Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
46.33 Кб
Скачать

Қазақстанда билік өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық жиілеп кетті

Источник: Zakon.kz Дата: 17 февраля 2017 в 16:59

Соңғы жылдары билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық қолдану фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істер санының өсуі байқалады. Мәселен, тек өткен жылдың өзінде ғана шамамен 600, 2015 жылы 500, 2014 жылы 300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мемлекеттік органдардың барлық қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін айыппұл көлемін 2 мыңнан 5 мың АЕК-ке дейін (4,5 млн-нан 11,5 млн-ға дейін) ұлғайту және 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру арқылы оны орташа ауыр қылмыс санатына жатқызу жолымен ҚК 380 бабы 1 тармағында көзделген жазаны қатаңдату ұсынылды.

БҚО-да 145 мыңнан астам гектар суармалы жер қалпына келтірілмек

Источник: Zakon.kz Дата: 17 февраля 2017 в 16:19

Батыс Қазақстан облысында таяудағы бес жылда 145 мыңнан астам гектар суармалы жерді қалпына келтіру жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, соның 25 492 гектары тұрақты суармалы жер болса, 120 299 гектары — су жайылмалары. Қазіргі таңда облыста 38 су қоймасы (11-і республикалық, 27-сі коммуналдық меншікте), жалпы ұзындығы 1 700 км 91 ірі гидротехникалық құрылымдар мен арналар бар.

Осы жылдан бастап Астана — Теміртау және Алматы — Қапшағай жолдары ақылы болады

Источник: Zakon.kz Дата: 17 февраля 2017 в 15:09

2017 жылы Астана — Теміртау және Алматы — Қапшағай жолдары ақылы болып, оның қаржысы бюджетке түседі. Бұл туралы Алматы телеарнасы жазды. Алматы — Қорғас тас жолынан алынатын ақы Әлем банкінің қарызын өтеуге жұмсалады. Бұл жөнінде еліміздің инвестициялар мен даму вице-министрі мәлімдеді. Ақылы жол жүйесі қараша айынан бастап тесттік режимде іске қосылмақ.

Қостанай облысында басқарма басшысы парамен ұсталды

Источник: Zakon.kz Дата: 17 февраля 2017 в 14:19

Қостанай станциясы көліктегі желілік ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Е.Р.Сапаров 1 миллион теңге пара алу кезінде ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Baq.kz.Ұсталған басқарма басшысы бірінші орынбасары, полиция майоры Ч.О.Батталов арқылы «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ филиалының Қостанай қаласы магистралді желілер бөлімінің бас инженерінен сот алды тергеуді тоқтатып, қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алған.«Е.Р.Сапаров ҚР ҚПК 128 бабы бойынша ұсталып, Рудный қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ОҚО-да 2020 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,1 трлн. теңгеге жетпек

Источник: Zakon.kz Дата: 17 февраля 2017 в 14:19

ОҚО-да 2020 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,1 трлн. теңгеге жетпек. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев халыққа есеп беру кездесуі жиынында айтты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2020 жылы 1,1 трлн. теңгеге жетіп, орташа есеппен нақты көлем индексінің өсімі жыл сайын 2-3 пайыз деңгейінде жоспарлануда.Бұл көрсеткішке жету үшін Индустриаландыру картасы аясында 2017-2020 жылдары 91 жоба іске қосылуы керек.

Ақтөбе облысында жарынан айырылған 93 жастағы қарт өзін өртеп жіберді

Источник: Zakon.kz Дата: 17 февраля 2017 в 12:49

Ембі қаласының 93 жастағы тұрғыны өзінің үстіне бензин құйып өртеп, ішкі істер бөлімінің ғимаратына кіріп кетуге тырысқан. Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.Бұл қайғылы оқиға жексенбі күні түнде болған. Түнгі уақытта Мұғалжар аудандық ішкі істер бөліміне қарасты Ембі қалалық ішкі істер бөліміне орталық есіктен белгісіз ер адам кіріп келген.

Республиканың үш облысында автоқозғалыс тоқтады

Источник: Zakon.kz Дата: 17 февраля 2017 в 12:19

Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдарда автоқозғалыс тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) таңертеңгі сағат 09.00-ден бастап барлық автокөлік түрлері үшін: «Омбы-Майқапшағай» күре жолының 756-900 шақырым аралығы (Семейден Қалбатауға дейін), сондай-ақ «Өскемен-Семей» тас жолының 154-198 шақырым аралығы (Шүлбіге бұрылатын жолдан Семейге дейін) жабық.Алматы облысында ауа райының бұзылуына (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) «Үшарал-Достық» күре жолының 83-184 шақырым аралығына (Көктұмадан Достыққа дейін) барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді.Қарағанды облысында (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) Қарағанды қаласынан Балқашқа дейінгі «Екатеринбург-Алматы» жолының 1492-1858 шақырым аралығы қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына жабылды.

Ақмола облысында 24 жастағы қыз құны 360 мың теңге тұратын тонды ұрлап кеткен

Источник: Zakon.kz Дата: 16 февраля 2017 в 17:19

Ақмола полиция қызметкерлері түнгі көңіл көтеретін мекемеден қымбат бағалы тонның ұрлану фактісін ашты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.2017 жылдың 13 ақпанында Көкшетау қ. ІІБ кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын көңіл көтеретін мекеме киім жайынан бағасы 360 000 теңгені құрайтын құндыз тон жоғалды делінген арыз жасады.Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері мекемеде орнатылған бейне бақылау камералары жазбаларын зерттеп, СҚО, Айыртау ауданы, Имантау а.

Яндекс.Директ

Инвестиции в КазахстанеУслуги персонального трейдера, доходность до 40 процентов в месяц.teletrade.kz

Объявление скрыто.

Ұзынағашта қастандықпен өлтірілген Қадылбектің қызы әкесіне арнап жоқтау жырын жазды

Источник: ZhambylNews Дата: 16 февраля 2017 в 15:12

Ұзынағашта Қастандықпен өлтірілген үш азаматтың (Жарқынбек Долданұлы, Мұхият Зарлыханұлы, Қадылбек Әлемқанұлы) бірі Қадылбектің қызы Перизаттың қылмыскерлер қолынан өмірден мезгілсіз озған әкесіне арнап жазған сағыныш жырын ұсынғанды жөн көрдік, деп жазды qamshy.kz.

Шымкентте адам қағып өлтіріп, қашып жүрген жүргізуші ұсталды

Источник: Zakon.kz Дата: 16 февраля 2017 в 14:19

Шымкентте көлігімен ер адамды қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші құқық органдарының қолына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Еске салайық, 2016 жылдың 31 қаңтары күні қала көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен болатын.

БҚО-да заңсыз киік аулауға қатысты 22 дерек тіркелген

Источник: Zakon.kz Дата: 16 февраля 2017 в 12:59

Батыс Қазақстан облысында киіктерді заңсыз аулаудың азаятын түрі жоқ. Айта кету керек, ел аумағындағы ақбөкендердің 70%-ы осы өңірді мекендейді, деп жазады Хабар 24 арнасы. Соңғы санаққа салсақ, қазір дала еркесінің саны 70 мыңға жуық. Өткен жылы облыс аумағында заңсыз киік аулауға қатысты 22 дерек тіркелген.

Семейде қаңғыбас ер адам подъезге кіргізбей қойғандықтан екі көлікті қиратып кетті

Источник: Zakon.kz Дата: 16 февраля 2017 в 11:09

Семейде тұрғындарға ашуланған қаңғыбас ер адам екі көліктің әйнегін сындырып кетті. Бұл туралы stan.kz, YK-news.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 36 жастағы үй-күйсіз ер адам подъезге келіп, есікті қаға бастайды. Оған ешкім есік аша қоймайды. Осыған ашуланған ол жақын маңда тұрған екі көліктің терезесі мен айнасын сындырып кетеді.

Оралда қоқыс арасында жалғыз тұрып келген әжейдің бармақтарын кесуі мүмкін

Источник: Zakon.kz Дата: 16 февраля 2017 в 10:19

Оралда жылу мен жарығы жоқ, қоқысқа айналған үйде жалғыз тұрып келген 83 жастағы Валентина Дубовскаяның аяғының бір бөлігі үсіп қалған. Енді оған ампутация жасау қаупі төніп тұр, деп хабарлайды stan.kz, КТК арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп.Еріктілер әжейдің аман қалуына үй хайуанаттары көмектескенін айтады.«Терезе әйнектері жоқ, үй іші суық. Үйіндегі мысықтары мен иті қасында бірге жатқандықтан, әжейдің денесінің бар бөлігі үсіп кетпегенге ұқсайды», – дейді ерікті Марина Киловатт.Еріктілер үйдегі қоқысты екі күн бойы тазалады.

ШҚО-да аязға байланысты үшінші күн қатарынан сабақ тоқтатылды

Источник: Zakon.kz Дата: 16 февраля 2017 в 09:49

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасына сілтеме жасай отырып облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін қатты аяз бен желдің күшеюіне байланысты Семей, Көкпекті, Қатон Қарағай аудандарында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.Сол сияқты Шемонаиха ауданында 1-9 сыныптары үшін, ал Зырян ауданында 1-11 сынып оқушылары мен колледждер, лицейлердің 1-2 курс студенттері үшін бірінші ауысымда сабақ болмайды.

«Алтын қалам» әдеби жүлдесі жаңа маусымын жариялайды

Источник: Матрица.kz Дата: 16 февраля 2017 в 09:03

Алматыда, ақпанның 16-да, сағат 14.00, Қазақстан баспасөз орталығында «Алтын қалам» әдеби жүлдесі жаңа маусымын жариялайды. Биылғы шара Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналады. 6-шы рет ұйымдастырылып отырған байқау жұмыстарды ақпанның 17 бастап, қыркүйектің 15-не дейін қабылдайды. «Алтын қалам 2017» әдеби жүлдесі Бауыржан Оспанов жетекшілік ететін «ZHERSU» өндірістік-инвестициялық корпорациясының, Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызының, Арман Шораевтың, Қазақстан баспасөз орталығының, «Аруна» баспасының қолдауымен өтеді. «Алтын қалам 2017» әдеби жүлдесінің бас ақпараттық серіктесі «Русское радио».

Орыстілділер Назарбаевтың кеткенін қаламайды

Источник: Матрица.kz Дата: 13 февраля 2017 в 17:03

«Стратегия» саяси және әлеуметтік зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуова ел ішіндегі қазіргі жағдайға баға беріпті. Еуразияшылдар, ұлтшылдар, ел ішіндегі 10 үрей және орыстілділердің Назарбаевты не себепті қолдайтынын айтып беріпті.Халық биліктің ауысуынан қорқадыҚазақстандықтардың үрейін ұшырады деген 10 қауіптің ішінде осы тұр.

Еліміздің діни басқармасы құлпытасқа сурет салуға қатаң тыйым салды

Источник: Матрица.kz Дата: 13 февраля 2017 в 16:33

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің XIV мәжілісінде мешіт жамағаттары мен жекелей азаматтардан келіп түскен сұрақтар мен өтініштерге байланысты мұсылман зиратының қағидалары мен талаптары бекітті деп хабарлайды NUR.KZ.Қабылданған қағидалар мен талаптар мәтінінде қабірді қоршау, қабір үстіне құрылыс нысандарын салу, қабір басына белгі тас қою, оның айналасын тазалау, түзету, т.б. мәселелер қамтылған.«Мұсылман зиратының қағидалары мен талаптары» деп аталатын құжат мәтінінде: «Қабір тапталып, аяқасты болмауы үшін қоғамдық зиратты тұтас қоршаған абзал.

Соседние файлы в папке 2102172