Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / MAZM_1200_NY.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
50.71 Кб
Скачать

1.4 Ngn-ның базалық эталонды моделі мсэ-т y.2011 кепілдемесінде ngn-ның базалық эталонды моделі

ұсынылған(1.6 сурет), ол екі деңгейді қамтиды, олардың әрқайсысы үш жазықтықты құрайды (тұтынушы,басқарушы және менеджмент):

- NGN қызметінің деңгейі (service stratum);

- NGN көлігінің деңгейі (transport stratum).

1.6 Сурет – NGN-ның базалық эталонды моделі

NGN-ның базалық эталонды моделінің функционалды деңгейі NGN-ныңжалпы функционалдық архитектурасын бірінші нұсқасында ашылады, (NGN release 1), ол МСЭ-Т Y.2012 кепілдемесінде көрсетілген (1.7 сурет).

1.7 Сурет – NGN–ның жалпы функционалдық архитектурасы Әрбір деңгейде бірнеше функция атқарылады. Тұтынушыға қызметті ұсыну үшін үстемені қолдау міндеті, қызметті қолдау міндеті және басқару міндеті қолданылады. NGN топтық функционалды үстемесі бар ANI (Application Network Interface) үстемелі интерфейс желісін түйіндесу нүктесімен қолдайды, ол арна әрекеттесуін жүзеге асырады, үстемелер арасында ақпараттарды және NGN желісінің элементтерін алмастырады. Көліктік деңгей функциясы көмегімен NGN желісін тұтынушылар үшін көліктік деңгейдегі IP-қосылу қызметін жүзеге асырады, NACFs (Network Attachment Control Functions) желілік қосылуына басқару функциялары кіргенде, қорларды басқару функциясы және RACFs (Resource and Admission Control Functions) рұқсаты орындалады [12]. МСЭ-Т Y.2011 кепілдемесіне сәйкес көліктік деңгейі функциясы өзімен бірге тікелей көліктік функцияны және көлікті басқару функциясын қосады.Көліктік функция (transport functions)барлық компоненттердің қосылуын және NGN ішіндегі функцияның физикалық бөлінуін қамтамасыз етеді. Бұл функциялар медиаақпаратты таратуды, сонымен қатар ақпаратты басқаруды (сигнал беру) және техникалық қызмет етуді қолдайды. Көліктік функциясы өзімен бірге желіге рұқсат беру функциясын, шекаралық функцияларды, көліктік ядро функциясын (магистральдар) және шлюздар функциясын қосады. Желіге рұқсат беру функциясы (access network functions) шеткі тұтынушылардың желіге қосылуына, сондай-ақ агрегация трафигі және олардың жиынтығының, көліктік магистральдің (ядро) желілік рұқсатына мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл функциялар тұтынушы трафигімен тікелей байланысты, QoS қызмет көрсету сапасының басқару механизмін жүзеге асырады, ол өзімен бірге басқару буферін, кезектер және кестелерді, пакеттік фильтрацияны, трафик классификациясын, трафик маркалауын, саяси қызметін анықтауды және трафикті тарату трафигін құруды қосады.Рұқсат беру желісінің функциясы рұқсат технологиясын пайдаланумен байланысты, мысалы, олар CDMA сымсыз технологиясы және xDSL сымды технологиясы рұқсаты үшін ажыратылады. NGN қызметінің желі рұқсаты мынандай функцияларды қосады:

- сымды рұқсат;

- xDSL технологиясы рұқсаты;

- сымсыз рұқсат (мысалы, IEEE 802.11 (WiFi) технологиялары, 802.16 (WiMAX) және 3G RAN рұқсаты);

- оптикалық рұқсат.

Шекаралық функциялар (edge functions)трафикті қңдеу үшін қолданылады, олар әртүрлі рұқсат желісінен келіп түсетін және көліктік желімагистраліне таралатын, QoS қызмет сапасынқолдайтын және трафикті басқаратын агрегаттық трафик жолымен алынады. Шекаралық фунуциялар сондай-ақ магистральді көліктік желі арасында да қолданылады. Магистральді көліктік функциялар (сore transport functions)әртүрлі сапа деңгейімен көліктік желі арқылы ақпаратты тарату үшін жауап береді. Олар тұтынушы трафигінің басқару буферін, кезек және кесте, пакеттер фильтрациясын,классификациясын, маркировкасын және трафиктің құрылуын, қызмет тәртібін орындау бақылауын, шлюздарды басқару және желі арасындағы экран функциясы үшін QoS тарату сапасының механизмінің жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Шлюздар функциясы (gateway functions)шеткі тұтынушының функцияларын және/немесе басқа желілермен әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, оған NGN желісінің басқа типтері және көптеген желілер, олардың ішіне ЖҚТЖ/ISDN, көпшілік қолданатын Ғаламтор және т.б.кіреді. Шлюздар функциясы тәкелей функциялар деңгейімен немесе көліктік желіні басқару функциясымен басқара алады. Медиаақпаратты өңдеу функциясы (media handling functions) – қызметті ұсыну барысында медиақпаратты өңдеуді қамтамасыз етеді, оның ішіне тоналды сигнал генерациясы және қайта кодтау кіреді. Бұл функциялар көліктік деңгейде арнайы медиаақпаратты өңдеумен жүзеге асырылады. Көліктік желіні басқару функциясы (transport control functions)- өзімен бірге қорларды басқару және желіге қосылуды басқару функциясын қосады. Қорларды және RACFs (Resource and Admission Control Functions)рұқсатын басқару функциясы QoS қолдауы үшін көліктік және қызметтік басқару функциялары арасында төреші әрекетін атқарады, ол көліктік желі қорларын басқарумен және магистральді көлік желісіне байланысты болып келеді. Басқару туралы шешім талап етіліп отырған көлікке негізделеді және оған SLA қызметінің жұмыс істеу деңгейі, желілік саясат, көліктік қорларды пайдалану кіреді.RACF функциясы- SCFs (Service ControlFunctions) қызметін басқару функциясын желілік топологиядан сервис- провайдерлерін қамсыздандыруын, көліктік инфроқұрылым желісіне абстрактты жақындауынқамтамасыз етеді.RACF функциялары SCF(мысалы, SIP-қоңырауы, бейне ағыны және т.б.), ол NGN көлік қорларын басқаруды талап етеді, оның ішіне QoS, NAPT/firewall басқаруы және NAPT порты деңгейіндегі адрестік желілер кіреді. NACFs (Network Attachment Control Functions)желісіне қосылуын басқару функциясы рұқсат деңгейінде NGN қызмет рұқсаты үшін соңғы тұтынушының инициализациясын тіркеуге мүмкііндік береді. Бұл функциялар көліктік деңгейдің идентификациясын және аутенфикация сессиясы мен IP-адрес желі рұқсатында басқарады. Сондай-ақ олар соңғы тұтынушыларға NGN функциясының қызмет деңгейі туралы хабарламалар береді. NACF функциясы тұтынушының көліктік профилін қосады, ол тұтынушы ақпаратын қосатын, сондай-ақбасқа да мәліметті басқаратын функционалдық базада сақталады.(Service stratum) қызмет деңгейі өзімен бірге мыналарды қосады:

- қызметтерді басқару фунциясы, оған қоса тұтынушы трафигінің қызмет функциясы; - үстемені және қызметті қолдау функциялары.

Қызметті басқару функциясы (service control functions)өзімен бірге қорларды басқаруды, қызмет деңгейіндегі әртүрлі қызметтері үшін аутентификация және авторизацияны қосады. Олар сонымен қатар медиақорларды басқаратын арнайы құрылғылар және сигналдық деңгейдегі шлюздарды қосуы мүмкін. Қызметті басқару функциясы өзімен бірге тұтынушы ақпаратының комбинациясын және басқа да басқаруларды, сондай- ақ әрбір тұтынушының жеке профилін, функционалды база мәліметтерінің бірігуін қолдайды. Үстемені және қызметті қолдау функциялары (application support functions and service support functions)өзімен бірге шлюздарды, тіркеулерді, үстеме деңгейіндегі аутентификацияны және авторизацияны қосады. Бұл функциялар функционалдық топтағы «үстеме» және «соңғы тұтынушыға» қол жеткізілуі болып табылады. Олар NGN қызметіне талап етілетінүстеме және соңғы тұтынушыларды қамтамасыз етуі үшін басқару функцияларымен бірге жұмыс істейді. «Тұтынушы-желі» UNI интерфейсі арқылы үстемені қолдау функциясы және қызметті қолдау функциясы соңғы тұтынушы функциясына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Үстеме мен функция мәліметтерінің әрекеттесуі ANI «үстеме-желісі» интерфейсімен қол жеткізу нүктесі арқылы жүзеге асырылады. Соңғы тұтынушылардың функциясы (end-user functions)тұтынушы интерфейсі және соңғы тұтынушы желісі үшін ешқандай шекті анықтамайды, оларNGN рұқсат желісінде бірігуі мүмкін.NGN тұтынушылар қызметінің терминалды құрылғысы мобильді немесе стационарлы құрылғы болуы мүмкін. Әкімшілік басқару функциясы (management functions)берілген қызмет сападеңгейін, қауіпсіздік және сенімділік үшін NGN желісін басқаруға мүмкіндік туады. Бұл функциялар барлық функционалдық блок (FE) арқылы орталықтандырылып таралады және олар желілік элементтерді басқаратын функционалдық блоктармен әрекеттеседі, желіні және қызметті басқарады.Әкімшілік басқару функциясы көліктік және қызмет деңгейінде басқарылады және әрбір деңгейі үшін келесі амалдар қолданылады:

- бас тартуды жою процесін басқару (Fault Management);

- конфигурация желісін басқару (Configuration Management);

- тұтынушылар есептеулерін және жабдықтаушылар қызметін басқару(Accounting Management);

- өндірушілер желісін бақылау (Performance Management);

- желі жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Security Management).

Соседние файлы в папке 2102172