
На сортировку / 2102172 / Электронный вариант КАЙЫРЛЫБЕК
.docxЖалғасбай Қайырлыбек ПТЭк 13-1
“Қай әріпті жоғалттым” ойыны
Бұл ойын бірінші класта, әліппені өткен уақытта, қазақ тілінен дыбыс пен әріп: дауысты, дауыссыз дыбыстар, жуан және жіңішке дауысты дыбыстар және а, ә, и, й, у, ү, ұ, о, ө, әріптері бар сөздер тақырыптарынанөткенде екінші класта жуан және жіңішке дауыстылар ы і у ү и й я әріптерінің жазылуы, дауысты дыбыстар тақырыптарынан өткен кезде, үшінші класта и, й, я, ю, әріптерінің емелесі, сондай-ақ ә, е, ө, х, һ, ч, щ, ц, әріптері бар сөздерді қайталау кезінде пайдаланылады.
Ойынға сөз ішінде бір әріпіқалдырылып кеткен (яғни бір әріптерін жоғалтқан) бірнеше карточкалар жасалынады. Карточкалардың суреттегі заттың атын білдіруге арналған түрі төмендегідей болады.
|
|
|
“Өз орныңды тап” ойыны
Бұл ойын 3-класта сөйлем мүшелері тақырыбын өткенде, сөйлем ішіндегі сөздердің белгілі бір сұраққа жауап берсе ғана сөйлем мүшесі бола алатынын оқушылар берік түсіну үшін жүргізіледі.
Мысалы, Біз қалада тұрмыз деген сөйлемдегі Біз, Қалада, Тұрамыз деген сөздер мен Кім? Қайда? Қайтеміз? деген карточкаларға жазып, оларды оқушыларға жеке-жеке үйлестіріп берді де, мұғалім Біз қалада тұрамыз деген сөйлемді айтады. Қолдарында карточкалары бар оқушылар сол кезде тақтаға шығып, сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібіне қарай тақтаға тұрады. Содан кейін сұрақ карточкасын алған оқушыларға мұғалім “Өз орныңды тап” дейді. Сол кезде сұрағы бар балалартақта алдында тұрған оқушыларға тиісті сұрақ карточкаларын әкеп тапсырады. Егер оқушы қолындағы сұрағын иесіне дұрыс табыс етсе, ол ұтқан болып шығады. Ойын аяғында бұл карточкалар былай орналасады:
Кім? Біз |
Қайда? Қалада |
Қайтеміз? Тұрамыз |
Осы тәртіп бойынша: Біздің совхозда жүгері өседі? Сұрақтары: (Кімнің? қайда? Не? Қайтеді?).
Совхоздың малы көбейді. Сұрақтары :Ненің? Несі? Қайтті?. Біз тауға шықтық. Сұрақтары: Кім? қайда? қайтті? деген сияқты бірнеше сөйлемдерді де ойынға қолдануға болады .
“Синтаксистік касса” ойыны
2-3 кластарда бастауыштың қандай сөз табынан жасалатын, қандай сұраққа жауап беретінін түсіндіріп, оны сөйлем ішінен тез табуға жаттықтыруға <Синтаксистік касса ойыны> пайдалы.
Мысалы: Шолпан сурет салды( кім?) , Балалар өзенге шомылды (кімдер?), Үйрек көлге қонды (не?), Қозылар өрісте жайылып жүр( нелер?), деген сөйлемдердегі барлық сөздер жеке карточкаларға жазылады. Ол карточкалар оқушыларға үлестіріліп берілді.
3-КЛАСС
№ 1
Ойын бастаушы текст.
Москва
Москваның көшелері кең және түзу. Москвада Кремль бар.Кремльдің мұнарасы алыстан көзге түседі.Москвада ұлы көсеміміз Лениннің мавзолейі бар. Москвада метро бар
Ойынашылар үшін карточкалар қалтасы
1 қалта 2 қалта 3 қалта 4 қалта 5 қалта
Кремль бар |
|
Кремльдің мұнарасы алыстан көзге түседі |
|
Мосвада ұлы көсеміміз Лениннің Мавзолей бар |
|
Москвада метро бар |
Ойын тәртібі: қатысушы оқушыларға жеке сөз карточкалары бар калталар таратылып беріледі.
Ойынбастаушы қолындағы тексті бір-екі рет дауыстап оқып шығады. Содан кейін әрбір оқушы (қолдарындағы қалта ішіндегі) жеке сөз карточкаларынан сөйлемдер құрастырады. Қай оқушы ұтқан болады. Барлық жеке сөздерден сөйлемдер жасалған соң текст бойынша (cөйлемдер ретімен) тұтас әңгіме құрастырылады.
«ЖҰМБАҚТАРДЫ ШЕШ» ОЙЫНЫ
Бұл ойын бастауыш кластардың бәрінде жүргізіледі. Ойын оқушларды тапқырлыққа, жан-жақтылыққа дағдыландырады. Ойлай білуге үйретеді, сөздерді дұрыс жаза білуге қалыптастырады.
«Жұмбақтарды шеш» ойыны үшін алты көлденең сызыққа бөлінген әр ойын комплексіне арналып карточкалар жасалады. Олардың әрбірінің ішіне алты жұмбақтан жазылады.
Жұмбақтардың шешуі жеке сөздер карточкалары немесе жеке сурет түрінде дайындалады
Х карточка
|
Тоғыз белбеу,қос ішек Адам еме,тілі бар, Екі бұрым,бір шүмек Әрбір үйден табылар, Бес ін,бес іннің ауызы бір ін Кішкене ғана бойы бар, Шыр-шыр етеді, Қабат-қабат тоны бар. Құлағыңнан өтеді, Тұрса түйедей,жатса қояндай Ұстай қалсаң, сөйлеп кетеді.
|
Шешулері: домбыра, қолғап, телефон, радио, пияз, ертоқым.
Ойын тәртібі: Жұмбақтардың шешулері жазылған карточкалар немесе суреттер ойынға қатысушы оқушыларға үлестіріліп беріледі. Әрбір оқушы өз қолындағы жұмбақтардың шешулерін ойлап тауып, оның тұсына қояды.
Мұғалім ойнаушылардың жұмыстарын тексеріп шығады. Қолдарындағы жұмбақтарын түгелдей дұрыс тапқан оқушы ұтқан болып саналады.
а) ойынға қатысушы оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаға мұғаліс жазылған карточканы іледі. Сонымен қатар жұмбақтардың шешулері (суреті немесе жеке сөз карточкалары) салынған қалта да тақтаға ілініп қойылады.
Оқушылар жұмбақтарды карточкадағы ретіне қарай біртіндеп шешеді. Жұмбақтың шешуін тапқан оқушы қолын көтереді. Мұғалім екі тотағы оқушыларданда (қол көтергендерін) кезекпен тақтаға шақырады. Ол оқушы жұмбақтын шешуін айтып, соның суретін не сөз карточкасын қалта ішінен алып жұмбақ сызығына орналастырады. Суреттің атын немесе карточкалардағы сөзді тақтаға жазады. Сонымен қатар жұмбақ шешуінің не себепті олай екенін айтып береді. Басқа жұмбақтар да осы ретпен шешіледі.
Карточкадағы жұмбақтарды дұрыс шешіп, оны тақтаға қатесіз жазып берген , сондай-ақ жұмбақ
мәнін орынды түсіндірген оқушылар тобы ойында ұтады.
б) Бұл ойында шешулері бойынша жұмбақтарды айту көзделеді.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Мұғалім оларға жұмбақ шешулері жазылған жеке карточкаларды немесе олардың суреттерін біртіндеп көрсетіп тұрады.