Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2102172 / Aliii_politt

.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
32.17 Кб
Скачать

Кіріспе

Ангела Меркель - Германия канцлері, көрнекті Еуропалық саясаткер. Бүгін Ангела Меркельдің маңыздылығы даусыз болып табылады, әлемдегі ең ықпалды әйел саясаткерлердің бірі болып табылады: Меркель жоғары шенді жұмысты атқарып, Германияның ішкі және сыртқы саясатында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оның ерекше қабілеттерін мектеп кезінен байқалган. Мектептегі мұғалімдері,достары оның еңбекқор екенін айтады. Меркель саясатқа ерте жастан араласады. 36 жасында Гельмут Кольдың кабинетінде ең жас министр атанды.

Ангела Меркель АҚШ-тың Forbes экономикалық және қаржылық журналы бойынша әлемнің ең ықпалды әйелдердің рейтингісін басқарды, және оның суретін әрқашан планетаның ірі басылымдардың беттерінен көруге болады. Журналистер фрау Меркельді, Еуропаның «жаңа темір ханымы» деп атайды.

2000 жылы 10 сәуірде Эссенде болған ХДС-тің кезекті съезінде Ангела Меркель басым дауыспен төраға қызметіне сайланды.

Ал 2005 жылдың 22 қарашасында Ангела Меркель 16-шы рет щақырылған Бундестаг депутаттарынан 397 дауыс жина, Германияның федеральдық канцлері болып сайланды.

2013 жылдың 22 қыркүйек күні Германияда бундестаг сайлауында Ангела Меркель бастаған ХДС және ХСС партиясы 42-42,5 % дауыс жинап жеңіске жетті. Жеңген партия заң бойынша 4 жыл басқарады

. Ангела Меркель 3-рет жеңіске жетіп отыр. Ангела Меркельді сайлаудағы жеңісімен Елбасымыз құттықтаған болатын. Ол өз сөзінде Ангела Меркельдің саясатын қолдайтынын және екі елдің арасындағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени байланыстарды одан әрі дамыту жөнінде айтып өтт. Сөз соңында Н.Ә.Назарбаев Меркельге зор денсаулық пен әл-ауқат, Германия халқының бейбітшілікте өмір сүріп, өркендеп дамуын тіледі

Саясатқа келген жолы

Ангела Меркель Германияның Гамбург қаласындағы Хорст пен Герлинда Каснеровтардың отбасында 1954 жылы 17 шілде күні өмірге келді. Әкесі Хорст Каснер тамырын поляктаран алады. Ол Адольф Гитлер үкімет басына келерден үш жыл бұрын өзінің фамилиясын Казмирчак деп өзгерткен. Гамбургтегі Гейдельберг университетінде теология ғылымымен айналысты. Ал оның әйелі латын және ағылшын тілдерінен сабақ беретін мұғалім болды. Ангела өмірге келген соң, Хорстың отбасы Гамбургтен Германия Демократиялық Республикасына қоныс аударды.

Хорст Каснер республика астанасы Берлиндегі Бранденбург лютеран шіркеуінің ұйғарымымен Квитцов деревнясына діни қызметкер болып барады. Ал үш жылдан кейін Темплин қаласындағы Уккермаркке ауысты. Сол жылы 7 шілдеде Ангеланың інісі Маркус, ал 1964 жылы 19 тамызда сіңілісі Ирена өмірге келеді. Әкесі ұзақ жылдар бойына пасторларға арналған колледжді басқарып, Берлин-Бранденбург лютеран шіркеуінде құрметтілер қатарында болды. Ол шіркеуінің Германия Демократиялық Республикасы үкіметіне оппозициялық бағытты ұстанбайтын тобы жағында еді.

Ата-анасы Ангела Каснерді 1961 жылы Темплиндегі орта политехникалық мектептің бірінші сыныбына береді. Бірге оқыған сыныптастары мен ұстаздарының айтуына қарағанда, ол мектеп қабырғасындаелеусіздеу жүрген көрінеді. Алайда мінезі орнықты, салмақты қыз болған деседі.Ұстаздары оның сабаққа деген алғырлығын, әсіресе орыс тілі мен математика пәндері бойынша одан білімді оқушы болмағанын да мақтап айтқан. Мектеп кезінде Ангела Меркель пианерлік ұйымына және Неміс жастарының еркіндігі қоғамына мүше болды. Мектепте Ангела Карл Маркс атындағы Лейпциг университетінің физика факультетіне түсу туралы шешім қабылдады және 1973 жылы Лейпцигке көшті. Ангела уеиверситет қабырғасында да оппозициялық көніл күй ауанындағы жастаадан тысқары жүрген. Дегенмен өзі жақсы көретін жазушы-диссидент Райнер Кунцемен кездесіп, танысады. 1974 жылы Лейпциг пен Мәскеу және Ленинград студенттерінің кездесуі кезінде Аншела өзінің алғашқы күйеуі Фогтланд Ульрих Меркельмен танысады. 1977 жылы 3 қыркүйекте Темплин шіркеуінде некелері қиылған. Ангела университет қабырғасында жүріп те Ерікті неміс жастар одағының белсенді мүшесі болды. 1978 жылы өзiнiн диссертациясын жақсы бағамен қорғады.

Ғылым академиясында жұмысы

Ильменау Жоғары техникалық мектепке орналасуы сәтсіздікпен аяқталғаннан кейн Меркель ерлі-зайыптылар ел астанасы -  Берлинге көшті. Ульрих Меркель Германия Демократиялық Республикасы Ғылым академиясының Орталық физикалық химия институтының ғылыми қызметкері атанады және Ангеламен некесі ұзаққа созылмай, 1981 жылы ажырасқан. Араларында сәби болмағандықтан екеуінің ажырасу жөніндегі құжаттары 1982 жылы заңдастырылыпты. Ал 1984 жылы Ангела Меркель физик қызметтесі Иоахимас Зауэрмен танасып екеуі 1998 жылы отбасын құрған. Ангела Меркель 1986 жылы Федеративтік Германия республикасында бірнеше күн болып, елдің ішкі жағдайымен етене танысады.

Мемлекеттік Орталық институтында 650-ге жуық адам штатта жұмыс істесе,оның 350-і республикаға белгілі ғалымдар болды. Ангела Меркель итститутының теориялық химия кафедрасында жұмыс істеген. Оның ғылыми жетекшісі Орталық институтында теориялық химия бастығы - Луц Цюликке болды. 1986 жылы 8 қаңтарда ғылым докторы атағын қорғады. Доктор дәрежесін алған соң ол Клаус Ульбрихт жетекшілік хмимялық талдау бөліміне ауысқан. Ол мұнда тек ғылыми жұмыспен айналысып қана қойған жоқ, елдегі саяси өміргеде белсене араласып бақты. Ерікті неміс жастары одағының аудандық комитетінің мүшесі әрі үгіт және насихат бойынша хатшысы болып сайланды.

1989 жылы Берлинді батыс шығысқа бөліп тұрған атышулы қабырға құлады. Бұл Германия Демократиялық Республикасы халқының жаңадан демократиялық партиялар құруына жол ашты. Екінші жағынан Германия Демократиялық Республикасы Ғылым Академиясы өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Ангела Меркель өзінің саяси мансабын бастады. 1989 жылдың желтоқсан айынан бастап Ангела Меркель Вольфганг Шнур төрағалық еткен «Демократиялық серпіліс»  жаңа партиясында уақытша компьютер әкімшісі болып. Оған партия үнпарағын жасау тапсырылды, Кейінірек ол Баспасөз хатшысы лауазымын, яғни пресс-хатшы алды.

Қызметтесі Герд Лангуттың айтуы қарағанда, Ангела Меркельдің достары мен таныстары оның ХДС партиясында бтлікке көтерілгеніне осы кезге дейін таңданыспен қарайды екен. Меркель дүниетанымы бойынша "жасылдарға" өте жақын, ал әкесі Хорст Каснердің ХДС партиясына ерекше ықпалы болмаған.

Жас «Демократиялық серпіліс» партиясының саяси бағыты бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Әуелгіде жұрт партияны азаматтық қозғалыс қатарындағы "Новый форум", "Демократия сейчас" деп солшылдарға жатқызып жүрген. Кейін социализм идеясынан ақи-тақи бас тартқан саяси ұйымға айналды дейді.

1990 жылдың басында консервативтік бағыттағы батыс германиялық саясаткерлер 18 наурызға белгіленген ГДР Халықтық палатасын сайлау компаниясына қатысты. ХДС партиясының бас хатшысы Фолькер Рюэ сол жылдың 5 ақпанында құрылған "Аляьнс за Германию" қозғалысын басқарды. Бұл жаңа азаматтық қозғалыста «Демократиялық серпіліс» партиясы неізгі рөль атқарды. Гельмут Коль сол кезде ХДС-тің төрағасы және федералдық канцлері болатын.

Парламенттік сайлаудан соң «Демократиялық серпіліс» партиясының беделі күрт төмен түсіп кетті. Оған себеп партияның төрағасы Фольфганг Шнур Германия Демократиялық Республикасының Қауіпсіздік министірлігімен қарым-қатынаста болған. Ангела Меркель осы мәселе жөнінде пресс конфренция ұйымдастырып, пария басқармасы аталған жайтқа өз бағасын берді.

Халықтық палатаға бірінші ерікті сайлауда Ангела Меркель партиясы үшін жеңіліспен аяқталды: партия тек 0,9% дауыс жинады. Бұл сайлауда 41 пайыз дауыс жинаған «Альянс за Германию» сайлау жеңімпазы болып шықты. Оның тізімінде бірінші тұрған Лотар де Мезьер «Альянстан» тұратын социал-демократтар либералдардан коалиция құрды. Лотар де Мезьер 12 сәуірде ГДР-дің Министрлер кеңесінің жаңа төрағасы болыа сайланды. Сайлау алды коалиция мүшелері арасында портфель бөлісу кезінде Ангела Меркель Германия Демократиялық Республикасының алғашқы және соңғы рет ерікті түрде сайланған үкіметінің пресс-хатшысының орынбасары қызметіне ие болды.

Мемлекеттегі қызметі

Германия Демократиялық Республикасының парламент сайлауынан кейін, бірнеше апта өткен соң, саяси өмірде Германияны біріктіру жөнінде мәселе қызу талқыға түсті. Ангела Меркель өзінің жаңа қызметіне 1990 жылы18 мамырда Бонн қаласында өткен валюталық, экономикалық және әлеуметтік одақ құру жөніндегі Мемлекеттік келісім-шартқа қол қою дайындығы жөнінде алдын ала өткен келіссөздерге белсенділік танытты. Германия Демократиялық Республикасы жағынан Министрлер кеңесі төрағасы, парламенттің мемлекеттік хатшысы Гюнтер Краузе болды. Ол Меркельдің саясатта жоғары сатыға көтерілуіне көп ықпал еткен жан.

1990 жылдың 31 тамызда Краузе мен Федеративтік Германия республикасының Ішкі істер министрі Вольфганг Шойбле ФРГ мен ГДР-ді біріктіру жөніндегі келісімге қол қойды. Ангела Меркель үкіметтің пресс-хатшысының орынбасары ретінде Лотар де Мезьерді шетелдік сапарларына бастап барып, Германичға қатысты аса маңыхздыміселені түбегейлі шешудің"Екі қосу төрт" келісімін жасау кезінде ұтымды ұсыныстарымен көзге түсті. Осы кезде екі Германияның қосылуы белгілі болды. 1990 жылы 3 қазанда екі Германияның бірігуімен Ангела МеркельдіңГДР үкіметіндегі пресс-хатшы төрағасының орынбасары қызметі де бітті. ОЛ енді ХДС партиясының төрағасы Гюнтер Крауздың көмегімен Бундестагқа депутат болу жолдарын қарастырды. Штральзунд- Солтүстік Алдыңғы Померания-Рюген сайлау округінен депутаттыққа кандидат болып түсті. Алғашқы Бундестагқа сайлау өткізу 1990 жылдың 2 желтоқсаны деп белгіленді. Сол сайлауда Меркель 48,5 пайыз дауыс жинады. Ал сол жылдың 20 желтоқсанында өткен Бундестаг құрылтайы жиналысында депутат мандатын алды.

1991 жылдын 18 қаңтарында әйелдер мен жастар жөніндегі федералдық министрі ретінде ант бередi. Ол 1993 жылы маусымда ХДС партиясының төрағасы қызметін қолына алды. Ангела меркель 1994 жылдың 16 қазанда өткен Бундестагтың екінші сайлауында да жеңіске жетіп, Гельмут Кольдің үкімет құрамына кіріп, 17 қарашада Табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік жөніндегі федеральдық министр портфелін ұстады.

1998 жылы 27 қыркүйекте Бундестагта өткен сайлауда ХДС/ХСС юлоктраы мен федеральдық канцлерге кандидат Гельмут Коль үшін үлкен жеңіліс болды. Сайлауда ең төменгі дауыс жинап, ол басқарған үкімет жаңа мерзімге өкілеттік ете алмады. Сайлауда жеңілістен кейін ХДС партиясының Боннда өткен съезінде - 7 қарашада Вольфганг Щойбле ХДС-тің төрағасы болып сайланды да, Меркель партияның бас хатшысы лауазымына тағайындалды. Ал Гельмут Коль партияның құрметті төрағасы, ХДС-тің федералды басқарма президиумына сайланды. 1999 жылы қарашада ХДС партиясын заңсыз қаржыландыру жөнінде айқай шықты. Бұрынғы федеральдық канцлер Гельмут Кольдың ол жылы 16 желтоқсанында ZDF телеарнасына берген сұхбатында ФРГ-нің "Саяси партиялар туралы" заңын айналып өтіп, ХДС-ке көмек ретінде миллиондаған қаржыны заңсыз аударғаны мәлім болды. Коль демеушілердің атын айтудан бас тартты. Осыған байланысты Меркель 22 желтоқсанда "Frankfurter Fllgemeine Zeitung" газетіне мақала жариялап, Гельмут Колбды өткір сынға алып, партия мүшелерін "Ескі гвардиядан" байланысты үзуге шақырды.

Вольфганг Шойбле 2000 жылы 16 ақпанда ХДС/ХСС парламент фракциясында партия төрағасы қызметінен фракция жетекшілігінен кететіні жөнінде мәілімдеме жасады. Партия бірнеше апта бойына басшысыз қалды. Оның жұмысын бас хатшысы Ангела Меркельдің жүргізіп отыруына тура келді. Ол тоғыз аймақытқ конференция өткізіп, қарапайым мүшелермен финанстық жанжалдың себептерін тадқылады. Сол жергілікті жерлерде өткен партия жиындарында Меркельді қолдаған күштер көбейіп, оны төрағалыққа ұсынд. 2000 жылы 10 сәуірде Эссенде болған ХДС-тің кезекті съезінде Ангела Меркель басым дауыспен төраға қызметіне сайланды.

Германияның федералдық канцлері Герхард Шредер Социал-демократиялық партияның төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді. Оның орнын Франц Мюнтеферинг басты. Сол жылы қарашада Гамбургте парламент сайлауында ірі жеңіске жетті. 2005 жылы 30 мамырда ХДС пен ХСС партияларының президиумдары біріккен мәжіліс өткізіп, Ангела Меркельді федеральдық канцлер қызметіне кандидат етіп ұсынды. ХДС пен ХСС партиясы Германия Социал-демократиялық партиясымен (СДПГ) келіссөз жасап, нәтижесінде біріккен "үлкен коалиция" құрды. 10 қазанда жасалған келісімнің мәтіні баспасөзде жарияланып, Ангела Меркель федеральдық канцлер қызметіне ұсынылды. Ал 2005 жылдың 22 қарашасында Ангела Меркель 16-шы рет щақырылған Бундестаг депутаттарынан 397 дауыс жина, Германияның федеральдық канцлері болып сайланды.

Қорытынды

Бүгінгі күні Ангела Меркель құрметті саясаткер, ол Федералдық канцлері лауазымын қабылдаған алғашқы әйел болды. Кейбір ақпарат көздері, сол кезде ол сондай-ақ ең жас неміс канцлері болды дейді. Бірақ Ангела Меркелдің мансабы Басына оның жолы өте ұзақ болды, ол Германия және ЕО елдерінің саяси подиумға бастаған ұзақ уақыт бұрын басталды.

Ангела Меркельдің басқа ел басшыларынан айырмашылығы қызметті министрлерімен көбіне SMS арқылы хабарласқанды жақсы көрді. Электрондық байланыс жүйесін пайдалана бермейді. Қызметте ноутбукты қолданбайды. Меркельдің итті суқаны сүймейді. Шетелге әс- сапармен шыққанда қасындағы қызметкерлері сол елдің басшыларына канцлермен кездесу кезінде иттің болмауын әрдайым ескертіп отырған. Ангела Меркель ағылшын және орыс тілдерінде жақсы сөйлей алады. Ал неміс жастарын тарихи көршісі француздардың тілін білуге үгіттеп келеді. Оның алдыңғы канцлерлерге қарағанда бір ерекшелігі, мемлекет ұсынған үйден бас тартып, күйеуі Иоахим Зауэрмен Берлинде жалдамалы қарапайым пәтерде тұруы. Ол қандай жағдайда да өзін салқынқанды ұстай біледі. Оның столында "Күш - сабырлылықта" деп жазылған тақтайша бар. Ангела Меркельдің Германия мен Қазақстанның мәдени-экономикалық байланыстарын арттрудағы еңбегі ерекше зор.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Әбдіқалық А.Ә., Бисенова А.З. Саясаттану. Семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау (барлық мамандықтарға арналған). – Алматы: АЭжБУ, 2016. – 52 б.

2. “Әлемге танылған тұлғалар”, Көлбай Адырбекұлы. ” Түркістан” газеті. 2014 жыл, 24 шілде.

3.Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері: оқу құралы .- Алматы, 2013

4. Әлеуметтік желі.

5. Энциклопедия «Всемирная история»/Сост. С. Т. Исмаилова. — М.: Аванта,1994.

9

Соседние файлы в папке 2102172