Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / Абылайхан Отчет.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
354.02 Кб
Скачать

Газо-мазуттық оттық. Рг мг – 20

Басты техникалық мағлұматтар:

Отын – 40 және 100 маркалы мазут,табиғи газ.

Жұмыстық реттеу диапазоны атаулы өнімділігінен 10-100 %.

Атаулы өнімділіктегі оттықтың басты сипаттамалары.

Жылулық қуаты: 22,2 Гкал/с.

Мазут шығыны, М-100 маркалы мазут: 2360 кг/с.

Табиғи газ: 2560 м3/с.

Мазут тұтқырлығы: 6,0-8,0 ВУ.

Мазут температурасы: 60-900 С.

Форсунка алды мазут температурасы: 1,6 кг/см2.

Оттық алды табиғи газдың температурасы: 3400 кг/м2.

Бірінші реттік ауа бойынша оттықтың аэродинамикалық кедергісі: 730 кгс/м2.

Екінші реттік ауа бойынша: 150 кгс/м2.

Форсунка электрқозғалтқышының қуаты: 2,2 кВт.

Ауаның температурасы: 10 -500 С.

Оттықтың салмағы: 635 кг.

Желдеткіш ВДН-20

Желдеткіш 0,7-160-П МО ЦКТИ им. И.И. Ползунова аэродинамикалық жобасы бойынша Барнауыл қазаңдық заводында жасалған.

Желдеткіштің басты түйіндері болып: жұмыстық дөңгелек,жүрістік бөлігі,улитка,сорғыш воронка,осьтік бағыттағыш құрылғы және жүрістік бөліктің рамасы болып табылады.

Жұмыстық дөңгелектің қалақты аспаптан және күпшектен тұрады.Қалақты аспап қуысты,профильді артқа майысқан басты және соңғы дискалар арасында орналасқан 10 қалақшадан тұрады.Беріктік пен қаттылықты қамтамасыз ету үшін қалақшалар ішінде қырлар орналасады. Желдеткіштің күпшектері болаттан жасалады және басты дискке шегенделеді.

Қалақты аспап күпшекпен бірге жүріс бөлігінің білігіне шпонкалар мен біліктің аяқ жағына бұралған гайкалар арқылы бекітіледі. Желдеткіштің жүрістік бөлігі құйылған жалпы корпуста орналасқан соғылған біліктен, мойынтіректен тұрады. Мойынтіректерді майлау-түтін аулағыш мойынтіректерін майлаумен ұқсас.

Желдеткіштің улиткасы табақпен және профильді болатпен дәнекерленген. Улитканың фронттық қабырғасында тесіктер болады, олар машинаның ағынды бөлігін қысқа мерзімді тоқтаулар кезінде қарап тексеруге мүмкіндік береді.

Түтін мұржасы мен отын шаруашылығы.

Түтін мұржасы.

Темірбетон құбырлар конустық пішінді болады және ауыспалы бағытта ствол беткі қабатында 0,06-дан 0,03 қалыптасады.Ствол үшін 300 маркалы бетон қолданылады. Темір бетонды қабырғамен және қаптама арасында желдеткіш саңылау қарастырылған оның өлшемі 50-ден 300 мм дейін болады.Қаптама қышқыл дарымайтын салағышта жасалған қышқылға берік кірпішпен қапталған.Мұржаның биіктігі 96,25 м.

Отын шаршалығы.

Газ шарушалығы.

Қазаңдықта Бұхар табиғи газы қолданылады.Ол келесе сипаттамаларға ие:түссіз,иіссіз,улы заттар шығармайды,ауадан жеңіл,ауада концентрациясы 80 % - дан асқан кезде тұңшықтырғыш қасиет пайда болады.Бұхар газы қоспада 5 % -тен 15%- ға болып ауамен жарылғыш қоспасын тудыра алады.Бұл қоспа тұтандырғышпен аз әрекееттескеннің өзіңде-ақ жарыла алады.Тұтаңдырғыш болып темекі,қалта жарықтаңдырғышының кішкентай жалыны бола алады.Газ құбырларынан газдың шығып кеткен кезде ауадан жеңіл болғандықтан ғимараттың жоғарғы бөлігінде жиналады.

Газ Таратушы Пункт (ГТП) магистральдан келетін және оны қазандыққа беретін газдың қысымын төмендету үшін қолдынылады.

Оның құрамына мыналар кіреді:

1.Газдан механикалық қоспаларды тазартатын фильтр.

2.Газ қысымын төмендететін екі параллельді жіп.

3.Шығыстағы сақтандырғыш клапандар.

Соседние файлы в папке 2102172