Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
52
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
94.8 Кб
Скачать

Балқымалы сақтандырғыштардың түрлері

Балқымалы сақтандырғыштар пластинкалы, трубкалы, жиналатын, жиналмайтын және тығынды болып бөлінеді.

  1. Пластинкалы сақтандырғыш П шеттеріне түйісу ұштары бекітілген ашық пластиналардан тұрады. Түйісу ұштары электр тізбегінің сымдарына изоляцияланған отқа шыдамды негізде орнатылған винттерге қосылады.

  2. Түтікшелі сақтандырғыштар ПТ фарфорлы түтікшелі түрінде жасалған . Түтікшенің соңында контактты пышақтар бар, осы түтікшенің ішінде орналасқан балқымалы сұғынды бекітілген.

  3. Сақтандырғыштар өте жақсы дамыған. Бұл сақтандырғыштар жинақталған фибрлі патрондардың шеттерінде латунды қапшықтардан тұрады. Обойманың екі жағында балқымалы сұғынды бекітіп тұрған қалпақтар орнатылған. Сақтандырғыштарды қолдану ыңғайлы, оларды оңай қайта қуаттауға болады.

  4. Жинақталатын және жинақталмайтын сақтандырғыштар ұқсас. Жинақталған сақтандырғыштар фибрлі патронның орнына жіңішке әйнектен немесе фарфордан жасалған патрон болады. Доғаны жақсы сөндіру үшін және сақтандырғышпен балқымалы сұғынды өлшемдерін азайту үшін жинақталмайтын сақтандырғыштарды арнайы ұнтақ тәріздес, жіп тәріздес және дән тәріздес заттармен толтырады. Көбінесе оны толтырушы ретінде кварцты құм ретінде қолданады. Жинақталған сақтандырғыштардың ккемшілігі оларды жөндеу цехтарында қуаттайды.

  5. Тығынды сақтандырғыштарды фарфорлы корпус жарықтау және қуатты күшті сызықтарды қорғау үшін қолданылады. Бұл сақтандырғыштар негізгі шешіллетін корпус және бастан тұрады.

Кернеуі 1000 вольтқа дейінгі электр құрылғыларда қолданылатын сақтандырғыштар.

Балқымалы сұғындының құрылысына байланысты сақтандырғыштарды жинақталатын етіп, қолдану орнында балқымалы сұғынды ауыстырылатын және жинақталмайтын етіп балқымалы сұғынды ұстағышымен бірге ауыстырылатын етіп жасалады. Формасы бойынша корпустар цилиндрлі,призмалы, балқымалы сұғынды тікбұрышты параллепипед түрінде болады.

призмалық , тікбұрышты балқымалы сұғынды параллелепипед; балқымалы сұғынды толықтырғыш және толықтырғышсыз; балқымалы сұғындының түйіспелі түрі бойынша - түйіспе негізінің пышақ тәрізді немесе шабылған түйістірмесі, болттық түйіспені комплекстік құрылғыға қосу үшін және т.б. (2 сурет)

Құмдық толықтырғышы және форфорлық корпусы бар ПН-2 сериялы сақтандырғыштың өте жоғары өшіргіш қабілеті бар. Оларды 40-тан 600А-ге, 660В кернеуге дейін дайындайды.

Сақтандырғыштың ауыстыру бөлігі болып, балқымалы элементтен тұратын потроннан, корпустан, толықтырғыш түйісулерден тұрады.

ПР-2 сериалы сақтандырғыш фибралық корпусқа және 6-1000А дейінгі мырышты балқымалы элементке ие. Оларды 660В кернеуде орнатады. Балқымалы сұғындыны эксплуатация орнында, арнайы құрылғысыз ауыстыруға болады.

ПР-2 ПН-2-ге қарағанда, доғаны өнімді өшіруді қамтамасыз ету үшін, толықтырғыштың жоқтығына байланысты үлкен өлшемге ие.

2 сурет

Бұранданы сақтандырғыш ПДС керамикалық негізінен тұрады, соған балқымалы сұғынды орнатылады, сақтандырғыштың негізігі басына бұрандалы ұсталынады.

Бұл сақтандырғыштар іске асырылған бағыт көрсеткіші. Бұларды 1 ден 600А ток аралығында жібереді және тоқтың қысқа тұйықталуынан құрылғыларды қорғауға қолданады. ПДС – сақтандырғыштарының мақтанышы – кернеу кезінде еретінді бөлшегін ауыстыру мүмкіндігі. Оларды тікелей бұрап бекітіп шинаға орналастырады.

Пластмассалық корпустағы ПРС сериалы бұрандалоы сақтандыруға кішігірім жүйеленген құрылғыларды қолданады. Оларды оқшауланған және металлдық панельдерде орналастыруғңа болады. Орналастыру үшін 3 сақтандырғыштан тұратын 3 фазалы блокты қолдану керек.

ПП – 23 және ПП – 24 сериалы сақтандырғыштар 2А-ден 100 А тоқты балқымалы сұғындыларға ие, олар желідегі айнымалы 600 В және тұрақты 400В кенеуге есептелінген.

Ол шетелдік «Сименс» фирмасының сақтандырғыштарын лайықталынған. ПНБ-2 және ПНБ-5 жылдам әсер етуші құрылғылары жартылай өткізгіш құрылғыларының қоғанысына негізделген.

Оның орнына қазіргі таңда ПП-57 және басқа сериалы жылдам әмер етуші сақтандырғыштар шығарылуда.

Ц27ПК-2 сериалы тығындылы бұрандалы сақтандырғыштар тұрмыстық электросымдарға арнап шығарылады.

Сақтандырғышты тек калибрланған балқымалы сұғындылармен қолдану керек. Оларды кернеу жоқ кезде ауыстыру кере. Егер кернеуді алу мүмкіндігі болмаса, онда трубалық және резьбалық сақтандырғыштарды кернеу кезінде ауыстыруға болады, тек өшірілген ток және арнайы қорғаныш ұйымдары(көзілдірік, диэлектрлік қолғап немесе арнайы тістеуіштер).

Биіктікткгі сақтандырғыш ауыстырумен квал 3 топтан жоғары электромонтер, баспалдақпен және қасында көмек керек жағдайда квал 2 топтан төмен емесекінші тұлға көмекші болған жағдайда ғана ауыстыру керек.

Соседние файлы в папке 2102172