастықтардың (топтардың, таптардың, қоғамның)өзара әрекетесу үрдісі. Әлеуметтік бақылауды схемаға түсіріп қарағанда оған әрекеттің екі түрінің, атап айтқанда, индивидуалдық әрекет және әлеуметтік әрекет (ұжымдық, топтық) немесе, басқаша айтқанда, жеке адамдардың бақыланушы кызметі және әлеуметтік институттардың бақылаушы кызметінің қосылатыны анықталған.
Мемлекеттік бақылау әлеуметтік бақылаудың дәл өзі болмаса да, соған жақын. Әлеуметтік бақылау жеке адамдардың әлеуметтік мінез-құлқын, жүріс-тұрысын тек саяси тұрғыдан ғана емес, сонымен катар басқа да әлеуметтік институттар (білім, мәдениет, мораль) тарапынан реттеу болып табылады.
Әлеуметтік бақылау тұрғысынан алғанда жеке адам мен коғамның өзара әрекеті олардың өзара әрекетінің ішкі қарама-қайшылықтарын анықтайды. Бір жағынан алып қарағанда, адам коғамнан тыс жерде езінің индивидуалдығын, әлеуметтік сапалары мен қасиеттерін қалыптастыра алмайды. Егерде жеке адам әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени ортаның жемісі болмаса, онда ол адам емес. Екінші жағынан, адам мәдениетінің үлгілеріне автоматты түрде бейімделетін болса, онда ол индивидуалдығын сақтай да, дамыта да алмайды. Егер адам әлеуметтік мәдени ортаның тек көшірме бейнесі болатын болса, онда ол тұлға бола алмайды.